| (AIX)    KZT 18100   %   -0.06 USD 39.74   %   1.3

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы қаржылық нәтижелері

16 наурыз 2021
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы қаржылық нәтижелері

Конференц қоңырау 2020 жылдық қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

«2020 жылдың барлық қиындықтарына қарамастан, Қазатомөнеркәсіп өте жоғары нәтижелер көрсетті, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Біз өзіміздің жоғары экологиялық стандарттарымызды, барлық кәсіпорындарымыздағы қауіпсіздікке ерекше назар аударуды жалғастыра отырып, өзімізге алған міндеттемелерді кезекті рет орындап шықтық, ал кейбір көрсеткіштер бойынша 2020 жылға арналған жоспарларымыздан асып түстік.

Біз өз стратегиямызды ұстандық және оның барлық аспектілері бойынша алға жылжыдық. Екінші тоқсандағы біз қабылдаған пандемия кезінде қызметкерлерді қорғау іс-шараларының нәтижесінде болжамдағыдай, Топ деңгейінде өндіріс көлемi өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеді. Алайда, біздің сату жоспарымызды орындау нәтижесінде кіріс 2019 жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті, бұл ең алдымен спот бағасының аздап өсуіне байланысты болды. Түсімнің өсуі мен өндірістік шығындардың төмендеуі арқасында Компанияның түзетілген жылдық таза пайдасы 40%-ға өсті, ал EBITDA түзетілген көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар) 30%-дан астам өсті.

Біздің жоғары көрсеткіштеріміз және 2020 жылғы аса күрделі жағдайларда клиенттеріміздің мүдделеріне бейілділігіміз Қазатомөнеркәсіптің атом саласы үшін сенімді серіктес және отын жеткізуші ретіндегі мәртебесін нығайтты. Біз уранға деген сұраныс өсе беретініне, нарықтың орта және ұзақ мерзімді перспективада қажетті отынға неғұрлым ұтымды бағаға көшуімен, Қазатомөнеркәсіп өзіндік құны төмен және елеулі ұзақ мерзімді қорлары бар өндіруші ретінде нарықты қалпына келтіру кезінде пайда әкелуге қабілетті бірегей позицияларды сақтайтынына сенімдіміз».

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

(миллиард теңгеде, егер басқасы көрсетілмесе)

2020

2019

Өзгеріс

Топтың шоғырландырылған түсімі

 587,5

 502,3

17%

Операциялық пайда

 223,9

 151,9

47%

Таза пайда

 221,4

 213,7

4%

     Бірлескен кәсіпорынға инвестициялардың шығуынан нәтиже

(бір реттік әсер)1

 22,1

 -

 100%

     Бірлескен операциялар бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс

 (бір реттік әсер)2

 -

 17,0

 -

Бизнесті сатып алу нәтижелері (бір реттік әсер)3

 -

 54,6

 -

Түзетілген таза пайда

 199,3

 142,1

40%

Меншік иелеріне тиесілі акцияға таза пайда (базалық және таратылған) теңге / акция4

708

 733

(3%)

Түзетілген EBITDA көрсеткіші6

 325,7

 248,7

31%

EBITDA көрсеткіші6 (қатысу үлесіне барабар)

 295,5

 217,3

36%

Операциялық ақша ағыны

 161,6

 159,5

1%

1 «Уран байыту орталығы» АҚ-ның бірлескен кәсіпорнына салынған инвестицияларды шығарудың нәтижесі.
2 Бірлескен операциялар (БО) бойынша міндеттемені есептен шығарудан түсетін табыс БО-дан 2018 жылғы сатып алынбаған уран көлеміне жатады, оны Топ әріптестерімен келісім бойынша келесі кезеңдерде сатып алуды жоспарламайды, осыған байланысты 2018 жылы танылған осы міндеттеме 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында есептен шығарылды.
3 2019 жылы Топ «Хорасан-U» БК» ЖШС-тің біріктіруге кірісуінің әділ құны бойынша пайданы көрсетті.
4 Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын, шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінген, ең жақын тұтас теңгеге дейін дөңгелектелген бір жылғы пайда ретінде есептеледі.
5 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі.

