Конференц қоңырау 2019 жылдық қаржылық нәтижелері
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.
«Уран нарығындағы белгісіздік 2019 жылы да сақталды, бірақ күрделі жағдайларға қарамастан, Қазатомөнеркәсіп үздік нәтижелерге қол жеткізді, - деп мәлімдеді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Бұл ретте өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы тұрақты көрсеткіштерді сақтау жөніндегі басымдықтар өзгеріссіз қалды».
«Өндіріс көлемі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар аясында жоспарланған деңгеймен салыстырғанда 20%-дық өндіруді қысқартуды ескеретін жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келді. Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі табиғи уранның жеткізушісі мәртебесін сақтап қалды. Қазатомөнеркәсіптің сату көлемі өндіріс көлемінен шамамен 1000 тоннаға асып түскенін атап өткен жөн. Біз келісімшарттардың өскелең қоржыны шеңберінде уранды сатуды жүзеге асыру кезінде клиенттік базамызды айтарлықтай әртараптандыра отырып, жауапты тәсілді ұстандық. Нәтижесінде, уран сегментінен түскен түсім біздің күткенімізден асып түсті. Сонымен қатар Компаниямыз әлемдік уран өндірушілерінің арасында өзіндік құнының ең аз көрсеткіштерімен жетекші позицияларды сақтап қалды. Мәселен, «Ақшалай өзіндік құн» және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар» көрсеткіштері болжамды диапазоннан төмен болды және өткен жылға қарағанда шамамен 20%-ға аз».
«Нәтижесінде біз Стратегиямыздың жүйелі орындалуының арқасында құндылықты құруды жалғастыра отырып, өз міндеттемелерін орындап шықтық. Біз тәртіпті нарықтық тәсілді ұстанамыз, маркетингтік қызметіміз Компанияның жаңа нарықтарға шығуына ықпал етуді жалғастыруда, бұл ретте Компания қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы жоғары стандарттарды ұстана отырып, негізгі қызмет түрі ретінде уран өндіруге назар аударады».
«Өткен жылғы уран нарығындағы белгісіздікке қарамастан, біз атом саласының ұзақ мерзімді іргелі көрсеткіштеріне сенімдіміз. Ірі өндірушілердің өндірістің қысқартуы сақталып отыр, сондай-ақ ядролық-отын циклінің әрбір сегментінде қорлардың азайғаны байқалады. Қазатомөнеркәсіп нарық пен бағаны қалпына келтіру кезінде барлық стейкхолдерлер айтарлықтай пайда мен елеулі табыс табуы үшін бірегей позицияларды алуды жалғастыруда».
Негізгі қаржылық көрсеткіштер
(миллиард теңгемен, егер басқаша көрсетілмеген болса) |
2018 (қайта есептелген) |
2019 |
Ауытқу |
Топтың шоғырландырылған түсімі |
436,6 |
502,3 |
15% |
Операциялық пайда |
77,5 |
151,9 |
96% |
Таза пайда |
424,7 |
213,7 |
(50)% |
Бірлескен операциялар бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс (бір реттік әсер)1 |
- |
17,0 |
- |
Бизнес сатып алу (бір реттік әсер) |
347,5 |
54,6 |
(84%) |
Түзетілген таза пайда |
77,2 |
142,1 |
84% |
Меншік иелеріне жататын акцияға таза пайда (базалық және көбейтілген ) теңге / акция |
1 610,5 |
732,6 |
(55)% |
Түзетілген EBITDA2 көрсеткіші |
141,7 |
248,7 |
76% |
Түзетілген EBITDA3 көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар) |
140,3 |
217,3 |
55% |
Операциялық ақша ағыны |
58,3 |
159,5 |
174% |
3 Түзетілген EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар) бірлескен кәсіпорындар және қауымдасқан компаниялардың таза пайдасындағы үлесін шегере отырып, EBITDA түзетілген көрсеткіші ретінде және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан компаниялардың EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесі (әрбір есепті кезең ішінде оның болмашы әсерге байланысты «Буденовское БК» ЖШС EBITDA-дан басқа), «Әппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан» БК» ЖШС түзетілген көрсеткішіндегі бақылаусыз үлесті шегере отырып және топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде есептеледі.
