| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

Қазатомөнеркәсіп 2017 жылы ашық конкурс жолымен төрт активін өткізуді жоспарлап отыр

28 сәуiр 2017
Қазатомөнеркәсіп 2017 жылы ашық конкурс жолымен  төрт активін өткізуді жоспарлап отыр

«Трансформация бағдарламасы аясындағы жекешелендіру мәселесінде біз мәреге жақындап қалдық. Төрт активіміз қалды, соларды биыл өткізіп, бар назарымызды уран бизнесі мен атом энергетикасына аударуды жоспарлап отырмыз». Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Инвестор күнінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы мәлімдеді.

Инвестор күнін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жекешелендіру бағдарламасының ағымдағы ахуалы жайлы әңгімелеп, Қор активтерінің кейбірін инвесторларға ұсыну.

Ұлттық атом компаниясының басшысы айтқандай, қос кезеңнен тұратын ашық конкурс жолымен үстіміздегі жылы каустикалық сода өндіретін «Каустик» АҚ, сондай-ақ күн активтері аталып кеткен, металлургиялық кремний, фотоэлектрлі ұяшықтар мен фотоэлектрлік модульдер шығаратын «KazSilicon» металлургиялық комбинаты, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «Astana Solar» ЖШС жекешелендірілетін болады. Бұлар – компания үшін бейінді емес активтер.

«Күн активтеріне Қазақстан аумағында өндірілген фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станциялары үшін 34,61 теңге/кВтс тарифімен жиынтық қуаты 250 МВт-тық квота бөлу түріндегі мемлекеттік қолдау қарастырылған. Ал, «Каустикке» келер болсақ, Қазатомөнеркәсіп каустикалық соданың негізгі тұтынушыларының бірі болғандықтан, кәсіпорын сатылғаннан кейін компания ынтымақтастықты жалғастыруға және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауды қарауға дайын», - деді Асқар Жұмағалиев.

Бүгінде 11 бірлескен кәсіпорынға қатысатын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жапония, Канада, Франция, Қытай және Ресейдің жетекші уран өндіруші компанияларымен табысты ынтымақтастық орнатқан. 2016 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан уран өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы орнын сақтап қалды, ал Қазатомөнеркәсіптің таза табысы алғаш рет 108 млрд теңгеге жетті. 2015 жылмен салыстырғанда Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқару рейтингі 78%-дан 82,6%-ға өсті.

Пікір қалдыру