| (AIX)    USD 39.65   %0      KZT 18000   %0     

Қазатомөнеркәсіптің Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Қазақстандағы CFO үздіктерінің бірі атанды

11 наурыз 2019
Қазатомөнеркәсіптің Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Қазақстандағы CFO үздіктерінің бірі атанды

2019 жылғы 1 наурызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры, Басқарма мүшесі Мейіржан Юсупов CFO Summit нұсқасы бойынша 2019 жылғы CFO (Chief Financial Officer) үздіктерінің бірі деп танылды.

Қаржы директорларының Саммиті соңғы 6 жыл көлемінде жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – 2011 жылы Қазақстандағы ірі Сентрас қаржы холдингі мен Young Presidents' Organization қазақстандық тармағының қатысуымен құрылған Kazakhstan Growth Forum. 2019 жылы Саммит саланың жетекші сарапшыларының экономикалық трендтер, Стратегиялық перспективалар, Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесіндегі өсу факторлары мен өзгерістер бойынша пікір алмасуға арналған алаңға айналды.

Саммит соңында форум ұйымдастырушылары дәстүрлі түрде бес қаржы басшыларының, соның ішінде Мейіржан Юсуповтың Қазақстандағы ең үздік CFO-ның бірі ретіндегі жетістіктерін атап өтті.

Пікір қалдыру