Қаржылық жай-күйін және қызмет нәтижелерін талдау, шоғырландырылған қаржылық есептілік және минералдық активтер үшін минералдық ресурстар мен кен қорларын бағалау
Қызметтің қаржылық жай-куйі мен нәтижелерін талдау және шоғырландырылған қаржылық есептілік 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған Қазатомөнеркәсіптің 2018 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2019 жылғы қызметінің нәтижелері туралы егжей-тегжейлі түсініктемелер, сондай-ақ 2020 жылға болжал ұсынылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, JORC Кодексінің терминдері мен анықтамаларына сәйкес минералдық ресурстар мен минералдық активтерге арналған кен қорларын бағалауды жариялады. Бұл баспасөз релизін www.kazatomprom.kz сайтындағы «Инвесторлар» бөлімінде қол жетімді осы құжаттармен бірге оқыған жөн.
Назар аударылуы тиіс бизнес құрылымындағы өзгерістер
2019 жылғы Топ қызметінің нәтижелері 2019 жылғы қаржылық жай-күйін және қызмет нәтижелерін талдауда көрсетілгендей, Топ құрылымындағы өзгерістерге байланысты операциялардың елеулі ықпалына ұшырады. Атап айтқанда, 2018 және 2019 жылдары таза пайдаға мынадай факторлар елеулі әсер етті.
2018 жылы:
- Инкай» БК» ЖШС қатысу үлесінің 95 929 млн теңге көлемінде артуы нәтижесіндесі пайда,
- Қаратау» ЖШС мен «Ақбастау» БК қайта сыныптау нәтижесінде бірлескен операциялар ретінде тиісінше 124 632 млн теңге және 92 951 млн теңге сомасында пайда;
- Байкен-U» ЖШС қатысу үлесін арттырудан түскен пайда 33 962 млнтеңгені құрады.
2019 жылы:
- «Хорасан-U» ЖШС қатысу үлесінің 54 649 млн теңге көлемінде артуы нәтижесінде пайда.
Сондай-ақ, 2019 жылы бірлескен операциялар бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан 16,995 млрд теңге мөлшерінде кіріс танылды, ол бір реттік нәтиже болып саналады.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, 2019 жылды 2018 жылмен салыстыруды дәлдігі үшін түзетілген таза пайда көрсетілген.
2018 жылдың желтоқсан айында Топ «Байкен-U» ЖШС-н бақылауға алды. 2018 жылғы 31 желтоқсанда Топ сатып алынған активтер мен міндеттемелерді есепке алу үшін баланстық құнды қолданды. 2019 жылғы маусымда тәуелсіз бағалаушы сатып алынған активтер мен міндеттемелердің әділ құнын бағалауды аяқтады және салыстырмалы ақпарат қайта есептелді. Нақтырақ шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұсынылған.
Түсім, таза пайда, EBITDA көрсеткіштері
Топтың шоғырландырылған түсімі негізінен U3O8 нарықтағы споттық бағасының өсуі мен 2019 жылы АҚШ долларына қатысты теңгені әлсіреуімен, сондай-ақ Топ құрылымының өзгеруімен байланысты, 2018 жылмен салыстырғанда 15%-ға ұлғайып, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 502,3 млрд теңгені құрады. Бұл ұлғаю төменде сипатталғандай, 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы іске асырудың төмен көлемдерімен ішінара төмендеді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 151,9 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 96%- ға артты. Өсім, негізінен, сатудың орташа бағасының өсуіне және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне байланысты. Топ құрылымының өзгеруі Компания, шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен бірлескен операциялар жүргізген меншікті уран үлесінің өсуіне алып келді. Компания өндірген меншікті уранның толық маржасы экспортқа өткізілген уран көлемінде Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде көрсетіледі , бұл пайдаға оң әсер етеді.