6 Бұрын ашылған «EBITDA түзетілген көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар)» ретінде БК және қауымдасқан кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесін шегере отырып, түзетілген EBITDA көрсеткіші ретінде және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың (әрбір есепті кезең ішінде оның болмашы әсеріне байланысты «Буденовское» БК ЖШС EBITDA-ны қоспағанда), «Әппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан» БК» ЖШС бақыланбайтын үлесінің шегеріле отырып, урандық сегментте жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесі ретінде және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде.

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау, шоғырландырылған қаржылық есептілік және минералдық активтер үшін минералдық ресурстар мен кен қорларды бағалау

 

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдауда және шоғырландырылған қаржылық есептілікте 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы егжей-тегжейлі түсіндірмелер, сондай-ақ Компанияның 2021 жылға арналған болжамдары ұсынылған. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ JORC Кодексінің терминдері мен анықтамаларына сәйкес минералдық ресурстар мен минералдық активтерге арналған кен қорларын бағалауды жариялады. Бұл баспасөз релизін www.kazatomprom.kz сайтындағы «Инвесторлар» бөлімінде қолжетімді осы құжаттармен бірге оқу керек.

Бизнес құрылымындағы назарға алынуы тиіс өзгерістер

2020 және 2019 жылдары Топ есепті кезеңдердің нәтижелеріне айтарлықтай әсер еткен бірнеше мәмілелерді аяқтады.

2020 жылы:

  • 2020 жылғы 17 наурызда Топ «ТВЭЛ» АҚ-мен (ТВЭЛ) Қазатомөнеркәсіпке тиесілі «Уран байыту орталығы» АҚ-дағы үлесінің 50%-ын (минус бір акция) осы бірлескен кәсіпорын бойынша серіктесі – ТВЭЛ-ге сату бойынша мәмілені аяқтады. Топ «Уран байыту орталығы» АҚ-ның бір акциясын өзінде қалдырады, ол Топтың ТВЭЛ-мен алдын ала келісілген шарттарға сәйкес уранды байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізу құқығын сақтайды. Мәміле сомасы 6 253 миллион ресей рублін немесе 31 жылғы 2019 желтоқсанда белгіленген бағам бойынша 90 миллион еуроны құрады. Нақты алынған сыйақы 90 миллион еуроны (43 858 миллион теңгеге балама) құрады.

2019 жылы:

  • 2019 жылдың ақпан айында «Хорасан-U» БК» ЖШС қатысушылары бақылау кеңесінде Топқа көпшілік дауыс берген құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді бекітті. Нәтижесінде Топ бақылауға қол жеткізіп, 2019 жылдың 1 наурызынан бастап «Хорасан-U» БК» ЖШС-ті шоғырландыра бастады.

2019 жылы «Хорасан-U» БК» ЖШС сатып алынған активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын бағалау аяқталып, Топ 2019 жылғы кірістер мен шығындар туралы есепте ескерілген 54,6 млрд теңге сомасында кіріс алды.

Топтың еншілес, бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарының, бірлескен операцияларының (БО) және өзге де инвестицияларының жалпы саны 2019 жылғы 42-ден 2020 жылы 39-ға дейін қысқарды.

Түсім, таза пайда, EBITDA көрсеткіші

Топтың шоғырландырылған түсімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 587 457 млн теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 17%-ға артты, бұл негізінен U3O8 спот бағасының өсуіне және 2020 жылы теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуі есебінен болды. Бұл өсім, сондай-ақ 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы өнім өткізудің неғұрлым жоғары көлемдерімен қолдау тапты.

Сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен компанияларда өндірілген меншікті уран үлесінің ұлғаюы себебінен 2020 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 2019 жылмен салыстырғанда 47%-ға ұлғайып, 223 899 млн теңгені құрады. Компания өндірген меншікті уранды сату кезінде сатудың өзіндік құны негізінен өндірістің өзіндік құнынан тұрады және Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде уран өнімінің толық маржасы көрсетіледі.

2020 жылы таза пайда 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға ұлғайып, 221 368 млн теңгені құрады. 2020 жылы «Уран байыту орталығы» АҚ инвестициясынан шығудан 22 063 млн теңге мөлшерінде таза кіріс алынды. Осы бір жолғы әсерге түзетуді ескере отырып, 2020 жылы түзетілген таза пайда 2020 жылы операциялық пайданың өсуіне сәйкес, 2019 жылғы түзетілген таза пайдамен салыстырғанда 40%-ға ұлғайып, 199 305 млн теңгені құрады. 2019 жылы БО бойынша міндеттемені есептен шығарудан 16 995 млн теңге сомасында кіріс алынды, ол бастапқыда 2018 жылдың қорытындыларында ескерілді. Бұл кіріс БО-дан 2018 жылы сатып алынбаған уран көлеміне қатысты болды, оны Топ келесі кезеңдерде сатып алуды жоспарламайды, осыған байланысты осы міндеттеме 2019 жылы есептен шығарылды. Сондай-ақ, 2019 жылы «Хорасан-U» БК» ЖШС Топ құрамына енгізілді, осы мәміле бойынша бір реттік әсер 54 649 млн теңгені құрады.

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 31%-ға ұлғайып, 2020 жылы 325 734 млн теңгені құрады, ал EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне барабар түрде 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға ұлғайып, 295 465 млн теңгені құрады. Өзгерістер негізінен жоғары операциялық пайдаға, сондай-ақ БК мен қауымдасқан кәсіпорындардың EBITDA ұлғаюына байланысты болды.

Операциялық ақша ағындары 2020 жылы 161 593 млн теңгені құрап, 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 159 529 млн теңге мөлшерінде 1%-ға ұлғайды. Бұл шамалы өсу U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне, теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне және жеткізілім кестесінің өзгеруіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты болып, айналым капиталының өзгеруімен ішінара өтелді.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Сатудың өзіндік құны 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға ұлғайып, 2020 жылы 319 624 млн теңгені құрады. Сатылған өнімнің өзіндік құнының өсуі негізінен 2019 жылмен салыстырғанда шикізат пен материалдар құнының 14%-ға қымбаттауы есебінен болып, 2020 жылы 167 546 млн теңгені құрады және шикізат пен материалдарды сатып алу бағаларының, оның ішінде споттық бағалардың ұлғаюы нәтижесінде U3O8 бағасының өсуіне, АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне және U3Oсату көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Өнім өткізу бойынша шығыстар

2020 жылы өнім өткізу бойынша шығыстар 14 352 млн теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 33%-ға артты, бұл негізінен уран өнімін жеткізу межелі пункттерінің өзгеруі және АҚШ долларына қатысты теңге бағамының әлсіреуі салдарынан болды, өйткені жеткізу, тасымалдау және сақтау шығындарының негізгі бөлігі шетел валютасында көрсетілген.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

ЖӘШ-ның төмендеуі негізінен қызметкерлердің орташа санының кемуімен, іссапарлар аздығымен және COVID-19 пандемиясының әсерінен басқа да шығындардың азаюымен байланысты болды.

Өтімділік

Топтың өтімділікке деген қажеттілігі негізінен айналым капиталын қаржыландыруға, күрделі шығындарға, қарызға қызмет көрсетуге және дивидендтер төлеуге қатысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, Топ негізінен айналым капиталын және капиталдың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қаржыландыру үшін операциялық қызметтен ақша ағындарын пайдаланды, оны қажет болған кезде сыртқы қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, болашақта да жүзеге асыру жоспарланған.

Топ қолайсыз шығындардың туындауына жол бермей, өз міндеттемелерін өтеу үшін жеткілікті қажетті ақша қаражатының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін және Топ беделіне қатер төндірмей, өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін өзінің өтімділікке деген қажеттілігін басқарады.

(миллион теңгеде)

2020

 2019

Өзгеріс

Ақша қаражаты және оның баламалары

 113 347

 98 560

15%

Қысқа мерзімді депозиттер

  - 

  1

(100%)

Барлық ақша қаражаты

 113 347

 98 561

15%

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламалары 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 98 560 млн теңгеге қарағанда 113 347 млн теңгені құрады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың ұзақ мерзімді банктік кредиттері жоқ. Ағымдағы банктік кредиттер негізінен қысқа мерзімді кредиттік желілер шеңберінде 12 айға дейінгі мерзімде өтеуге берешекті қамтиды. Жаңартылатын корпоративтік несие желілері Топ үшін өтімділіктің қосымша көзі болып саналады және негізінен ақша қаражатының түсу мерзіміне байланысты ақша қаражатының тапшылығын уақытша жабу үшін пайдаланылады. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың жаңартылатын несие желілері бойынша жалпы лимиті 590 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде 16 миллион АҚШ доллары пайдаланылды (574 миллион АҚШ доллары пайдалануға қолжетімді).

Борыштық леверидж коэффициенттері

Келесі кестеде Компания басшылығы 2020 және 2019 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін пайдаланатын негізгі коэффициенттер келтірілген.

(миллион теңгеде)

2020

2019

Өзгеріс

 Кредиттер мен қарыздар жиынтығы (кепілдіктерді қоспағанда)

 98 572

161 358

(39%)

 Ақша қаражатының барлық балансы

 (113 347)

(98 561)

15%

 Таза қарыз

 (14 775)

62 797

(124%)

 Түзетілген EBITDA көрсеткіші*

 325 734

248 719

31%

Таза қарыз / Түзетілген EBITDA көрсеткіші (коэффициент)

 (0,05)

0,25

(120%)

* Түзетілген EBITDA келесідей есептеледі: салыққа дейінгі пайда – қаржы. табыс + қаржы. шығыстар + / - бағамдық айырма + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру + / - біржолғы және бір реттік оқиғалар.

Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштері

 

 

2020

2019

Өзгеріс

Өндіріс көлемі U3O8 (100% негізінде)

тонна

19 477

22 808

(15%)

Өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне барабар)1

тонна

10 736

13 291

(19%)

Сату көлемі U3O8 (шоғырландырылған)

 

16 432

16 044

2%

    Компанияның сату көлемі қосулы2,3

 

14 126

14 148

(0%)

Топтың дайын өнімінің қалдықтары (U3O8)

тонна

7 537

9 906

(24%)

    Компанияның дайын өнімінің қалдықтары қосулы (U3O8)4

тонна

6 761

8 571

(21%)

Топтың орташа сату бағасы

теңге/кг

31 743

26 475

20%

Топтың орташа сату бағасы

АҚШ дол./фунт

 29,54

 26,60

11%

Компанияның орташа сату бағасы5

АҚШ дол./фунт

 29,63

 26,89

10%

Орташа апталық споттық баға

АҚШ дол./фунт

 29,60

 25,84

15%

Айдың соңындағы орташа споттық баға6

АҚШ дол./фунт

 29,96

 25,64

17%

1 U3O8 өндірісінің көлемі (қатысу үлесіне барабар) Компания мен ТНК сатып алатын уран көлеміне тең емес.
2 Компанияның сату көлемі (топта ескерілген): Компанияның және THK сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер ескерілмейді.
3 Топ бойынша сату көлемі мен ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 2020 жылғы бірінші тоқсанда UF6 уран гексафториді нысанында сатылған шамамен 100,5 тонна уран баламасын және 2019 жылғы төртінші тоқсанда АЭХА ТБУ банкінің атына төмен байытылған UF6 нысанында сатылған уран баламасының шамамен 315 тоннасын қамтымайды.
4 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескерілетін): Компания және THK қалдықтарының жалпы көлемін қамтиды.
5 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ мен THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
6 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгілеулерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранның споттық баға белгілеулерінің орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.

Уран сегментіндегі қызмет пен сатудың барлық жылдық нәтижелері пандемияның әсерін ескере отырып, Компанияның 2020 жылға арналған болжамдарына сәйкес келді.

2020 жылы U3O8 өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда пропорционалды және 100% төмен болды, бұл кен орындарын игеру жұмыстарының төмендеуімен және COVID-19 пандемиясының аясында екінші тоқсанда өндірістегі қызметкерлер санының азаюымен байланысты болды. Әдетте, кен орындарын игеру кезеңінен ЖҰШ әдісімен өндіруге көшу үшін төрт айдан сегіз айға дейін уақыт қажет, осыған байланысты пандемиямен күресу мақсатында 2020 жылдың бірінші жартысында қабылданған қауіпсіздік шаралары 2020 жылдың екінші жартысында өндіруге айтарлықтай әсер етті. Өндіріс көлемінің 100%-ға (-15%) және қатысу үлесіне барабар (-19%) пайыздық төмендеудегі айырмашылық өндірістің әртүрлі деңгейіне және Топтың құрамына кіретін әрбір кәсіпорынға үлестік қатысудың әртүрлі деңгейіне байланысты.

2020 жылы U3O8 шоғырландырылған сату көлемі БК бойынша серіктестердің («Әппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС) пайдасына өткізілген неғұрлым жоғары көлемнің арқасында 2019 жылмен салыстырғанда біршама жоғары болды. 2020 және 2019 жылдардың қорытындысы бойынша Компанияның сату көлемі ұқсас деңгейде сақталды.

Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 2020 жылдың соңында 7 537 тоннаны құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 24%-ға төмен. Компания деңгейінде U3O8 дайын өнімінің қорлары (қалдықтары) 6 761 тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 21%-ға аз. Қорлардың азаюы негізінен U3O8 өндірісінің көлемі 100% негізде де, қатысу үлесіне барабар түрде де төмендеді, ал сату деңгейі өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіптің дайын өнімі қорларының (қалдықтарының) деңгейі маусымдылығына, өндіру және сату көлемдеріне қарай өзгеретін нарықтық жағдайларға сәйкес өзгеріп отырады.

2020 жылы Топтың орташа сату бағасы теңгемен 31 743 теңге/кг (29,54 АҚШ долл./фунт) құрады, бұл уран өніміне орташа спот бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Компания деңгейіндегі сатудың орташа бағасы да ұқсас себептерге байланысты жоғары болды.

Компанияның келісімшарт портфелінің ағымдағы баға белгілеуі уранның ағымдағы споттық бағаларымен өзара тығыз байланысты. Алайда, 2020 жылдың бірінші жартысында сатудың орташа бағасының өсуі уранның споттық нарықтық бағасының өсуінен сәл өзгеше болды, өйткені кейбір жеткізілімдер нарықтық бағаның өсуіне дейін белгіленген бағаларға негізделді, ал кейбіреулері нарықтық баға төмен болған наурыздағы споттық бағалар бойынша индекстелді.

Уран өнімінің ақшалай өзіндік құны және күрделі шығындары

(миллион теңгеде, егер басқа көрсетілмесе)

 

2020

2019

Өзгеріс

C1 ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне барабар)

АҚШ долл./
фунт

 8,67

 9,28

(7%)

AISC ақшалай өзіндік құн+күрделі шығындар (қатысу үлесіне барабар)

АҚШ долл./
фунт

 11,72

 11,94

(2%)

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде)1

 60 947

 66 973

(9%)

¹ Тарату қорлары мен жою шығындарын қамтымайды.

Қатысу үлесі бойынша ақшалай өзіндік құн (С1) және ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (AISC) (АҚШ долларындағы баламасы) қатысу үлесі бойынша 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда тиісінше 7%-ға және 2%-ға азайды. Нәтижелер болжамдағыдан әлдеқайда жақсы болды және 2020 жылға арналған болжамды диапазондардан төмен болды (C1 көрсеткіші үшін 10.00 - 11.00 АҚШ доллары және AISC көрсеткіші үшін 13,00-14,00 АҚШ доллары). Төмендеу негізінен теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты болды.

Өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (100% негізде) COVID-19 пандемиясының таралуын болдырмау үшін 2020 жылдың екінші тоқсанында өндірістегі қызметкерлер санының азаюы себепті кен орындарын игеру бойынша жұмыстар көлемінің қысқаруы салдарынан 2019 жылмен салыстырғанда 9%-ға қысқарып, 61 млрд теңгені құрады.

Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштер

Компания кәсіпорындарында өндірістік қызмет еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қазақстандық және халықаралық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі, оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі кешенді шаралар іске асырылады. Халықаралық стандарттарға (ISO 45001) сәйкес келетін еңбекті қорғау менеджменті мен қауіпсіздік техникасы жүйелері енгізілді. Компанияда барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылар арасында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Компания негізгі мақсаты «нөлдік жарақаттану» мақсатына қол жеткізу болып табылатын Vision Zero тұжырымдамасының «жеті алтын ережесін» басшылыққа алады, ол Компания кәсіпорындары мен олардың мердігер ұйымдарының барлық қызметкерлері қолдануы үшін де міндетті:

  • Көшбасшы болу – шынайы берілгендікті көрсету;
  • Қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау;
  • Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу;
  • Өндірістік қауіпсіздік жүйесін ұдайы жетілдіріп отыру – ұйымның жоғары деңгейіне қол жеткізу;
  • Жұмыс орындарында, жабдықты пайдалану және қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту;
  • Кадрларға инвестициялау – қатысу арқылы ынталандыру.

2020 жылы өндірістік қауіпсіздік саласында қабылданған шаралар Компания кәсіпорындарындағы елеулі өнеркәсіптік апаттардың (бақыланбайтын жарылыстарды, қауіпті заттардың шығарындыларын немесе ғимараттардың қирауын қоса алғанда) алдын алуға мүмкіндік берді. Төмендегі кестеде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2020 жылдың нәтижелері көрсетілген; сегіз жазатайым оқиға тіркелді, нәтижесінде сегіз адам жарақат алды, ал біреуі қызметкердің өліміне әкелді.

Көрсеткіші

2020

2019

Ауытқу

Өнеркәсіптік апаттар 1

-

-

-

LTIFR (1 млн адам-сағатқа) 2

0,25

0,24

4%

Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және near-miss бойынша есептілік

35 529

34 546

3%

Жазатайым оқиғалар саны 3

8

8

-

Өлім жағдайлары

1

1

-

1  Бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың қирауы ретінде анықталады.
2 Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) миллион сағатқа.
3 Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі ретінде айқындалады, оның салдарынан қызметкердің өндірістік жарақаты, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не қайтыс болуына алып келді.

Жазатайым оқиғаларға: химиялық күйіктің үш жағдайы, биіктіктен құлаудың екі жағдайы және тайғақ тегістікте құлаудың бір жағдайы, қозғалатын механизмдердің әсер етуі салдарынан бір жағдай және жол-көлік оқиғасы (ЖКО) нәтижесіндегі бір жағдай жатады. Өлім оқиғасы қызметкердің тепе-теңдікті жоғалтып, биіктіктен құлауы нәтижесінде орын алды.

Әрбір жазатайым оқиғадан кейін мұқият тергеу жүргізіліп, негізгі себептер анықталды, алдын алу шаралары әзірленді және болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін рәсімдер өзгертілді. Тергеудің нәтижелері барлық кәсіпорындар оқиғадан сабақ алып, олардың процестерін тиісті түрде реттей алатындай етіп Топ кәсіпорындарының назарына жеткізілді.

Компания өзінің барлық уран кеніштері мен өндірістік алаңдарында қоршаған орта мен радиациялық қауіпсіздік мониторингінің сенімді жүйелерін пайдаланады. 2020 жылы экологиялық апаттарға жол берілген жоқ. Қалдықтардың, шығарындылардың, төгінділердің пайда болуының белгіленген лимиттерінен асып кету дерегі тіркелген жоқ.

Компаниядағы оқиғалар

«Орталық» ӨК» ЖШС үлесін China General Nuclear компаниясына сату

Үстіміздегі жылғы ақпанда хабарланғандай (2020 жылдың 4-тоқсанындағы қызметтің Операциялық нәтижелерінде), Қазатомөнеркәсіп China General Nuclear Power Corporation және оның еншілес кәсіпорындарымен (CGNPC) Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) өндіру зауытын (Үлбі-ЖБҚ) салу бойынша жұмысты жалғастыруда. Келісімдерге сәйкес, CGNPC жыл сайын 20 жыл ішінде ЖБҚ түрінде жылына 200 тонна уран металының баламасын сатып алуға міндеттенеді (барлығы 4000 тонна уран металының баламасы) және Компания CGN-Mining немесе CGNPC-дің басқа үлестес компаниясына өзінің 100% еншілес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі үлесінің 49%-на дейін нарық жағдайларында сатады.

