| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

Қазатомөнеркәсіп Қытай арқылы Солтүстік Америкаға уран жеткізеді

2 қыркүйек 2015
Қазатомөнеркәсіп Қытай арқылы Солтүстік Америкаға уран жеткізеді

2015 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CNEIC (China Nuclear Energy Industry Corporation – Қытай ядролық-энергетикалық өнеркәсіп корпорациясы) президенті Лю Чшун Шэн Қытайда табиғи уран концентраттарын уақытша сақтау және Солтүстік Америкаға тасымалдау қызметтерін сатып алу туралы Келісімге қол қойды.

Келісім-шартта тауарды уақытша сақтау мен ҚХР аумағы арқылы АҚШ пен Канаданың батыс порттарына транзитті тасымалдау қарастырылған. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы Қазатомөнеркәсіптің уран өнімдерін әлемдік нарыққа шығару бағытын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

ҚХР-на сапары барысында ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы (CNNC) Бас директоры Цянь Чжиминьмен кездесті. Тараптар атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CNNC көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесіне ие. Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы – толық ядролық отын циклына ие ірі компаниялардың бірі. CNNC тобындағы 110 еншілес кәсіпорында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Корпорация жиынтық қуаты 9800 МВт-қа тең 12 энергетикалық блокқа ие 6 АЭС пайдалануда.

CNNC-нің еншілес кәсіпорны саналатын CNEIC ядролық отын циклы өнімдерінің импорт және экспортымен шұғылданады.

Пікір қалдыру