| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қызылорда облысының Шиелі кентіндегі балалар бақшасын жөндеуге 10 млн теңгедей қаржы бөледі

25 маусым 2015
Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қызылорда облысының Шиелі кентіндегі балалар бақшасын жөндеуге 10 млн теңгедей қаржы бөледі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Қызылорда облысына жасаған сапарының қорытындысы бойынша Шиелі кентіндегі балабақшаға жөндеу жүргізуді қаржыландыруды «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-не тапсырды. Ұлттық атом компаниясы облыс әкімдігімен әлеуметтік-экономикалық саладағы ынтымақтастық аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 10 миллион теңге көлеміндегі міндеттемені мойнына алады.

«Айналайын» балалар бақшасы 2008 жылы салтанатты жағдайда ашылған болатын.  280 орындық мектепке дейінгі балалар мекемесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компаниясының қаржысына салынған.

Балабақша тәрбиеленушілері қазақ және орыс тілдеріндегі 12 топқа бөліп оқытылады. Сапа стандарттарына толығымен сәйкес келетін мекемеде балдырғандардың рухани, мәдени және физикалық дамуы үшін не қажеттің бәрі қарастырылған: білікті педагогикалық ұжым, спорт секциялары, музыкалық-театр үйірмесі, бассейн және т. б.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру