«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 3-тоқсандағы қаржылық нәтижелері және кейбір корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат

19 қараша 2021
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 3-тоқсандағы қаржылық нәтижелері және кейбір корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) 2021 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз ай үшін аудитордың шолу тексерісімен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады, онымен Компанияның корпоративтік сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://kazatomprom.kz/kz/investors/finansovaya_otchetnost/page-1

Үш және тоғыз ай үшін аралық қаржылық есептілікті жариялау Лондон қор биржасының (LSE) немесе Astana International Exchange (AIX) биржасының Қазатомөнеркәсіпке қолданылатын листингтік талабына жатпайды, алайда Компания қаржылық есептілікті Қазақстан заңнамасының реттеушілік талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) листинг жасалатын облигациялар және ағымдағы кредиттік келісімдер (ковенанттар) бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындау үшін тоқсан сайын жариялауы қажет. Жергілікті реттеуші органдарға қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін мұндай есептілік жария болады, сондықтан бұл Компанияның мерзімді ашылуының бір бөлігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындау Қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін талдауды (OFR) дайындауды талап етпейді.

Инвестициялық қоғамдастыққа ресми мерзімді жария ету шеңберінде 2022 жылы Қазатомөнеркәсіп мыналарды жоспарлап отыр:

  • өндіріс және сату бойынша жылдық болжамды көрсеткіштер ашылатын және/немесе жаңартылатын есепті кезең аяқталғаннан кейін шамамен бір ай өткен соң мүдделі тараптарға қызметтің тоқсан сайынғы операциялық нәтижелерін ұсынуды;
  • жылына екі рет қаржылық нәтижелерді AIX және LSE биржасының реттеушілік талаптарында айқындалған мерзімдерге сәйкес қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін (OFR) талдай отырып, жылдық аудиттелген және жарты жылдық аудиттелмеген қаржылық есептілік түрінде ұсынуды.

Компания 2021 жылдың 4-тоқсанындағы операциялық нәтижелерді 2022 жылғы 1 ақпанда және 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын 2021 жылдың аудиттелген қаржылық есептілігін Қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін талдаумен (OFR) бірге 2022 жылдың наурыз айының ортасында жариялауды жоспарлап отыр.

Компания оқиғалары

«Буденовское» БК-ның табиғи уран өндіру келісімшарты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі  «Буденовское» БК» ЖШС-тің (бұдан әрі – «Буденовское» БК немесе «БК») Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Энергетика министрлігі) қаралуына және бекітілуіне ұсынылатын кен орнын игеру жобасын мақұлдады. Ол бекітілген жағдайда «Буденовское» БК жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға арналған келісім Энергетика министрлігіне қол қою үшін жіберілетін болады. Ұсынылып отырған жоспар 2021 жылдан бастап 2045 жылға дейінгі 25 жылдық кезеңді қамтып, тәжірибелік-өнеркісіптік өндірудің ағымдағы кезеңін және Буденовское кен орнының 6 және 7-учаскелерін одан әрі өнеркәсіптік өндіруін, ал өндірудің көлемін 2024 жылдан ерте емес 2 500 тоннаға дейін ұлғайтуды және ең жоғары ықтимал жылдық өндірістік қуатты 2026 жылдан ерте емес 6 000 тоннаға дейін арттыруды көздейді. Пайдалануға берудің нақты мерзімдері мен өндірудің болашақ жылдық көлемдері жыл сайын қаралуға жатады, ал өндірістің нақты көлемдері Қазатомөнеркәсіп жүргізетін нарықтық жағдайды талдауға байланысты өзгертілуі мүмкін. БК бойынша серіктестердің жазбаша келісімдеріне сәйкес «Буденовское» БК өндірісінің 2024 жылдан бастап 2026 жылға дейінгі барлық күтілетін көлемі оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық жағдайларда ресейлік азаматтық атом энергетикалық өнеркәсібін шикізаттық қамтамасыз ету үшін толығымен резервтелген. «Буденовское» БК 2016 жылы құрылған, қатысушылары – 51% үлесі бар Қазатомөнеркәсіп пен 49%-ын иеленген «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС.  

«Буденовское кен орнының 6 және 7-учаскелерін барлау бағдарламасы өнеркәсіптік өндіруге рұқсат алу сатысына көшеді, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов. - Ағымдағы онжылдық ішінде және одан әрі уранға деген сұраныс және ядролық энергетиканы жалпы қолдау тенденциясының өсуі жалғасуда және бұл жерде біздің көзқарасымыз бастапқы өндіріс пен екінші жетікізілім көздері төмендей бастайды және 2030 жылға қарай ядролық саланың қажеттіліктерінен едәуір төмен болады деген үшінші тараптардың болжамдарымен сәйкес келеді. Аяғында теңгерімді және сау нарықты сақтау үшін бастапқы өндірістік қуаттылықтың көбірек болу қажеттілігі айқындалуда.

Басқа өндірушілер және әлеуетті өндірушілерге сияқты болашақ міндеттемелерді орындау үшін активтерімізді дайындауға бізге де уақыт талап етіледі және «Буденовское» БК-да өндіруді жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттар алу процесінің басталуы Қазатомөнеркәсіпке ұзақ мерзімді нарықтық сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігін береді. Біз өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызды – өзіндік құнымыздың төмендігін сақтай отырып, уран нарығында сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қол жеткізуді және ұзақ мерзімді нарықтық құндылықты құру стратегиясын бұрынғысынша ұстанамыз. «Буденовское» БК өндірісінің қосымша көлемі Қазатомөнеркәсіптің осы негізгі бәсекелестік артықшылығын сақтауға және болашақта инфляциялық қысымның әсерін түзетуге көмектеседі деп күтілуде».

2018 жылғы IPO поспектісіне енгізілген «Қазақстан Республикасының «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның «Минералдық активтер мен қорлар бойынша құзыретті тұлғалардың  есебіне» сәйкес Буденовское кен орнының 6 және 7-учаскелері барлаудың соңғы сатысында бола тұрып, Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануға алты жылға дейінгі мерзімге берген келісімшарт бойынша 2021 жылы аяқталады. Перспективалы объектілердегі барлау сатысы аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдалану құқықтарын мемлекетке қайтару туралы немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану мен өнеркәсіптік өндіруді бастау туралы шешім қабылдануы қажет. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 3-тоқсандағы қызметтінің операциялық нәтижелерінде «Буденовское» БК 2020 жылғы қазанда тәжірибелік-өнеркісіптік өндіру құқығын көздейтін өндіруге тиісті келісімшарт алды (жалпы өндіріс көлемі шамамен 321 тонна уранды құрап, төрт жылдан аспайтын мерзімге берілген).

Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарға толықтырулар енгізуге өтінім беру процесі БК және Энергетика министрлігі тұлғасындағы құзыретті орган арасындағы келіссөздерді қамтиды. Мұндай келіссөздер ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін және «Буденовское» БК үшін өнеркәсіптік өндіруге көшуге өтінім беру тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі аяқталғанға дейін жүгезе асырылуы тиіс келесі қажетті қадам болып табылады.

«Буденовское» БК Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Буденовское кен орнының 6 және 7- учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие, олардың ауданы лицензияға сәйкес шамамен 151 шаршы км құрайды. Бұл учаскелер Компанияның өндірістің ең төменгі өзіндік құны бар шикізат көздерінің қатарында болады деп болжанған. Екі учаскедегі жиынтық минералдық ресурстар орташа құрамы 0,072% - ға жуық 122,1 млн тонна уран кенін құрайды, анықталған жиынтық минералдық ресурстар шамамен 88,1 мың тонна уран (100% негізде) құрап, бұл Қазатомөнеркәсіптің 749,5 мың тонна уран құрайтын жиынтық кен қорларының (100% негізде) 11,7%  мөлшерін құрайды. Толығырақ ақпарат Компанияның интернет-ресурсында қолжетімді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның минералдық ресурстар мен минералдық активтерге арналған кен қорларын 2020 жылғы 31 желтоқсандағы бағалау» есебінде.

«Буденовское» БК үшін әлеуетті өндірістік келісімшарт туралы мәліметтерді қамтитын құзыретті тұлғаның есебі 2022 жылы қолжетімді болады деп күтілуде.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

«Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС туралы (СТХК)

СТХК 1964 жылы құрылған Целинный тау-кен-химия комбинатынан қайта құрылып, 2004 жылдың қыркүйегінде тіркелді. Компанияның қызметі мыс-молибден рудасын және флотациялық концентратты, сондай-ақ уран оксиді концентратын өндіруді қамтиды. СТХК Қазатомөнеркәсіптің кейбір кеніштері үшін өңдеудің соңғы сатыларын жүзеге асырып, ( «Семізбай-U» ЖШС, «Заречное» БК» АҚ және «Хорасан-U» БК» ЖШС тиесілі кейбір кен орындары), Ақмола және Қазақстанның солтүстік облыстарынан 1 121 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етеді (оның 573-і уран өндірумен айналысады).

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру