| (AIX)    USD 39.65   %   -0.23 KZT 18000   %   -0.55

Асқар Жұмағалиев Дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың симпозиумына қатысты

14 қыркүйек 2015
Асқар Жұмағалиев Дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың симпозиумына қатысты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Ұлыбритания астанасында өткен Дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың (World Nuclear Association – WNA) жыл сайынғы симпозиумына қатысты.

Симпозиум шеңберінде Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы шетелдік серіктестермен екі жақты келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Асқар Жұмағалиев «Cameco» президенті Тим Гитцелмен, «AREVA» аға атқарушы вице-президенті Оливье Вноспен, Uranium One президенті Васйлий Константиновпен, тағы басқалармен кездесті. Іскерлік кездесулер барысында тараптар атом энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың сан алуан қырларын сөз етті. Бір айта кетерлігі, Қазатомөнеркәсіп аталмыш компаниялармен ұзақ мерзімді және жемісті қарым-қатынастар орнатқан. 

Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы әріптестерін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, энергетикалық міндеттерді шешудегі өздерінің инновациялық технологияларын ұсынуға шақырды.

Сапар соңында Асқар Жұмағалиев WNA симпозиумы аясында өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған көрмені аралап, атом индустриясындағы кәсіпорындардың экспозицияларымен танысты. Көрмеге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ да өз стендімен қатысты.

WNA мамандандырылған форумы – іскерлік байланыстар орнатуға, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, атом саласының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін ірі коммуникациялық алаң. Іс-шараға әлемнің 30 елінен 600-ден астам адам қатысты, олар – мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ ядролық энергетика саласындағы әлемнің жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері.

Пікір қалдыру