| (AIX)    USD 38.07   %   0 KZT 18485   %   0.98

Ақпараттық хабарлама

28 қазан 2019
Ақпараттық хабарлама

Бүгін БАҚ-та Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында 240 килограммнан астам радиоактивті затты заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілгені туралы ақпарат жарияланды.

Уәкілетті органдардың алдын ала берген мәліметтері бойынша, радиоактивті затты қаскүнемдер ванадий кенін өндіретін кәсіпорындардың бірінен ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатқандықтан өзге мәліметтер жария етілмейді.

Осы хабарлама арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп) мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары ванадий кенін игеруге қатыспайтынын мәлімдейміз.

Сонымен қатар, аталмыш оқиғаға байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзіне қарасты барлық кәсіпорындардағы қауіпсіздік жүйесіне қосымша мониторинг жүргізуде.

Қазатомөнеркәсіп радиоактивті материалдардың шығу тегін сәйкестендіруде тергеу органдарына қажетті көмек көрсетуге, тексеруге жәрдемдесуге және қосымша ақпараттар туындаған жағдайда олармен бөлісуге дайын.

 

Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті

Пікір қалдыру