| (AIX)    USD 39.63   %   -0.28 KZT 18075   %   -0.14

Қазатомөнеркәсіп пен ҚазҰЗТУ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

28 қараша 2016
Қазатомөнеркәсіп пен ҚазҰЗТУ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атом және балама энергетика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на кадрлар дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Құжатқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен «ҚазҰЗТУ» КАҚ ректоры Ескендір Бейсембетов қолдарын қойды.

Аталмыш Келісім аясында жүргізілетін уран және сирек жер металдар өндірісі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер геологиялық барлау және өндіру, метрологиялық қамтамасыз ету, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік, ЯОЦ, жаңа технологияларды коммерциализациялау жұмыстарын жетілдіруге едәуір үлес қоспақ.

Кездесу қорытындысы бойынша, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев компанияға техникалық мамандықтар, әсіресе тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар, кен орнын барлау, ЯОЦ саласындағы мамандарға әрқашан сұраныс болатынын айтты. Компания басшысы Қазатомөнеркәсіпте білікті мамандар үшін тамаша еңбек жағдайы жасалғанын да атап көрсетті.

Пікір қалдыру