| (AIX)    USD 28.58   %0      KZT 13350   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылдың 1-жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелері және 2024 жылға арналған өндірістік жоспарлары

19 тамыз
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылдың 1-жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелері және 2024 жылға арналған өндірістік жоспарлары

2022 ж. 1-ші жартыжылдық нәтижелері Конференц-қоңырау

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп, ҚАӨ немесе Компания) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған жартыжылдық үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады. Компания сонымен қатар 2024 жылға арналған өндірістік стратегиясын және Басқарма құрамындағы өзгерістер жайлы хабарлайды.

«Компания уран нарығының соңғы жылдағы конъюнктурасының едәуір жақсаруына сәйкес 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша күшті қаржылық нәтижелер көрсетті, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры, Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ержан Мұқанов. – 2022 бірінші жартыжылдықтағы 500 миллиард теңгеге жуық түсім 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда екі есе өсті. Түсімнің өсуі, өз кезегінде, операциялық пайданың шамамен 182%-ға ұлғаюына және түзетілген таза пайданың іс жүзінде үш есе – 167,4 миллиард теңгеге дейін өсуіне алып келді. Осы әсерлі нәтижелер өткен жылғы уран нарығындағы ахуалдың едәуір жақсарғанын көрсетеді, сондай-ақ үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында сату көлемінің клиенттердің жеткізуге сұраныстарының ұлғаюына байланысты жоғары болуына негізделген. Операциялық көрсеткіштерге келетін болсақ, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндіріс көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінен төмен болды, бұл 2022 жылы өндіру көлемін өндіруін жүзеге асыру үшін  қажетті 2021 жылы ұңғымаларды игеру мерзіміне әсер еткен жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға байланысты жылдық өндіру жоспарынан сәл артта қалушылықты көрсетті. Бұрын атап өтілгендей, 2022 жылдың соңындағы өндірістің қорытынды көлемінің нысаналы мәндерден төмен болуы мүмкін тәуекелі сақталады, алайда осы күрделіліктерге және кестеден аздаған ағымдағы артта қалушылыққа қарамастан, біз 2022 жылға арналған уран өндіру жөніндегі жоспарымызды ұстанамыз және тәуекелдерді төмендету бойынша жұмысты жалғастырып, жоспарды орындау үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.

Теңдессіз жаһандық экономикалық белгісіздік және 2022 жылдың бірінші жартысындағы елеулі геосаяси оқиғалар тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі жүйелердің өзіндік сынағы болды. Тәуекелдерді басқару жөніндегі Компанияның тәжірибелері бірнеше негізгі салаларда өздерінің сенімділігін көрсетті. Алайда, белгісіздік пен тәуекелдер Компанияның өндірістік және бюджеттік жоспарлау процестерінің күрделенуіне алып келіп, 2022 жылы шешім қабылдау мерзіміне айтарлықтай әсер етті. Компанияның нарықтық сұранысы мен келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес өндіріс көлемін жоспарлаумен қатар, қазіргі жағдайда өсіп келе жатқан инфляциялық қысымды және өндірістік жеткізілім тізбегіндегі ықтимал кідірістерді ескеру қажеттілігі туындады, бұл біздің өндірістік жоспарларымызға да әсер етуі әбден ықтимал. Уран нарығының жақсаруына және қысқа мерзімді нарықтағы белсенділіктің төмендеуі аясында ұзақ мерзімді келісімшарттарға қызығушылықтың өсуіне, сондай-ақ баға белгілеудің айтарлықтай жақсаруына қарамастан, сұраныс пен ұсыныс балансының іргелі жылжуы, біздің ойымызша, көп жағдайда екінші жетікізілім қорларының шексіздігі жайлы қате болжамдарға байланысты, әлі аяқталған жоқ. Бұл Қазатомөнеркәсіп секілді тәртіпті өндірушілерге мүмкіндік туғызады. Осылайша, біздің нарыққа бағытталған стратегиямызға сәйкес және кен орындарын игеру мен өндірудегі қазіргі қиындықтарды ескере отырып, Компания тәртіптілікті ұстануды жалғастырып, өндіріс көлемін шамамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің жоспарланған деңгейімен салыстырғанда 10%-ға қысқартуды жалғастыра отырып, 2023 жылға жоспарланған диапазонмен салыстырғанда 2024 жылы шамамен 2 000 - 3 000 тонна уран өндірудің әлеуетті ұлғаюын жоспарлайды.

Соңғы бірнеше жылда жаһандық көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаттары үшін энергетикалық инфрақұрылымның қоғамдық және экологиялық салдарларын халықаралық деңгейде талқылау, атом энергетикасы үшін оптимистік болжамдар мен уран нарығының конъюнктурасын жақсартуға ықпал ететін ажырамас факторы болды. Бұл мәселелер Ресей-Украина қақтығысы аясында энергетикалық қауіпсіздікке және энергия көздерін әртараптандыруға көбірек көңіл бөлу аясында одан да өзекті бола түсті. Түрлі юрисдикциялар, соның ішінде бұрын ядролық энергетикадан бас тарту туралы шешім қабылдағандар немесе оны кезең-кезеңімен төмендету жоспарын ұстанғандар осы бағыттағы саясатты қайта қарастыруда, ал кейбір жағдайларда атом энергетикасын жаңартылатын энергия көздеріне көшу стратегиясының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастырады. Ядролық энергетиканы қолдаудағы осындай ілгерілеу қазбалы отын өндірісінің қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмауға мүмкіндік беріп қана қоймай, туындаған әлеуметтік тәуекелдер мен энергетикалық қауіпсіздікпен байланысты тәуекелдерді жұмсартуға да көмектеседі.

