| (AIX)    USD 39.74   %   1.3 KZT 18065   %   -0.25

Қазатомөнеркәсіп пен EDF табиғи уран жеткізіп беруге келісім-шарт жасасты

6 қараша 2015
Қазатомөнеркәсіп пен EDF табиғи уран жеткізіп беруге  келісім-шарт жасасты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен «Électricité de France» (EDF) француздық АЭС операторы үшін қазақстандық уран жеткізіп беру шартын бекітті. Бұл келісім 10 жыл бұрын басталған ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастардың жалғасындай болды.

Ынтымақтастық туралы коммерциялық келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары шеңберінде қол қойылды. Қол қою рәсіміне Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев қатысты.

Шартқа сәйкес, Қазақстанның ұлттық атом компаниясы 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта EDF-ке 4500 тонна табиғи уран концентратын жеткізіп беруді жоспарланған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін EDF - еуропалық нарықтағы стратегиялық маңызды серіктес.

«Électricité de France» компаниясы әлемдегі атом электр станцияларының ірі операторы саналады.

Сондай-ақ, сапар аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «AREVA» компаниясының бас атқарушы директоры Филипп Кношемен де кездесті. Тараптар атом саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

 

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру