| (AIX)    KZT 18175   %   0.97 USD 40   %   0.88

«Көшбасшылар мектебі-2016» ашылғаны туралы ақпараттық хабарлама

15 наурыз 2016
«Көшбасшылар мектебі-2016» ашылғаны туралы ақпараттық хабарлама

14 наурыз күні Алматы облысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның алғашқы «Көшбасшылар мектебі-2016» өз жұмысын бастады.

Мектеп ұлттық атом компаниясындағы басқару дағдыларын жақсарту, шамшыл міндеттерді орындауға және трансформациялаудың қозғаушы күші болуға қабілетті жаңа тұрпаттағы көшбасшылар әзірлеуді мақсат еткен. Холдинг кәсіпорындарындағы кадрлық қордың өкілдері, орта және бастапқы буын менеджерлері қатысатын іс-шараны Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік университеті – «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС ұйымдастыруда.

Көшбасшылар мектебі аясында қатысушылар жетекшілік қасиеттерін жетілдіріп, одан әрі дамытатын, үздіксіз жақсарту жүйесін (Кайдзен тұжырымдамасы) үйренетін, бизнес-үдерістерді басқару, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнын төмендетіп, сапасын арттыру бойынша білімдер мен дағдыларды меңгеретін болады.

17 наурыз күнгі Мектептің жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар беріліп, жеңімпаз командаға естелік сыйлықтар мен «Көшбасшылар мектебі-2016»-ның кубогі тапсырылады.

Атом саласындағы жас та үмітті мамандардың біліктілігін арттыру үшін Қазақстанның ядролық университеті «Көшбасшылар мектебі»-мен қатар әр жылы «Жас мамандар мектебін» де өткізіп тұрады.

Пікір қалдыру