Қазатомөнеркәсіп өндіріс пен сату мәселелерінде нарықтық тәртіпті сақтауды жалғастыра отырып, Компанияның стейкхолдерлері үшін ұзақ мерзімді құндылықтар құруға деген дәлелденген ниетін бекемдей отырып, ядролық отынға деген өскелең сұраныстан туындаған орташа және ұзақ мерзімді келісімшарттық жаңа цикліне белсенді қатысуды жоспарлап отыр».

Компания оқиғалары

2024 жылға арналған өндірістік жоспарлар

Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның жарияланған Құзыретті тұлғасының 2021 жылғы есебіне ("CPR есеп 2021") сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жалпы жоспарланған 28 691 тонна уран деңгейімен салыстырғанда 2024 жылы өндіріс көлемін шамамен 10% - ға қысқартуды жөніндегі стратегиясын мақұлдады.

2023 жылғы 20% қысқартумен салыстырғанда 2024 жылы өндіруді шамамен 10%-ға қысқарту, бірінші кезекте, Компанияның жаңа, сондай-ақ қазіргі клиенттермен орта және ұзақ мерзімді келісімшарттарды сәтті жасауына байланысты. Компанияның ағымдағы келісімшарттар портфелі 2024 жылғы қосымша көлемдердің нарықтық сұраныспен нығайтылатынына және Қазатомөнеркәсіптің жеткізілімдері бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға бағытталатынына сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Компанияның өндірістік тәртіпке бейілділігі алдағы екі жылға арналған уран нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің ішкі бағасын ғана көрсетіп қоймайды, сондай-ақ жаһандық жеткізілім тізбегіне және белгілі бір түйінді материалдар мен реагенттерге қол жеткімділігінің шектеуліне байланысты ықтимал күрделіліктерге негізделген.

Осы шешімді іске асыру 2024 жылы әлемдік бастапқы уран өндірісінің болжамды көлемінен 3 500 тоннаға дейін уранды алып тастауға әкеледі. 2021 жылғы CPR есебіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 28 691 тонна уран өндірудің жоспарлы деңгейімен салыстырғанда 2024 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі 25 000 – 25 500 тонна уран (100% негізде) деңгейінде күтілуде. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы жылдық өндіріс көлемінің күтілетін өсуі шамалы болғанына қарамастан, әлемдік жеткізу тізбегіндегі үзілістерге байланысты ағымдағы жағдайды ескере отырып, осы көлемнен тыс өндірістің кез келген ұлғаюы айтарлықтай қиындықтармен байланысты болуы мүмкін.

Компания өндіру көлемі жөніндегі 2024 жылға арналған шешімді ескере отырып, 2023 жылға арналған бюджеттер мен өндірістік жоспарлардың дайындау үшін бірлескен кәсіпорындар мен уран өндіруші еншілес кәсіпорындар бойынша серіктестермен жұмысты бастайды. Компания нарықтағы ахуалдың дамуын қадағалауды және жылдам өзгеретін нарықтық жағдайларға ден қою мақсатында икемділікті сақтауды жалғастырады. 2024 жылдан кейін өндірістік жоспарлар мен өндіру көлеміне қатысты шешім қабылданған жоқ.

Басқарма құрамындағы өзгерістер

Ерлан Төлеуғожин Лондон бизнес мектебінің Стратегия және көшбасшылық бойынша магистратурасына түсуіне байланысты 2022 жылғы 15 тамыздан бастап Стратегия және даму жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қызметінен кетті. Компанияның Директорлар кеңесі Стратегия және даму жөніндегі бас директор лауазымын қысқарту, ал тиісті функцияларды Қазатомөнеркәсіп басшылығының басқа мүшелері арасында қайта бөлу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Басқарманың сандық құрамы 8-ден 7 адамға дейін қысқарды.

Басқарма мүшелерінің толық өмірбаяндары Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған www.kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Директорлар кеңесі 2022 жылғы 4 қазанға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын (АКЖЖ) шақыруға бастамашылық жасады. Тиісті баспасөз-релизі және АКЖЖ хабарламасы 18 тамызда реттеуші талаптарға сәйкес жарияланды және келесі сілтеме бойынша қолжетімді, www.kazatomprom.kz.

