Иордания Хашимиттік Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен Әл-Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) мемлекеттік уран өндіру компаниясы «Иорданияның Орталық уран жобасын» іске асырудың негізгі қағидаттары туралы Келісімге қол қойды.
Келісімнің мақсаты – тараптардың ниеттерін ресми түрде бекіту және аталған жобаны жүзеге асырудың негізгі шарттарын айқындау. Құжат Қазақстан мен Иордания арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің әлемдік уран саласындағы позицияларын кеңейтуге бағытталған.
«JUMCO компаниясымен осы маңызды бастама аясында күш біріктіргенімізге қуаныштымыз. Біздің серіктестігіміз Иорданияның бірегей ресурс базасын Қазақстанның уран өндіру саласындағы тұрақты әрі тиімді тәжірибесімен ұштастыруға мүмкіндік береді. Біз Орталық Иорданиядағы жобаны зерттеу мүмкіндігін асыға күтеміз. Бұл келісім атом саласындағы ұтымды халықаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналуы мүмкін», — деді Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
«Бұл Келісім Иорданияның ядролық отын циклі саласы үшін маңызды жетістік. Әлемдегі жетекші уран өндірушімен әріптестік орнату Иорданияның уран ресурстарын халықаралық заманауи тәжірибеге сай игеруге, сол арқылы ұлттық экономикаға үлес қосуға жол ашады», — деп атап өтті JUMCO директорлар кеңесінің төрағасы, доктор Халед Тукан.
«Көптеген кездесулер мен өзара сапарлардың нәтижесінде қол қойылған бүгінгі келісім Иордания мен JUMCO үшін тарихи кезең болып табылады. Біз бұл серіктестік Иорданияның уран ресурстарын орнықты дамытуға негіз болады деп сенеміз. Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастық озық технологияларды енгізуге, жұмыс орындарын ашуға және білім алмасуға жол ашады. Бұл Иорданияға алдағы ондаған жылдар бойы пайда әкелетіні сөзсіз», — деді JUMCO Бас директоры Мұхаммед Әл-Шаннаг.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесін www.kazatomprom.kz мекенжайы бойынша алуға болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп - 2024 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 21% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен бақылау құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп - Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері - Атом генераторларының операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Азия, Еуропа және Солтүстік Америка. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom AG (THK) арқылы сатады.
Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер - болашаққа қатысты мәлімдемелер. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар мәлімдемелер қолданылуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ, ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамдарындағы өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.