2019 таза пайда 213,7 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 50%-ға төмендеді. Алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда төмендеудің едәуір үлесі негізінен екі кезеңдегі транзакциялардың бір жолғы әсерлерімен, атап айтқанда топтың құрамына «Инкай» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» АҚ және «Байкен-U» ЖШС-ны 2018 жылы және «Хорасан-U» ЖШС-ны қосумен байланысты. Осы мәмілелер бойынша бір жолғы нәтиже таза табысты тиісінше 2018 және 2019 жылы 347,5 және 54,6 млрд.теңгеге арттырды. Сондай-ақ, 2019 жылы 17,0 млрд.теңге сомасына бірлескен операциялар бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан кіріс алынды, ол бастапқыда 2018 жылдың қорытындысында ескерілген, нәтижесінде 2019 жылдың таза пайдасына әсер етті. Бұл табыс бірлескен операциялардан 2018 жылғы сатып алынбаған уран көлеміне жатады, ол топ келесі кезеңдерде сатып алуды жоспарламайды, осыған байланысты осы міндеттеме 2019 жылы есептен шығарылды. Осы бір жолғы әсерлерге түзетуді ескере отырып, түзетілген таза пайда 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 84%-ға ұлғайып, 142,1 млрд.теңгені құрады.
Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда 76%-ға ұлғайып, 2019 жылы 248,7 млрд теңгені құрады, ал қатысу үлесіне барабар түзетілген EBITDA көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда 55% - ға ұлғайып, 2019 жылы 217,3 млрд теңгені құрады. Ұлғаю, негізінен, операциялық пайданың өсуіне және топ құрылымының өзгеруіне байланысты.
Операциялық ақша ағындары 2018 жылмен салыстырғанда 174%-ға ұлғайып, негізінен айналым капиталының өзгеруі, U3O8-ге спот бағасының өсуі және 2019 жылы АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуі есебінен 159,5 млрд теңгені құрады.
Сатылған өнімнің өзіндік құны
Сатудың өзіндікқұны 2018 жылмен салыстырғанда 2%-ға төмендеп, 2019 жылы 307 498 млн теңгені құрады, бұл негізінен топ құрылымындағы өзгерістерге және сату көлемінің 2018 жылмен салыстырғанда 4%-ға азаюына байланысты.
Сату бойынша шығыстар
Сату бойынша шығыстар 2018 жылмен салыстырғанда 3%-ға ұлғайып, 2019 жылы 10 827 млн теңгені құрады, бұл негізінен «ҮМЗ» АҚ-ның 2018 жылғы келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес отын таблеткаларын жеткізу үшін комиссияны есептеу, «Инкай» БК» ЖШС-ның уран өнімін жеткізу межелі пунктінің өзгеруі салдарынан шығыстарға байланысты шығыстарын есептеу, сондай-ақ Топ құрылымындағы өзгерістер есебінен болды.
Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)
Топ құрылымындағы өзгерістерге қарамастан, негізінен ЖӘШ төмендеуі 2018 жылы шыққан бір жолғы шығыстардың (Түркістан облысына әлеуметтік жарна және IPO-ға шығуға байланысты шығыстардың) болмауына байланысты.
Тозу мен амортизация 1 611 млн теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 99%-ға жоғары, негізінен, 2018 жылмен салыстырғанда төмен жалдау шығысымен өтелген жаңа кеңсе ғимаратын сатып алуға байланысты.
Борыштық левередж коэффициенттері
Келесі кестеде Компанияның басшылығы 2018 және 2019 жылғы қаржылық тұрақтылығын өлшеу үшін пайдаланатын негізгі коэффициенттер келтірілген:
(миллион теңгемен, егер басқаша көрсетілмеген болса) |
2018 (қайта қаралған) |
2019 |
Ауытқу |
Кредиттер мен қарыздар жиынтығы |
200 169 |
161 358 |
(19)% |
Ақша жиыны |
129 024 |
98 561 |
(24)% |
Таза қарыз |
71 145 |
62 797 |
(12)% |
Түзетілген EBITDA көрсеткіші |
141 670 |
248 719 |
76% |
Таза қарыз / Түзетілген EBITDA көрсеткіші (коэффициент) |
0,50 |
0,25 |
(50)% |
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер басшылық бұрын инвесторларға жеткізген болжамдармен сәйкес келеді.
Өтімділік
Топ операциялық қызметті жүргізу және өз міндеттемелерін мерзімінде өтеу үшін жеткілікті ақша қаражатының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін өтімділікке деген өзінің қажеттіліктерін басқарады.
(миллион теңгемен) |
2018 |
2019 |
Ауытқу |
Ақша қаражаты және оның баламалары |
128 819 |
98 560 |
(23)% |
Қысқа мерзімді депозиттер |
205 |
1 |
(100)% |
Барлық ақша қаражаты |
129 024 |
98 561 |
(24)% |
Ақша қаражаты мен олардың баламалары 2019 және 2018 жылдары тиісінше 98 560 млн теңгені және 128 819 млн теңгені құрады.
Корпоративтік кредиттік желілер Топ үшін қосымша өтімділік көзі болып табылады. Осы желілер шеңберінде қысқа мерзімді кредиттер (12 айға дейін), негізінен ақша қаражаты түсімдерінің мерзіміне байланысты ақша қаражатының тапшылығын уақытша жабу үшін пайдаланылады. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша топтың жалпы қолжетімді жаңартылатын кредиттік желісі 470 миллион АҚШ долларын құрады. 2019 жылдың соңына осы желілерден 145 миллион АҚШ доллары (немесе 31%) тартылып, осылайша қол жетімді сома 325 миллионды құрады.
Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштері
|
2018 |
2019 |
Ауытқу |
|
Өндіріс көлемі U3O8 (100% негізінде) |
тонна |
21 705 |
22 808 |
5% |
Өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне барабар)1 |
тонна |
11 476 |
13 291 |
16% |
Өткізу көлемі U3O8 (шоғырландырылған) |
тонна |
16 647 |
16 044 |
(4)% |
Компанияның сату көлемі қосылған2,3 |
тонна |
15 287 |
14 148 |
(7)% |
Топтың дайын өнімінің қалдықтары (U3O8) |
тонна |
7 892 |
9 906 |
26% |
Компанияның дайын өнімінің қалдықтары (U3O8)4 |
тонна |
7 353 |
8 571 |
17% |
Топтың орташа сату бағасы |
теңге/кг |
21 930 |
26 475 |
21% |
Топтың орташа сату бағасы |
АҚШ долл./фунт |
24,46 |
26,60 |
9% |
Компанияның орташа сату бағасы5 |
АҚШ долл./фунт |
24,37 |
26,89 |
10% |
Орташа апталық спот бағасы |
АҚШ долл./фунт |
24,64 |
25,84 |
5% |
Ай соңындағы орташа спот бағасы6 |
АҚШ долл./фунт |
24,59 |
25,64 |
4% |
6 Ақпарат көзі: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгіленімдерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранға споттық баға белгіленімдерінің орташа мәні болып табылады, себебі контрактілік баға шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.
Уран сегментіндегі қызмет пен сатудың барлық жылдық нәтижелері 2019 жылға арналған болжамдармен сәйкес келеді.
Өндіріс көлемі иелену үлесіне барабар және 100% негізде 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы сәл жоғары болды. Болжанғандай, 2019 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірістің неғұрлым жоғары деңгейіне байланысты ұлғайды. Өндірістің жылдық көлемінің пайыздық ұлғаюындағы айырма иелену үлесіне барабар, сондай-ақ 100% негізде өндірістің әртүрлі деңгейімен және Топтың құрамына кіретін әрбір кәсіпорындағы үлестік қатысудың әртүрлі деңгейімен, сондай-ақ Топтың құрылымындағы өзгерістерге қатысты есептегі өзгерістермен байланысты болды.