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

 

30 маусымда

аяқталған 6 айда

 

 

 

 

(миллиард теңгеде, егер басқасы көрсетілмесе)

2022

2021

Өзгеріс

Топтың шоғырландырылған тусімі

493,7

235,5

110%

Операциялық пайда

172,8

61,3

182%

Таза пайда

167,4

58,1

188%

Меншік иелеріне тиесілі акцияға таза пайда (базалық және таратылған) теңге / акцияға1

467

 184

154%

Түзетілген EBITDA көрсеткіші2

224,5

99,4

126%

EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар)3

182,8

96,7

89%

Операциялық ақша ағыны4

256,2

80,8

217%

1 Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын, шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінген, ең жақын тұтас теңгеге дейін дөңгелектелген кезең ішіндегі пайда ретінде есептеледі.
2 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі.
3 Бұрын ол "Түзетілген EBITDA (қатысу үлесіне барабар)" ретінде анықталды. Түзетілген EBITDA минус БК мен қауымдасқан компаниялардың таза кірісінің үлесін және уран сегментінде жұмыс істейтін БК мен қауымдасқан компаниялардың түзетілген EBITDA үлесін шегергенде есептелген (әр есепті кезеңдегі елеусіз әсерге байланысты «Буденовское БК» ЖШС EBITDA-ны қоспағанда), шегерілген «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және БК «Хорасан-U» ЖШС түзетілген EBITDA бойынша бақыланбайтын қатысу үлесі және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде.
4 Табыс салығы мен төленген сыйақыларды қамтиды.

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау және шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдауда және шоғырландырылған қаржылық есептілікте (аудиттелмеген, аудиторлардың шолуымен) Қазатомөнеркәсіптің 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған бірінші жартыжылдықтағы қызметінің нәтижелері туралы 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда егжей-тегжейлі түсіндірулер, сондай-ақ 2022 жылға арналған болжамдар ұсынылған. Осы баспасөз релизін біздің корпоративтік интернет-ресурсымызда www.kazatomprom.kz қолжетімді осы құжаттармен бірге оқыған жөн.

Бизнес құрылымындағы назарға алынуы тиіс өзгерістер

2022 жылдың бірінші жартысында Топ келесі мәмілелерді аяқтады:

  • Бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы 22 қарашада Топ пен Genchi Global Limited арасында қол қойылған негіздемелік келісімге сәйкес, Астана халықаралық қаржы орталығының базасында құрылған ANU Energy OEIC Ltd («ANU Energy») қатысу туралы, Топ 2022 жылдың наурыз айында ANU Energy компаниясына 24,25 миллион АҚШ долларын инвестициялады, бұл ANU Energy инвесторларының бірлескен инвестициясының 32,7% үлесін білдіреді. ANU Energy мақсаты – физикалық уранды ұзақ мерзімді инвестиция ретінде сақтау. Топтың ANU Energy директорлар кеңесінде өкілі жоқ және ANU Energy-де шешім қабылдауға қатыспайды. Тиісінше, Топтың ANU Energy басқару операцияларына елеулі ықпалы жоқ, сондықтан Топ бұл инвестицияны пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша таниды және Холдинг кәсіпорындарының тізіміне қоспайды. Негіздемелік келісімге сәйкес Топ пен ANU Energy қысқа мерзімді табиғи уран концентратын сату-сатып алу келісіміне қол қойды, оның аясында Топ 2022 жылдың 12 мамырында табиғи уран концентраттарын жеткізді. Есепті күнге Топ ANU Energy компаниясын «Басқа инвестициялар» ретінде жіктейді.
  • Компанияның 2018 IPO проспектісінде ашылған бейінді емес активтерді сату жоспарларына сәйкес 2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп және «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС Компанияға тиесілі «Каустик» АҚ акцияларының 40%-ын сатып алу-сату шартын жасасты. 2022 жылғы 31 қаңтарда «Каустик» АҚ-ның Компанияға тиесілі акцияларының жалпы құнының 30%-ы төленді, осыған байланысты «Каустик» АҚ-дағы «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС-нің иелену үлесі 12%-ға ұлғайды (Компания акциялары пакетінің 40%-дан 30%-ы). Компания акцияларының қалған бөлігі 2023 жылдан кешіктірілмей күтіліп отырған толық төлем жасалғанға дейін «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілді.

Түсім, таза пайда, EBITDA көрсеткіші

Топтың шоғырландырылған түсімі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 493 716 млн теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110% - ға артты. Бұл өсу негізінен байланысты:

  • 2021 және 2022 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы жеткізу кестелерінің сәйкес айырмашылықтарына және клиенттердің жеткізілімге сұраныстарының түсу мерзімдеріне байланысты 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сату көлемінің 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір ұлғаюымен;
  • U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуімен; және
  • 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуімен.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша операциялық пайда 172 818 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 182%-ға артты, негізінен жоғарыда айтылғандай 2022 жылы түсімнің ұлғаюына байланысты.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188%-ға артып, 167 374 млн теңгені құрады. Өсім негізінен жоғарыда айтылғандай, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында операциялық пайданың өсуіне байланысты. 2022 және 2021 жылдардың бірінші жартысында айтарлықтай түзетуші бір реттік әсерлер болған жоқ. Бақыланбайтын үлеске жатқызылатын кезең ішіндегі пайда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсті, оған жоғарыда баяндалған түсініктемелерге қосымша 2021 жылғы шілдеде «Орталық» ӨК» ЖШС-тің 49%-ын сату әсер етті.

EBITDA түзетілген көрсеткіші 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 126%-ға ұлғайып, 224 457 млн теңгені құрады, ал EBITDA көрсеткіші 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қатысу үлесіне барабар түрде 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89%-ға ұлғайып, 182 825 млн теңгені құрады. Өзгерістер негізінен жоғары операциялық пайдаға байланысты болды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында операциялық ақша ағындары 256 227 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 80 833 млн теңге мөлшерінде айтарлықтай өсті:

  • 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 және 2022 жылдардың бірінші жартыжылдығына арналған жеткізу кестелерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сатып алушылардан түскен ақшалай түсімдердің 425 691 млн теңгеге өсуі, U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларымен салыстырғанда әлсіреуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуі;
  • 2021 және 2022 жылдардың бірінші жартыжылдығына арналған сатып алу кестелерінің өзгеруіне, U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларымен салыстырғанда әлсіреуіне байланысты сатып алудың орташа бағасының өсуіне байланысты жеткізушілерге төлемдердің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 188 811 млн теңгеге ұлғаюымен нивелирлеу;
  • салық салғанға дейінгі пайданың ұлғаюына байланысты төленген табыс салығының 31 254 млн теңгеге ұлғаюы.

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Сатудың өзіндік құны 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89%-ға ұлғайып, 291 532 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу көлемінің едәуір ұлғаюымен және БК мен қауымдасқан кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған уран үлесінің ұлғаюымен байланысты.

Шикізат пен материалдардың құны 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 206 039 млн теңгені құрап, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 122%-ға артты, бұл БК мен қауымдасқан кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған уран үлесінің едәуір ұлғаюына байланысты. Мұндай уранды сату кезінде сатудың өзіндік құны негізінен споттық баға бойынша шикізат пен материалдарды сатып алу құнынан және белгілі бір қолданылатын жеңілдіктерден тұрады. Бұдан басқа, U3O8 қоса алғанда, шикізат пен материалдардың сатып алу бағасы инфляциялық қысым, споттық бағалардың өсуі және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі нәтижесінде өсті.

Сату бойынша шығыстар

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сату бойынша шығыстар 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайып, 10 592 млн теңгені құрады. Ұлғаю негізінен 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу көлемінің үлкен болуымен, сондай-ақ уран өнімін жеткізу межелі пункттерінің өзгеруімен, тасымалдау және сақтандыру тарифтерінің өсуімен, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен байланысты, өйткені тиеп-жөнелтуге, тасымалдауға және сақтауға арналған шығыстардың едәуір бөлігі көрсетілген шетел валютасында.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы және әкімшілік шығындар 18 774 млн теңгені құрады (2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 16 499 млн теңге). ЖӘШ-дың ұлғаюы ішінара уран өнімі бойынша міндеттемелер резервінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 900 млн теңгеге дейін ұлғаюымен байланысты (2021 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай ішінде: 2 932 млн теңге).

Өтімділік

Компания өзінің өтімділікке деген қажеттілігін өзінің міндеттемелерін мерзімінде өтеу үшін жеткілікті қажетті ақша қаражатының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін, қолайсыз шығындардың туындауына жол бермей, және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін, топтың беделіне нұқсан келтірмей басқарады.

(миллион теңгеде)

30 маусымға, 2022

31 желтоқсан, 2021

30 маусымға, 2021

Өзгеріс

6 айдағы, 2022

Ақша қаражаты және оның баламалары

 380 394

 161 190

 151 762

136%

Қысқа мерзімді депозиттер

  8

 43 220

  - 

>(100%)

Барлық ақша қаражаты

 380 402

 204 410

 151 762

86%

Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома

 165 560

 177 902

 255 450

(7%)

2022 жылғы 30 маусымдағы депозиттерді қоса алғанда, барлық ақша қаражаты мен олардың баламалары 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 204 410 млн теңгеге қарағанда 86%-ға артып, 380 402 млн теңгені құрады және 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 2021 жылға дивидендтер төлеу алдындағы қаражат, ақша қаражатының жалпы сомасының жиналуына байланысты 151 762 млн теңгеге ұлғайды.

Өтімділіктің қосымша көзі болып табылатын, 12 айға дейінгі мерзімде өтеуге жататын, Топқа қолжетімді жаңартылатын корпоративтік кредиттік желілермен ұсынылған қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома, негізінен, сауда дебиторлық берешек түсімдерінің мерзімдеріне байланысты кассалық алшақтықтарды уақытша жабу үшін пайдаланылады. 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша топтың жаңартылатын кредиттік желілері бойынша жалпы лимиті 165 560 млн теңгені (352 млн АҚШ долл.) құрады. АҚШ долл.), толық көлемде қол жетімді (2021 жылғы 31 желтоқсанға: 177 902 миллион теңге (412 млн. АҚШ); 2021 жылғы 30 маусымға 255 450 млн.теңге (597 млн. АҚШ доллары). Төмендеу талап етілмеген несие желілерінің жабылуына байланысты.

