«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Компания» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ. Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс, осы арқылы өз акционерлеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі бастамасы бойынша (2022 жылғы 18 тамыздағы № 7/22 хаттама) шақырылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – «Жиналыс») 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес сырттай өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі
- «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС 2023 және 2024 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілікке аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде белгілеу туралы.
Компания 2023 және 2024 жылдардға арналған ҚЕХС стандартына сәйкес "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ – ның шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ және оның бірқатар маңызды ұйымдары үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі компанияның консультативтік-кеңесші органы болып табылатын Бірыңғай комиссиямен (бұдан әрі – «Бірыңғай комиссия») жүзеге асырылды.
Аудиторлық ұйымды таңдау бойынша жүргізілген рәсімнің қорытындысы бойынша Бірыңғай комиссия "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ уәкілетті органдарына 2023 және 2024 жылдардағы қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС аудиторлық ұйым ретінде анықтауды ұсыну туралы шешім қабылдады.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді беру басталатын күн – 2022 жылғы 26 қыркүйек.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2022 жылғы 3 қазан, 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелері есептелетін күн – 2022 жылғы 4 қазан, 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі құрылатын күн және уақыт – 2022 жылғы1 қыркүйек 00 сағат 00 минут (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетін күннен 10 күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 үй, 18-қабат, 11-кабинет мекенжайында орналасқан ғимаратында, жұмыс күндері сағат 9-00-дан бастап 18-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) дайын әрі қолжетімді болады. Қоғам акционерінің сауал салуы болған жағдайда, Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар осындай акционерге сауал салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін жасау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұрау салулары Қоғамның нақты мекенжайы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылданады.
Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қоғамның жарғысына сәйкес Қоғамның интернет-ресурсында қолжетімді болады.
Осы арқылы акционерлерге жиналысты өткізудің мынадай тәртібімен танысуды ұсынамыз:
- Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын/заңды тұлға атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.
- Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәліктің/төлқұжаттың номері, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру номері (ЖСК)) көрсете отырып, қол қоюы тиіс. Акционер сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
- Егер акционерлердің - заңды тұлғалардың атынан Акционерлердің жалпы жиналысына олардың жеке-дара атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайланғаны немесе тағайындалғаны туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
- Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюы тиіс.
- Жеке тұлға - акционердің немесе заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің немесе заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз болып саналады.
- Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленуі тиіс.
- Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ алуы немесе Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 үй мекенжайы бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ кеңсесіне 2022 жылғы 3 қазандағы 18 сағат 00 минутқа дейін қолма-қол әкеліп берілуі тиіс.
- Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
- Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
- Егер барлық бюллетеньдер берілген күні не бюллетеньдерді беру мерзімі аяқталған күні оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, жиынтығында Қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелсе, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің тізімін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі деректерінің негізінде "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жасайды.
- Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерінің "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңында және (немесе) Қоғамның Жарғысында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға құқығы бар.
- Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың депозитарий (Citibank N. A.) арқылы бенефициарлық иеленушілерге қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру ақпаратын және басқа да ақпаратты "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ға ұсынған жағдайда, депозиттелген акцияларға қатысты бенефициарлық иеленушілер атынан "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында дауыс беруге құқығы бар.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының мәселелері бойынша
Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы
Тел: +7 7172 45 81 63
Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады
Толық ақпарат біздің сайтымызда: www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.