«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») COVID-19 өршуінің Компанияға әсері туралы осы уақытқа дейін қабылданған шаралар мен бизнес үшін ықтимал болашақ салдарларды қамтыған ақпаратты ұсынады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының таралуын пандемия деп жариялап, Қазақстанда аурудың алғашқы белгілері расталғаннан кейін 2020 жылғы 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл ел бойынша төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеді. 2020 жылдың 16 наурызынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін әрекет ететін Президент Жарлығымен ресми сайтта танысуға болады: https://www.akorda.kz/ru/legal_acts/decrees/o-vvedenii-chrezvychainogo-polozheniya-v-respublike-kazahstan
«Коронавирустың өршуінің өзі – жүздеген мың адам зардап шегетін жаһандық төтенше жағдай, - деді Компанияның Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Вирустың таралуы жалғасып жатқандықтан, оның бизнеске және әлемдік экономикаға әсері де сөзсіз өсе түседі. Осындай күрделі жағдайда қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне Қазатомөнеркәсіп баса мән беретін болады. Біз жағдайға тұрақты мониторинг жасау үшін арнайы комиссия құрып, қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларын қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдадық. Қазіргі уақытта қатаң алдын алу шаралары нәтижесінде қауіптілігі жоғары санатқа жатқызылған кейбір қызметкерлер тобын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырдық, ауысыммен қашықтан жұмыс істеу кестесі енгізілді. Сондай-ақ мүмкіндігінше ел аумағында және одан тысқары сапарларға шығуға, тікелей қарым-қатынастар жасауға шектеу қойылды. Қазірше 2020 жылға арналған өндірістік және сату жоспарларымызды басшылыққа алып отырмыз, бірақ жағдай тез өзгеріп жатқандықтан біз де тиісінше, әр түрлі сценарийлерге дайын болуымыз керек».
Қазатомөнеркәсіптің уран өндіретін кеніштері негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің шалғай жерлерінде орналасқан. Осы кезге дейін пандемия Компанияның уран өндіру немесе оны қайта өңдеу қызметіне ықпал ете қойған жоқ. Алайда, кәсіпорындардың алшақтығы өндірістік, техникалық, қызмет көрсететін және қосалқы қызметтегілердің өндіріс басында қалып, кеніштер мен вахталық кенттерде тұруын талап етеді. Егер аурудың өршуі кеніштерге де жететін болса, негізгі қызметкерлер карантинде болып, жұмыс істей алмаса, онда COVID-19 денсаулық пен қауіпсіздік тұрғысынан күрделі проблема тудыруы мүмкін. Соған байланысты COVID-19 таралуын барынша азайту үшін қабылданған шараларға қосымша ретінде, Компания өндіріс пен жеткізудің түрлі сценарийлерін пайымдап көреді. Қазатомөнеркәсіп адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және осы жаһандық пандемия кезінде өзінің өндірістік активтерін тиісінше басқару үшін қажетті шұғыл іс-әрекеттер қабылдауға дайын. Мұндай іс-қимылдар қабылданар болса, бір немесе бірнеше өндірістік нысанның алдын ала ескертіле тоқтатылуына байланысты өндіру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Жағдай уран өндіруге немесе материалды жеткізуге әсер еткен жағдайда, Қазатомөнеркәсіптің өндірістік шешімдері мен оның келісімшарттық міндеттемелері қордағы өніммен (қоймадағы дайын өніммен) кепілдендіріледі. Компания өз міндеттемелерін орындау мақсатында жеткізу көздерін басқарудың жауапкершілігі мен тәртібін сақтайтын болады. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның дайын өнімдер қалдығы 8,500 тонна астам табиғи уранды құрады, бұл Компанияның 2020 жылғы өндірісінің (қатысу үлесіне барабар) шамамен сегіз айлық көлеміне сәйкес келеді.
Қазатомөнеркәсіп мүдделі тараптарды Компания қызметі үшін СОVID-19-бен байланысты кез келген өзгерістер және/немесе салдарлар туралы хабардар етіп отыратын болады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша мәселелер
Торғын Мукаева, IR и PR департаментінің директорының орынбасары
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.