2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Топтың ағымдағы немесе ұзақ мерзімді банктік кредиттері жоқ.

2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банктік емес қарыздар бойынша берешек 97 971 млн теңгені құрады және негізінен Компанияның номиналды құны 70 млрд теңге және 2024 жылғы қазандағы өтеу мерзімі ұзақ мерзімді индекстелген купондық облигацияларын қамтиды, олар 2019 жылғы қыркүйекте «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында орналастырылған.

Қарыз левериджінің коэффициенттері

Келесі кестеде Компания басшылығы қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін пайдаланатын негізгі коэффициенттер келтірілген. EBITDA түзетілген көрсеткіші бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні 1,0-ден төмен.

(миллион теңгеде)

30 маусымға, 2022

31 желтоқсан, 2021

30 маусымға, 2021

Өзгеріс

6 айдағы, 2022

 Кредиттер мен қарыздар жиынтығы (кепілдіктерді қоспағанда)

 97 971

89 308

90 410

10%

 Ақша қаражатының барлық балансы

 (380 402)

(204 410)

(151 762)

86%

 Таза қарыз

 (282 431)

(115 102)

(61 352)

145%

 Түзетілген EBITDA көрсеткіші *

 475 356

350 294

344 117

36%

 Таза қарыз / түзетілген EBITDA көрсеткіші (коэффициент)

 (0,59)

(0,33)

(0,18)

79%

* Коэффициентті есептеу мақсаттары үшін Таза қарыз/түзетілген EBITDA көрсеткіші 2022 және 2021 жылғы 6 айдағы EBITDA түзетілген көрсеткіші 12 ай (есепті кезеңнің бірінші жарты жылдығы және алдыңғы кезеңнің екінші жарты жылдығы) негізінде есептелді. Түзетілген EBITDA келесідей есептеледі: салыққа дейінгі пайда – қаржы. табыс + қаржы. шығыстар + / - бағамдық айырма + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру + / - біржолғы және бір реттік оқиғалар.

Уран сегментінің өндірістік көрсеткіштері

 

 

30 маусымда аяқталған 6 ай үшін

 

 

 

2022

2021

Өзгеріс

U3O8 Өндіріс көлемі (100% негізде)

тонна

10 070

10 451

(4%)

U3O8 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар)1

тонна

5 414

5 864

(8%)

U3O8 Сату көлемі (шоғырландырылған)

тонна

9,017

6,193

46%

    Компанияның сату көлемі қосылған 2,3

тонна

8 032

5 179

55%

Топтың дайын өнімінің қалдықтары (U3O8)

тонна

9 276

8 864

5%

    Компанияның дайын өнімінің қалдықтары

қосылған (U3O8)4

тонна

7 156

6 773

6%

Топтың орташа сату бағасы

теңге/кг

47 807

32 675

46%

Топтың орташа сату бағасы

АҚШ долл/фунт

 40,88

 29,63

38%

Компанияның орташа сату бағасы5

АҚШ долл/фунт

 39,70

 29,63

34%

Орташа апталық спот бағасы

АҚШ долл/фунт

 50,31

 29,95

68%

Айдың соңындағы орташа споттық баға6  

АҚШ долл/фунт

 50,09

 30,18

66%

1 U3O8 өндірісінің көлемі (қатысу үлесіне барабар) Компания мен ТНК сатып алатын уран көлеміне тең емес.
2 Компанияның сату көлемі (Топта ескерілген): компанияның және THK сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер ескерілмейді.
3 Топ бойынша сату көлемі және ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында UF6 уран гексафториді нысанында сатылған уран эквивалентінің шамамен 32 тоннасын қамтымайды.
4 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескерілетін): Компания қалдықтарының жалпы көлемін және THK қамтиды. 5 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ мен THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
6 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгілеулерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранның споттық баға белгілеулерінің орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы100%-дық негіздегі және қатысу үлесіне барабар өндіріс көлемі 2021 жылы ұңғымаларды игеруге COVID-19 пандемиясының әсеріне байланысты 2021 жылдың ұқсас кезеңінен төмен болды. Әдетте, ұңғымаларды игеру мен ЖҰШ әдісімен уран өндіру арасында сегіз айдан он айға дейін уақыт өтеді, осыған байланысты 2021 жылы кідірістер және/немесе белгілі бір негізгі материалдар мен жабдықтарға шектеулі қол жеткізу сол сәтте ұңғымаларды пайдалануға беру кестесіне әсер етті, бұл 2022 жылы жарты жылдан кейін өндірістің төмендеуіне алып келді. 2022 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығындағы қатысу үлесіне барабар өндіріс көлемі 2021 жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда негізінен 2021 жылдың шілдесінде CGN Mining UK Limited компаниясының «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49%-ын сату есебінен төмен болды.

