| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны миллион тонна күкірт қышқылын өндірді

18 наурыз 2015
Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны миллион тонна күкірт қышқылын өндірді

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауыты («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) алғашқы миллион тонна өнімін шығарды. Жоспарлы міндеттерді орындау үшін жұмыла жұмыс жүргізіп, кәсіби шеберліктерін таныта білген ұжым үшін бұл үлкен белес.

Зауыт «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі-индустриалды дамуы» бағдарламасы аясында 2011 жылғы желтоқсанда құрылған болатын. Шикізат ретінде отандық жентек күкіртті пайдаланатын кәсіпорын бүгінде Қорасан-1, Қорасан-2, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарындағы кеніштерде жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіруде негізгі реагент саналатын күкірт қышқылымен Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарын тұрақты қамтамасыз етіп келеді.

«СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы өндірісінде қазіргі заманғы озық әрі тиімді және қоршаған орта үшін қауіпсіз технологияны қолдануы нәтижесінде шикізаттың дайын өнімге айналуы 99,9%-ға дейін жетеді.

Сондай-ақ, зауытта өнім өндірудің қуат үнемдеуші әдістері де кең қолданыс тапқан. Соның арқасында кәсіпорын 18 МВт шамасында электр энергиясын өндіріп, өзін электр энергиясымен толық қамтумен қатар, аудандық электр желісіне де арзан энергия ұсынып отыр.

Зауыт жобалық қуатқа сәйкес жылына 500 000 тонна немесе тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын шығара алады. Жобалық құны 216 млн АҚШ долларына бағаланған кәсіпорында 300-дей адам еңбек етеді.

Пікір қалдыру