| (AIX)    KZT 18010   %   -0.55 USD 39.74   %   1.3

Асқар Жұмағалиев Маңғыстау облысының әкімімен кездесті

23 қыркүйек 2015
Асқар Жұмағалиев Маңғыстау облысының әкімімен кездесті

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына жасаған сапары аясында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті.

Кездесуде тараптар өзара ынтымақтастық және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС дамыту жайын сөз етті.

Алик Айдарбаев кәсіпорынның облыс үшін маңызы жоғары екенін атап көрсетті. Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев компанияға көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауы үшін аймақ басшысына ризашылығын білдірді.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын аралау барысында атом компаниясының басқарма төрағасы кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларымен кездесіп, еңбек ұжымының сұрақтарына жауап берді және комбинатты дамытуға қатысты бірқатар міндеттерді алға қойды.

Асқар Жұмағалиев сондай-ақ, жылу стансасы, №2 жылу электр орталығы және дистиллят өндіретін зауытпен (тұщыту кешені) танысты.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-дегі ауыз су өндіру технологиясы теңіздің тұзды суын термикалық тұщыту арқылы алынатындығымен ерекшеленеді.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты - Ақтау қаласы және онымен іргелес аудандарды электр энергиясымен, жылумен, техникалық және ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз өндіріс орны.

Пікір қалдыру