TD Securities Roundtable дөңгелек үстеліне қатысты

1 қазан
TD Securities Roundtable дөңгелек үстеліне қатысты

1 қазанда Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов TD Securities Virtual Uranium Roundtable дөңгелек үстелінің веб-трансляциясындағы сұрақтар мен жауаптар сессиясы аясында сөз сөйледі.


Жыл сайынғы дөңгелек үстел барысында әлемдік уран нарығындағы жағдай және Covid-19 пандемиясының уран өндіру мен сатуға әсері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қосылу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту керек.

https://www.veracast.com/webcasts/tds/oct12020/29102103584.cfm

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR және PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, IR және PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Компания 2019 жылы табиғи уран өндірісі бойынша әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынға ие. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады. Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Пікір қалдыру