Ағымдағы сертификаттау және өндірістік жоспарлар шеңберінде, сондай-ақ қосымша кідірістер болмаған жағдайда, 2021 жылдың соңына қарай алғашқы ЖБҚ өндірісі басталады деген болжам бар, ал тапсырыс берушіге ЖБҚ-ның алғашқы сертификатталған партиясын жеткізу 2022 жылға жоспарланған. CGNPC-тің ЖБҚ сатып алу бойынша міндеттемелеріне келетін болсақ, Үлбі-ЖБҚ пен CGNPC Uranium Resources Company Limited арасында ЖБҚ жеткізуге арналған бірінші бесжылдық келісімшарт 2020 жылғы желтоқсанда жасалды, енді оны тиісті құзыретті органдар бекітуі тиіс. «Орталық» ӨК» ЖШС-тің 49% үлесін CGNPC немесе оның үлестес компаниясының пайдасына өткізу жөніндегі келесі мәміле 2021 жылғы 30 маусымға дейін (қажетті корпоративтік және үкіметтік рәсімдерден өткен жағдайда) аяқталмақ.

Орталық Мыңқұдық және Жалпақ кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқықтарының 100%-ын иеленетін «Орталық» ӨК» ЖШС-ті бағалауды (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша JORC стандарттарына сәйкес жиынтық минералдық ресурстар шамамен 38 957 тонна уранды құрайды) төрт ірі халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі орындады. Егер осы мәміле бойынша қажетті мақұлдау алынса, онда мәміле сомасы ол жабылғаннан кейін ашылатын болады. Түскен қаражат Қазатомөнеркәсіптің экологиялық жоғары стандарттарын арттыру жөніндегі жұмысты қоса алғанда, бірқатар мақсаттары үшін, сондай-ақ өндіріс деңгейін ағымдағы деңгейде ұстап тұру және болашақта уранға сұраныстың әлеуетті өсуіне дайындық үшін қажетті қуаттарды алмастыру жөніндегі күрделі жобаларға пайдаланылатын болады. Компания сондай-ақ, осы сегменттің болашақ табыстылығын қолдау мақсатында бериллий мен тантал өндіру бойынша өз бизнесін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отыр.

Мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі үлесінің 51%-ын өзінде сақтап қалады, ал CGNPC немесе оның үлестес компаниясы осы кәсіпорында қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде уран сатып алуды жүзеге асыратын болады.

2021 жылға арналған болжамды көрсеткіштер

(430 теңге / 1 АҚШ долл. бағамы бойынша)

2021

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(100% негізде), тонна 1

22 500 – 22 8002

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(қатысу үлесіне барабар), тонна 3,4

12 550 – 12 8002

Топтың сату көлемі, тонна5 (шоғырландырылған)

15 500 – 16 000

   оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна 6

13 500 – 14 000

Топтың жалпы кірісі 7, млрд теңге

620 – 640

   оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша) 7, млрд теңге 

540 – 560

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл. / фунт 4, *

$9,00 – $10,00

Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл. / фунт 4, *

$12,00 – $13,00

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде), млрд теңге 8

90 – 100

1 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
2 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің болжамымыздан өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): Компанияның қатысу үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушылар бойынша қалған бөлікті қамтымайды. Өндірістің нақты нақты көлемдері конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 2021 жылы жоспарланған China General Nuclear (CGN) компаниясының «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын сатудан түсетін әсерді жоққа шығарады (қажетті мақұлдауларды алған жағдайда).
5 Топтың сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді кәсіпорындарының сатуларын қамтиды.
6 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): ҚАӨ мен KazakAtom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатуларын ғана қамтиды. ҚАӨ мен ТНК арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
7 Болжамды түсім белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уранның бағаларына және теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамына негізделген. Пайдаланылатын бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2020 жылғы түсім айтарлықтай дәрежеде нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығының әсеріне ұшырауы мүмкін.
8 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.
* Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша 2021 жылғы болжамдар нарыққа бағдарланған стратегияға және 2018-2022 жылдар аралығындағы кезеңде өндіріс көлемін 20%-ға (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің жоспарланған деңгейімен салыстырғанда) қысқарту ниетіне сәйкес бұрынғысынша сақталып отыр. 2021 жылы өндіріс көлемі 100% негізде 22 500-ден 22 800 тоннаға дейін уранды және қатысу үлесіне барабар түрде 12 550-ден 12 800 тоннаға дейін уранды құрайды деп болжануда; қысқартуды есепке алмағанда, 2021 жылы өндіріс көлемі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес шамамен 28 000 тонна уран (100% негізде) деңгейінде болжануда.

Сату көлемі бойынша 2021 жылға арналған болжамдар да нарыққа бағытталған стратегияға сәйкес келеді. Топ Компанияның сату көлемі бойынша 13 500 - 14 000 тонна уран диапазонындағы болжамды қоса алғанда, 2020 жылғы көлемге ұқсас, 15 500-ден 16 000 тонна уранға дейінгі деңгейдегі сату көлемін болжайды. Өндіріс көлемінен асатын сатулар негізінен қорлар есебінен, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестермен жасалған келісімшарттар мен келісімдер бойынша Компанияның еншілес және тәуелді кәсіпорындары есебінен және өзге үшінші тараптар есебінен жүзеге асырылады деп болжануда.

Түсім, сондай-ақ С1 «ақшалай өзіндік құн» (қатысу үлесі бойынша) және AISC «ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар) көрсеткіштері, егер теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы 2021 жылға арналған 430 теңге / 1 АҚШ долларын құрайтын бюджеттік көрсеткіштен өзгеше болған жағдайда, жоғарыда келтірілген болжамдардан ерекшеленуі мүмкін.

Компания табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейін қатысу үлесіне барабар жылдық өндірістің шамамен алты-жеті айлық көлемі деңгейінде (шамамен 6 500-ден 7 500 тоннаға дейін уран, THK сауда көлемдерін есепке алмағанда) ұстап тұруға ұмтылысын жалғастыруда. Сонымен бірге, Компания тұрақты түрде нарық мониторингін жүзеге асырады және ұзақ мерзімді нарықтық құнды құру стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіп маусымдыққа байланысты және өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес өндіріс және сату көлемдерін оңтайландыру мақсатында кез келген уақыт кезеңінде нысаналы диапазоннан тыс қорлар деңгейін сақтай алады.

2020 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерге шолу конференц-қоңырауын өткізу туралы хабарлама

Қазатомөнеркәсіп 2021 жылғы 16 наурызда жарияланғаннан кейін 2020 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Қоңырау шалу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де / Гринвич уақыты бойынша сағат 10:00-де / Солтүстік Американың шығыс уақыты бойынша сағат 06: 00-де жоспарланған. Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «сұрақ-жауап» сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады).

Ағылшын тіліндегі таныстырылымның тікелей эфиріне қосылу, конференц-қоңыраудың телефон нөмірлерінің егжей-тегжейлерін білу, сондай-ақ «сұрақ-жауап» сессиясына қатысу бойынша нұсқаулар алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/ee811017-e165-4ef0-ac03-9cf909a74dee

Ескертпе: Конференцияның телефон желісі бойынша өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне қосымша, қатысушылар тікелей трансляция бетіндегі «сұрақ қою» батырмасын пайдалана отырып та сұрақтар қоя алады.

Орыс тіліндегі

таныстырылымның тікелей көрсетіліміне қосылу үшін (тек тыңдау үшін қолжетімді), мына сілтеме бойынша өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/758e0eac-54a2-4ce4-a741-97da28370671

Конференц-қоңырау (вебкаст) трансляциясының жазып алынған нұсқасы оны өткізгеннен кейін көп ұзамай www.kazatomprom.kz интернет-ресурсындағы сілтеме бойынша қолжетімді болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR және PR департаментің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру