| (AIX)    USD 40   %   0.88 KZT 18175   %   0.97

«Энергия, су және химия» IV халықаралық инновациялық мектебі

1 қазан 2015
«Энергия, су және химия» IV  халықаралық инновациялық мектебі

29-30 қыркүйек күндері Астанада «Энергия, су және химия» халықаралық инновациялық мектебі болып өтті. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, студенттер, түрлі мемлекеттік ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар жаңғырмалы және ядролық энергетиканы, қуат үнемдеуші және инновациялық технологияларды, сондай-ақ химиялық және су жобаларын дамытудың болашағын талқылады.

– Инновациялық мектеп ақпаратқа өте бай, жас мамандар үшін де, профессорлар үшін де өте пайдалы. Ол пікірлер алмасуға, әлемдік аренадағы инновацияларды әзірлеу мен енгізудің үлкен тәжірибесі мен білімін меңгеруге мүмкіндік береді, - деді АҚШ энергетика министрлігінің Ливермол ұлттық зертханасы директорының көмекшісі әрі кеңесшісі Чой Жорж-Шан.

Іс-шара аясында «Атом энергиясы – радиофобияға қарсы инновациялар» дөңгелек үстелі өткізілді. «Қазақстан ядролық қоғамы» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Жданова радиофобияны жеңуде және атом өнеркәсібі туралы түрлі мифтерді жоюда ақпараттық-коммуникациялық жұмыстардың маңызды рөліне тоқталды.

Сондай-ақ, Инновациялық мектеп қатысушылары «Astana Solar» фотоэлектрлі модульдер зауытымен және DC-60 ауыр иондар жылдамдатқышы базасындағы ғылыми-зерттеу кешенімен танысты.

Пікір қалдыру