Жеткізуге клиенттердің сұраныстарының түсу мерзіміне байланысты Топ және ҚАӨ бойынша сату көлемі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда едәуір жоғары болды. Әр тоқсанның сату көлемі клиенттердің жеткізілімге деген сұраныстарының түсу мерзіміне және жеткізілім кестесіндегі сәйкес айырмашылықтарға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

2022 жылдың 30 маусым жағдайы бойынша Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 9 276 тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың 30 маусым жағдайымен салыстырғанда 5%-ға жоғары.  Компания бойынша U3O8 дайын өнімінің қоры 7 156 тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы 30 маусымға қарағанда 6%-ға артық. Қорлардың ұлғаюы негізінен 2022 жылдың бірінші жартысында еншілес кәсіпорындардан, БК, СО және қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алу көлемінің ұлғаюымен байланысты болды. Компания әлі де қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады, ол Компанияның шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне пропорционалды түрде сәйкес келеді. Алайда, 2022 және 2022 жылдардағы қорлар (қоймалардағы қалдықтар) Сovid-19 пандемиясынан туындаған өндірістегі кідірістерге байланысты осы деңгейден төмен болуы мүмкін. Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдықта  Компания спот нарығында материалды сатып алу бойынша бірқатар мәмілелер жасады және Компания өз қорларын оңтайландыру үшін мүмкіндіктерді іздеу мақсатында нарықтық жағдайды бақылауды жалғастырады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Топтың орташа сату бағасы 47 807 теңге/кг (40,88 АҚШ долл./фунт) құрады. Компанияның 2022 жылдың бірінші жартысындағы орташа сату бағасы да ұқсас себептермен 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары болды. Бұл уран өніміне арналған орташа споттық бағаның неғұрлым жоғары болуына және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46%-ға жоғары. 2022 жылдың бірінші жартысында сатудың орташа бағасы уранның споттық бағасының жоғары болуына байланысты 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жоғары болды. Компанияның ағымдағы келісімшарт портфелі уранның споттық бағаларымен корреляциялайды. Дегенмен, соңғы тұтынушыларға қысқа мерзімді жеткізу бойынша трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес келісімшарт бойынша баға белгілеуді тіркеу күні мен нақты жеткізу сәтіндегі споттық нарықтық баға арасында белгілі бір уақытша артта қалулар орын алуы мүмкін. Бағаны белгілеу мен жеткізу арасындағы осындай уақытша кідірістер кезеңіндегі нарықтың жоғары құбылмалылығы бағаның өсуі мен құлдырауы жағдайында құбылмалылық өскен сайын айқын болады. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша баға белгілеу тетіктері спот бағасының күрт көтерілуіне дейін белгіленген бағаның бекітілген базалық компоненттерін қамтиды. Нәтижесінде, есепті кезеңде Компания мен Топ бойынша сатудың орташа бағасының өсуі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы уақыт аралығында уранның споттық нарығындағы бағаның өсуіне қарағанда төмен болды.

Уран нарығында тоқсан сайынғы нәтижелер мен қызмет нәтижелерінің аралық серпіні тек кейде жыл бойынша болжамдарға қатысты репрезентативті болып табылады; Компанияның жылдық болжамдарын түсіну үшін 2022 жылға арналған болжамды көрсеткіштерді, баға сезімталдығының кестесін, сондай-ақ 12.1-бөлімде орналастырылған Уран сатудың бағасы бойыншаа сезімталдыққа талдауды, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Компания қызметінің нәтижелері мен қаржы жағдайына талдауды қараңыз.

Уран өнімінің ақшалай өзіндік құны және күрделі шығындары

 

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

(миллион теңге, егер басқа көрсетілмесе)

 

2022

2021

Өзгеріс

C1 Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне барабар)

АҚШ долл./
фунт

 9,97

 8,99

11%

Күрделі шығындар (қатысу үлесіне барабар)

 

 5,33

 3,59

48%

AISC Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар

(қатысу үлесіне барабар)1

АҚШ долл./
фунт

 15,30

 12,58

22%

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде) 2

 

 56 293

 33 444

68%

         

1 Инвестициялық жобаларға және кеңейтуге елеулі күрделі шығындарды қамтымайды.
2 Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды. 

Қазатомөнеркәсіптегі ESG саласындағы жаңартулар

2022 жылғы наурызда Компания ресми түрде БҰҰ Жаһандық шартының (UN Global Compact) толық құқықты қатысушысы болды. БҰҰ-ның Жаһандық шарты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және орнықты даму саласындағы әлемдегі ең ірі бастама болып табылады, ол бүгінгі күні әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдауда әлемнің 158 елінен 16 000-нан астам қатысушы компанияны біріктіреді. Осы бастамаға қосылу Компанияның өз қызметінде адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кез келген көріністерінде БҰҰ Жаһандық шартының он әмбебап қағидатын дәйекті түрде енгізуге бейілділігін растайды,

Қазатомөнеркәсіп тау-кен ісі және металдар жөніндегі халықаралық кеңестің (ICMM) және Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) негізгі қағидаттарын қоса алғанда, орнықты даму саласындағы үздік салалық практиканы өз қызметіне енгізуге ұмтылады. 2022 жылдың соңына дейін компания бірінші тәуелсіз ESG рейтингін алуды күтуде, тиісінше, ағымдағы жылы Қазатомөнеркәсіп энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру, қоршаған ортаға теріс әсерді қорғау және азайту, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, ESG мәнмәтінінде адами капиталды одан әрі дамыту, Топ жұмыс істейтін өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастырады және ең бастысы, қаржылық емес ақпаратты ашу сапасын арттыру және ESG саласындағы ақпараттық ашықтықты арттыру.

Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштер

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ірі өнеркәсіптік апаттардың (бақыланбайтын жарылыстарды, қауіпті заттардың шығарындыларын немесе ғимараттардың қирауын қоса алғанда) және Компания кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың алдын алуға мүмкіндік беретін өндірістік қауіпсіздік саласындағы белсенді іс-шаралар жалғасты.

Төменде келтірілген кестеде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2022 және 2021 жылдардың бірінші жартыжылдығының нәтижелері көрсетілген:

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

Көрсеткіш

2022

2021

Ауытқу

Өнеркәсіптік апаттар 1

LTIFR (1 млн. адам-сағат) 2

0.71

(100%)

Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және near-miss туралы есептілік

17,870

19,023

(6%)

Жазатайым оқиғалар саны 3

5

(100%)

Өлім жағдайлары

1 Бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың қирауы ретінде анықталады.
2 Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) миллион сағатқа.
3 Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындаған кезде оның өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не қайтыс болуына әкеп соққан зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі ретінде айқындалады.

Топ жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздікті жақсартуға әлі де көп көңіл бөледі. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өлімге және жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру бойынша жалғасып жатқан жұмыс шеңберінде Компания мынадай іс-шараларды орындады:

  • «Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі» тобының стандарты бекітілді. Стандарт қауіпсіздік мәдениеті, тәуекелдерді басқару, мердігер ұйымдар, оқиғалар, ақпарат және оқыту бөлімдерін қамтиды, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша өндірістік қауіпсіздік процестерін қамтиды (еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау);
  • Топта өндірістік қауіпсіздік жағдайына қызметкерлердің қанағаттануы туралы сауалнама жүргізілді;
  • ай сайынғы негізде Топтың өндірістік қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларымен өндірістік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша кеңестер өткізілді;
  • Топ қызметкерлері үшін «Нұсқаманы өткізудің тиімді әдістері» тақырыбында тренинг өткізілді;
  • қабылданатын түзету шараларының жеткіліктілігін анықтау үшін Near Miss анықталатын қауіпті жағдайлардың, қауіпті әрекеттердің және ықтимал қауіпті жағдайлардың жиілігі мен сипатына талдау жүргізілді;
  • Топ кәсіпорындарында COVID-19-мен күресу бойынша шаралар қабылданды.

Аталған іс-шаралар алдын алу индикаторларын, өндірістік процесті ұйымдастыруға тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануға және компания қызметкерлері арасында қауіпсіздік рәсімдері туралы хабардар болуды арттыруға (қауіпсіздік мәдениетін жақсартуға) бағытталған.

Қазатомөнеркәсіптің 2022 жылға арналған болжамдары

(1 АҚШ доллары 460 теңге курсымен)

2022

Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3O8

(100% негізде), тонна1

21 000 – 22 0002

Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3O8

(қатысу үлесіне барабар), тонна3

10 900 – 11 5002

Топтың өткізу көлемі, тонна (шоғырландырылған) 4

16 300 – 16 800

оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна5

13 400 – 13 900

Топтың жалпы туcімі (қаржы есептілікке сәйкес)6, млрд. теңге

930 – 950

     оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)6, млрд. теңге

790 – 810

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл./ фунт 7

$9,50 – $11,00

Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары

(қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл. / фунт 7

$16,00 – $17,50

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге8

160-170

1 Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндірісінің көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
2 COVID-19 пандемиясының және Ресей-Украина қақтығысының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі ішкі күтулерден өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіру кәсіпорындарының U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): компанияның иелену үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) "Инкай" БК-ны қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. компанияның IPO проспектісінде бұрын ашылған сату туралы келісімге сәйкес. Өндірістің нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топтың U3O8 сату көлемі: Қазатомөнеркәсіп және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді кәсіпорындарындағы сатуды қамтиды. Бірізділік мақсатында Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа нысандарын өткізуді қамтымайды (отын таблеткаларын өткізуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей).
5 Компанияның U3O8 сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне кіреді): тек компанияның U3O8 және THK жиынтық сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 Болжамды түсім көрсеткіштері уран бағасы мен қазақстандық теңгенің айырбас бағамына қатысты күтілімдердің өзгеруін ескере отырып ғана жаңартылды. Күтілетін түсім белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уранның бағасына және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамының ішкі болжамына 460 теңге деңгейінде негізделген. Уран бағасының да, теңгенің айырбас бағамының да айтарлықтай құбылмалылығы сақталуда. Осыған байланысты, 2022 жылғы күтілетін түсім айтарлықтай дәрежеде ішкі және сыртқы көздердің болжамдарынан нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамының айырмашылығына әсер етуі мүмкін.
7 Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,59979 құрайды.
8 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды, инвестициялық жобалар мен кеңейту жобаларына елеулі күрделі шығындарды қамтымайды.