2019 жылы U3O8 сатудың шоғырландырылған көлемдері 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы нарықтағы келісімшарттық белсенділіктің неғұрлым төмен деңгейіне және көлемдерді ұлғайтудың емес, ұзақ мерзімді нарықтық құнды құрудың маркетингтік стратегиясына байланысты шамалы төмендеді.
2019 жылы Топ бойынша U3O8 дайын өнімнің шоғырландырылған қоры 9 906 тоннаны құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 26%-ға жоғары. Компания деңгейінде U3O8 дайын өнім қоры 8 571 тоннаны құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Қорлардың көбеюі, негізінен, нарықтық жағдайларға байланысты болды. Нарыққа бағдарланған Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіптің қорлар деңгейі өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес маусымдық, өндіру және сату көлемдеріне байланысты өзгеріп отырады. Қорлар деңгейі 2020 жылы материалды қайтару күнімен 2019 жылы жасалған айырбас мәмілелерінің мерзімдеріне байланысты өсті.
Топтың теңгемен сатудың орташа бағасы 2019 жылы 26 475 теңге/кг (26,60 АҚШ долл/фунт) құрады, бұл АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуі себебінен 2018 жылмен салыстырғанда 21%-ға көп. Компания деңгейіндегі сатудың орташа бағасы ұқсас себептер бойынша да жоғары болды. Компанияның келісімшарттық портфелінің ағымдағы жалпы құны уранның ағымдағы споттық бағасымен тығыз байланысты.
Уран өнімінің ақшалай өзіндік құны және күрделі шығындары
(егер өзгесі көрсетілмесе, миллиард теңгемен) |
|
2018 |
2019 |
Ауытқу |
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне барабар), С1 |
АҚШ долл./фунт |
11,56 |
9,28 |
(20)% |
Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (қатысу үлесіне барабар), AISC |
АҚШ долл./фунт |
15,08 |
11,94 |
(21)% |
Өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (100% негізде)1 |
млрд. теңге |
75,4 |
67,0 |
(11)% |
¹ Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды.
2019 жылы қатысу үлесі (АҚШ долларына баламада) бойынша «Ақшалай өзіндік құн (С1)» және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (AISC)» көрсеткіштері 2018 жылмен салыстырғанда тиісінше 20% және 21%-ға қысқарды. Нәтижелер болжадағыдан едәуір жақсы және 2019 жылға көзделіп, ұсынылған диапазоннан төмен болды (C1 көрсеткіші үшін 11,00 - 12,00 АҚШ долл. және AISC көрсеткіші үшін 15,00 - 16,00 АҚШ долл.). Төмендеу негізінен АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне, Топ құрылымының өзгеруіне және шығындарды оңтайландыру бойынша күш-жігерге байланысты болды. Сондай-ақ, 2018 жылдың ақшалай өзіндікқұнына (С1) Қанжуған, Оңтүстік Мойынқұм, Шығыс Мыңқұдық, Уванас, Оңтүстік және Солтүстік Қарамұрын кен орындарына жататын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Компанияның үстеме шығыстары енгізілді, олар 2018 жылдың қарашасында «Қазатомөнеркәсіп-СаУран» ЖШС мен «КБ-6» ЖШС-ке берілді.
Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде) 2018 жылмен салыстырғанда 11%-ға қысқарып, негізінен кейбір өндіруші кәсіпорындарда өндірісті кеңейту жөніндегі жобаларда ақша қаражатын игеру мерзімдерінің ауысуы және шығындарды оңтайландыру бойынша біздің тұрақты күш-жігеріміз себебінен 67 млрд теңгені құрады.
Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштер
Кәсіпорындардағы өндірістік қызмет еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Тұрақты негізде апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіледі. Компанияда қауіпсіздік мәдениетін алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе деңгейіне дейін жетілдіру және қызметкерлер мен барлық деңгейдегі басшылардың өндірістік қауіпсіздік талаптарын саналы түрде сақтау деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс атқарылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өндірісте денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі белсенді енгізілуде.
Көрсеткіш |
2018 |
2019 |
Ауытқу |
Өнеркәсіптік апаттар 1 |
0 |
0 |
- |
LTIFR (1 млн. адам-сағатқа) 2 |
0,31 |
0,24 |
(23)% |
Қауіпті шарттар бойынша есептілік, қауіпті әрекеттер мен near-miss3 бойынша есептелік |
6 200 |
34 546 |
457% |
Жазатайым оқиғалар саны4 |
12 |
8 |
(33)% |
Өлім жағдайлары |
1 |
1 |
- |
4 Бұл қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге еңбек жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе қызметкердің улануына әкеп соқтыратын, уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілетсіздігіне немесе өліміне әкеп соқтыратын әсері ретінде айқындалады.
2019 жылы өндірістік қауіпсіздік саласында қабылданған шаралар Компания кәсіпорындарында өнеркәсіптік апаттардың (бақыланбайтын жарылыстардың, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың қирауы жоқтығы) алдын алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Компанияда LTIFR көрсеткішінің статистикалық жақсаруы байқалады. Алайда, айтарлықтай күш-жігерге қарамастан, бір жыл ішінде сегіз жазатайым оқиға тіркелді, соның нәтижесінде он адам жарақат алды, олардың бірі өлімге әкеп соқты.
Әртүрлі жазатайым оқиғалар, оның ішінде тайғақ жерде құлау, механизмге іліну кезіндегі жарақаттар, жол-көлік оқиғалары және химиялық күйіктің бір жағдайы орын алды. Өлім оқиғасы түнгі уақытта қозғалыста болған жылжымалы құрал-жабдықтың астына құлап кету салдарынан болған.
Әрбір жазатайым оқиғадан кейін мұқият тексеру жүргізіліп, негізгі себептер сәйкестендірілді, алдын алу шаралары әзірленді және болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін рәсімдер өзгертілді. Алынған сабақтар Холдингтің басқа кәсіпорындарына да көрсетілді.
Компания өзінің барлық уран кеніштерінде қоршаған орта мен радиациялық қауіпсіздік мониторингінің сенімді жүйелерін пайдаланады. 2019 жылы жоспарланған барлық іс-шаралар экологиялық және радиациялық аварияларға жол берместен толық көлемде орындалды. Барлық жұмыстар ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық талаптарға және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілді.
2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БОЛЖАМДЫ КӨРСЕТКІШТЕР
(390 теңге/1 АҚШ долл.бағамымен) |
2020 |
Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі (100% негізде), тонна 1 |
22 750 – 22 800 |
Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар), тонна 2 |
12 800 – 13 300 |
Топтың сату көлемі, тонна3 (шоғырландырылған) |
15 500 – 16 500 |
соның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна 4 |
13 500 – 14 500 |
Топтың жалпы түсімі (қаржылық есептілікке сәйкес)4, млрд. теңге |
490 – 510 |
соның ішінде U3O8 сатудан түсім (Топ бойынша)4, млрд. теңге |
400 – 440 |
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл. / фунт |
$10.00 – $11.00 |
Ақшалай өзіндік құн + өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығыстары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл. / фунт |
$13.50 – $14.50 |
Күрделі шығыстар (100% негізде), млрд. теңге5 |
80 – 90 |
* U3O8 фунтына кг қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екенін ескеріңіз.
2020 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша болжалдар нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес және 2018-2021 жылдар кезеңінде жоспарланған өндіру көлемін 20%-ға қысқарту жөніндегі ниеттерге (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жоспарланған өндіру деңгейімен салыстырғанда) сәйкес сақталады. Қолданыстағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес өндіріс көлемі 2019 жыл деңгейінде қалады және шамамен 22 750-22 800 тонна уранды (100% негізде) және 12 800-13 300 тонна уранды (иелену үлесіне барабар) құрайды деп күтілуде); қысқартусыз, өндіріс көлемі 2020 жылы шамамен 28 500 тонна уран деңгейінде (100%-ға негізде) болжанады.
2020 жылға сату көлемі бойынша болжал да нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес болады және 2019 жылғы көлемдерге ұқсас 13 500 және 14 500 тонна уран арасында ҚАӨ сату көлемі бойынша күтуді қоса алғанда, 15 500-ден 16 500 тонна уран көлемінде Топ деңгейінде болжанады. Өндіріс көлемінен асатын сату негізінен қорлар есебінен, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестермен келісім-шарттар мен келісімдер бойынша ҚАӨ еншілес және тәуелді кәсіпорындары есебінен және өзге үшінші тараптардың есебінен жүзеге асырылады деп күтілуде.
«Ақшалай өзіндік құн» (С1) және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар» (AISC) көрсеткіштері бойынша күтулер сондай-ақ 2019 жылға арналған болжамды деректермен салыстырғанда шамалы төмендеді. Бұл ретте, жыл ішінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 2020 жылғы бюджетте пайдаланылатын АҚШ доллары үшін 390 теңге болжамды бағамына қатысты ауытқуы мүмкін.
Түсім, «Ақшалай өзіндік құн» (С1 пропорционалды негізде) және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар» (С1 пропорционалды негізде + күрделі шығындар, AISC), егер теңгенің долларға айырбастау бағамы 390 теңге / 1 АҚШ долларын құрайтын 2020 жылға арналған бюджеттік көрсеткіштен өзгеше болған жағдайда, жоғарыда келтірілген болжамдардан өзгеше болуы мүмкін.
Компания бұрынғысынша табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) тұрақты деңгейін шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлемінің қатысу үлесіне барабар деңгейде (THK сауда көлемдерін есепке алмағанда) қолдауға бағытталған. Сонымен бірге, Компания үнемі нарық мониторингін жүргізеді және ұзақ мерзімді нарық құнын құру стратегиясына сәйкес, қолайсыз нарықтық жағдайларда Қазатомөнеркәсіп маусымдық жағдайға байланысты және өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес өндіріс және сату көлемдерін оңтайландыру мақсатында кез келген уақыт кезеңінде нысаналы диапазоннан тыс қорлардың деңгейін сақтай алады.
Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама – 2019 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерге шолу (05 наурыз, 2020 жыл)
2020 жылғы 5 наурызда Қазатомөнеркәсіп 2019 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлап отыр. Басталуы 17:00 (AST) / 11:00 (GMT) / 06:00 (EST). Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «Сұрақ-жауап» сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады ).
Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырау шалуға шақырамыз. Қоңырау шалған кезде:
- Қазақстаннан: +7 (8) 717 269 67 38
- Біріккен Королдіктен: +44 (0) 80 0408 7373
- Америка Құрама Штаттарынан: +1 877 890 2416
- Ресейден: +7 (495) 249 16 84
Қоңырауға қосылу және ағылшын тіліндегі «Сұрақ-жауап» сессиясына тікелей қатысу үшін конференция нөмірін 967065 енгізіңіз, сұрау кезінде 9084 құпия сөзін енгізіңіз.
Сондай-ақ, ескертпені алу үшін қатысушылар алдын ала қоңырау шалуға (тек ағылшын тілінде) сілтеме бойынша тіркеле алады:
https://www.speakservecloud.com/register-for-call/1e586533-5fe7-43f2-8cc4-6a1545e58dd7
Орыс тіліндегі қоңырауға қосылу үшін (тек тыңдау режимінде) 357958 конференция нөмірін енгізіңіз, сұрау кезінде 6326 құпия сөзін енгізіңіз.
Сондай-ақ, ескертпені алу үшін қатысушылар алдын ала қоңырау шалуға (тек орыс тілінде) сілтеме бойынша тіркеле алады:
https://www.speakservecloud.com/register-for-call/538595ff-7c1c-4371-a1e4-642cd5b6df1b
Конференц-қоңыраудың тікелей таралымы (вебкаст) конференц-қоңырау күні, оны өткізгеннен кейін www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (Cory Kos), IR және PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша мәселелер
Торғын Мукаева, IR және PR департаментінің директорының орынбасары
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.