Қазіргі уақытта 2022 жылға арналған барлық болжамды көрсеткіштер бұрын жарияланған болжамдармен салыстырғанда өзгеріссіз қалады.

COVID-19 2021 жылы бүкіл өндірістік жеткізілім тізбегіне әсер етті, бұл белгілі бір материалдардың, соның ішінде химиялық реагенттердің және құбыр өнімдерінің жетіспеушілігіне әкелді, бұл геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарына әсер етті және жаңа технологиялық блоктарды пайдалануға беру кестесінің өзгеруіне әкелді. Осындай жылжудың нәтижесінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында дайын өнім өндірісінің көлемі күтілетін көлемдермен салыстырғанда төмендеді. Технологиялық блоктарды дайындаудағы кідірістерден басқа, қазіргі уақытта белгілі бір материалдардың, соның ішінде күкірт қышқылының жетіспеушілігі байқалады, бұл ұңғымаларды игеруге және өндірістік қызметке теріс әсер етеді. Осы қиындықтарға қарамастан, Топ уран өндіру жөніндегі 2022 жылға арналған жоспарды сақтайды және оны орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, алайда екінші жартыжылдықта тау-кен-дайындық жұмыстарының кестесі мен жеткізу тізбегіндегі қиындықтар сақталған немесе нашарлаған жағдайда, жылдың соңындағы өндірістің қорытынды көлемі нысаналы деңгейден төмен болуы мүмкін.

Түсім бойынша, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC» көрсеткіштері бойынша болжамдар теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы мен уранның споттық бағасы Компанияның жоғарыда келтірілген болжамдарынан қаншалықты ерекшеленсе, Компанияның болжамдарынан оншалықты өзгеше болады.

Компания өзінің бақылауындағы операциялық факторлар мен ішкі өзгерістерге қатысты ғана болжамды көрсеткіштерді жаңартуға ниетті. Айырбас бағамдары мен уран бағасы сияқты сыртқы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын негізгі жол берулер компанияның өткен жылғы жылдық бюджетін қалыптастыру кезінде бөгде көздердің деректері негізінде белгіленеді; мұндай жол берулер аралық негізде тек ерекше жағдайларда ғана жаңартылатын болады.

Компания әлі де қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады, ол компанияның шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне пропорционалды түрде сәйкес келеді. Алайда, пандемияға байланысты өндірістік шығындарға байланысты қорлар (қоймалардағы қалдықтар) мақсатты деңгейден төмен болуы мүмкін. Осылайша, бірінші жартыжылдықта Компания спот нарығында уран сатып алу бойынша бірнеше мәміле жасады және Компания қорларының деңгейін оңтайландыруға мүмкіндік беретін мүмкіндіктердің болуына нарықтық жағдайларды қадағалауды жалғастыратын болады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі елдің Салық кодексіне өзгерістер енгізу ниеті туралы жариялады. 2022 жылғы 11 шілдеде ҚР Салық кодексіне («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 135-VII ҚРЗ ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңдары) уранға ПҚӨС базасының есебін және мөлшерлемесінің көлемін өзгертетін толықтырулар мен өзгерістер қабылданды. Салық кодексіне енгізілген өзгерістер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және Компанияның 2022 жылға арналған салықтар бөлігіндегі күтулеріне әсер етпейді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес уранға ПҚӨС бойынша салық базасы өндірілген уран санына және ПҚӨС ставкасына 6% мөлшерінде көбейтілген жария көздерінен алынған белгілі есепті кезеңдегі бағалар бойынша уранның айқындалатын болады. ПҚӨС бойынша шығыстар формулаға ағымдағы спот бағасын енгізуге байланысты абсолюттік мәнде ұлғаяды деп күтілуде. Алайда, қазіргі уақытта түпкілікті әсерді бағалау мүмкін емес, өйткені жаңа формула тек 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелер конференц - қоңырауы туралы хабарлама

Қазатомөнеркәсіп 2022 жылғы 19 тамызда жарияланғаннан кейін 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 17:00 / GMT уақыты бойынша 11:00/ EDT уақыты бойынша 07:00. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «сұрақ-жауап» сессиясы өтеді.

Ағылшын тіліндегі тікелей трансляцияға (вебкаст) қосылу үшін (вебкаст қатысушылары конференц-қоңырау кезінде өз сұрақтарын қоя алады), қоңырау нөмірлерінің егжей-тегжейін, сондай-ақ «сұрақ-жауап» сессиясына қатысуға арналған нұсқаулықтарды алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/e09a0dd0-bf9b-4243-8ebb-495e0c20b91a

Орыс тіліндегі тікелей трансляцияға (вебкаст) қосылу (тыңдау режимінде, сұрақтар қою мүмкіндігінсіз) және тиісті қоңырау нөмірлерінің мәліметтерін алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/967e35ee-4cf5-4f80-8cff-91beb6511a68

Конференц-қоңырау (вебкаст) трансляциясының жазып алынған нұсқасы ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай www.kazatomprom.kz интернет-ресурсындағы сілтеме бойынша қолжетімді болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру