| (AIX)    KZT 18485   %   0.98 USD 38.07   %   0

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 2-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

2 тамыз 2021
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 2-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2021 жылғы 30 маусымда аяқталған екінші тоқсан мен  бірінші жартыжылдықтағы қызметтің төмендегідей операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ 2021 жылғы жылдың екінші тоқсаны мен  бірінші жартыжылдығындағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпаратты, сондай-ақ Компанияның 2021 жылға арналған расталған болжамды көрсеткіштерін білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелеріндегі ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында барлық салалардың назарында әлемде вакцинация бағдарламалары мен COVID-19 пандемиясы әсерінен кейін экономиканы қалпына келтіру жоспарлары болуына қарамастан, бұл кезең парадигманы ауыстырудың шұғыл қажеттілігін айқындайтын жаһандық климаттық құбылыстармен ерекшеленіп, бүкіл әлем қауіпсіз, көміртекті емес энергия көздерін қолдануына көшуді тездету, соның ішінде ядролық энергияны жасыл экономикаға қол жеткізудің халықаралық стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі ретінде кеңінен тану қажеттілігін көрсетті.

Климат мәселелеріне баса назар аударумен қатар, Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) "2050 жылға қарай нөлдік шығарындылар: жаһандық энергетикалық секторға арналған Жол картасы" баяндамасын жариялап, онда 2050 жылға қарай нөлдік нетто шығарындыларға (ННШ) жету жаһандық жол белгіленген және ұсынылған. ХЭА мәліметтері бойынша, электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі 2020 жылдан 2050 жылға дейін 2,7 есе артады, ал ННШ қол жеткізу үшін энергетикалық құрылымда жаңартылатын энергия көздерінің едәуір ұлғаюын (қазіргі 29% - ға жуық деңгейінен, 2050 жылы 88% - ға дейін) және ядролық қуаттарды қазіргі 415 ГВт-тан 2050 жылы 800 ГВт-қа дейін шамамен екі есе арттыруын қамтуы қажет.

Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі "2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу арқылы жасыл өсу стратегиясын" жаңартты, осылайша климат пен ННШ мәселелерін талқылау аясында ядролық саланың одан да үлкен мүмкіндіктерін атап өтті. Стратегия халықаралық ынтымақтастық негізінде жылдам реакторларды, шағын модульдік реакторларды және ядролық синтез технологияларын ілгерілету, сондай-ақ сутегі өндіруге бағытталған газбен салқындатылатын жоғары температуралы реакторларды пайдалануын көздейді. Осы технологиялардың барлағы қазба отынынан бас тартуға жасалған оң қадамдар болып табылады.

Төменде уран нарығындағы сұраныс жағынан тоқсанның негізгі оқиғалары келтірілген:

  • Маусым айында Цзянсу провинциясындағы Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының Тяньвань АЭС №6 энергия блогы мамыр айының басында желіге алғаш қосылғаннан кейін өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Қуаттылығы 1080 МВт-тық №6 блок жергілікті әзірлемесі болып табылатын АCPR1000 қысым астындағы суы бар реактормен жабдықталған.
  • Қуаттылығы 1119 МВт АCPR1000 қысым астындағы суы бар реактормен жабдықталған Хунъяньхэ АЭС №5 энергия блогы Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында желіге сәтті қосылды. Коммерциялық пайдаланудың басталуы осы жылдың соңында болмақ.
  • ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин ВВЭР-1200 ресейлік дизайндағы реакторлармен жабдықталған №7 және №8 Тяньвань АЭС энергия блоктарының сонымен қатар Сюйдапу АЭС-тің №3 және №4 энергия блоктарының құрылысын бастаудың виртуалды рәсіміне қатысты. Тяньвань АЭС энергия блоктарын 2026-2027 жылдары, ал Сюйдапу АЭС энергия блоктарын 2027-2028 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.
  • Ресейде Северскідегі Сібір химиялық зауытының алаңында ресейлік дизайндағы қуаты 300 МВт қорғасын салқындатқышы бар жылдам нейтронды реактордмен жабдықталған Брест-ОД-300 тәжірибелік-демонстрациялық қондырғысының құрылысы басталды. Жоспарланған мерзімге сәйкес келесі буын реакторы 2026 жылы іске қосылуы керек.
  • Жапонияның Фукуи префектурасында 2011 жылдың мамыр айынан бастап алғаш рет Kansai Electric Power Company энергетикалық компаниясының Михама АЭС №3 қуаттылығы 826 МВт энергия блогы жұмысын қайта бастады. Бұл Жапонияда қызмет ету мерзімі 40 жылдан асқан реактордың алғашқы қайта іске қосылуы болды. Энергия блогы 2036 жылға дейін жұмыс істеуге рұқсат алды, бұл 60 жылдық пайдалану мерзіміне сәйкес келеді.
  • 2018 жылдың қыркүйегінде Англияның оңтүстік-шығысындағы Кент графтығында Дандженесс В АЭС-та басталған жоспарлы ажырату кезінде бірқатар қауіптер анықталуы, EDF Energy  компаниясын қуаттылығы 615 МВт құрайтын газбен салқындатылатын екі жетілдірілген реакторды пайдаланудан шығару мәжбүр еткені туралы мәлімдеді.
  • АҚШ-та Dominion Energy энергетикалық компанияның қуаты 890 МВт қысым астындағы суы бар реактормен жабдықталған Сарри АЭС-ғы №1 және №2 энергия блоктарын пайдалану лицензиясы тиісінше 2052 жылға және 2053 жылға дейін қосымша 20 жылға ұзартылды, бұл энергия блоктарының пайдалану мерзімін 80 жылға дейін ұзартты.
  • Сондай-ақ, АҚШ-та, 2021 жылғы 30 сәуірде Entergy қуаты 1085 МВт реактормен жабдықталған Индиан-Пойнт АЭС-ғы №3 энергия блокты пайдаланудан шығарды. Бұл 1962 жылы басталған Индиан-Пойнт АЭС-тегі жұмыс істейтін соңғы реактор болды. АЭС пайдаланудан шығару Нью-Йорк штатымен заңды реттеу туралы келісімнің шеңберінде жүзеге асырылды.
  • Сұранысқа қатысты қорытынды оқиға: Иллинойс штатында реттелмейтін нарықта электр энергиясын өндірудің басқа түрлеріне артықшылық беріп, көміртексіз атом генерациясын қолдау үшін қажетті заң қабылданбауы, Exelon корпорациясының PJM Interconnection желілік операторына екі энергия блогымен жабдықталған Байрон АЭС-ін сөндіру туралы хабарлама жіберуіне алып келді. Дрезден АЭС-тің №1 және №2 энергия блоктарын 2021 жылдың қараша айында тоқтату туралы хабарлама қаңтарда берілді, ал жақында жарияланған Байрон АЭС-ін тоқтату қыркүйек айына болжанған. Бұл шешімнің нәтижесінде осы АЭС-те 2021 жылдың соңына қарай 4300 МВт-тан астам көміртексіз өндіруші қуаттар шығарылады деп күтілуде.

Екінші тоқсанда ұсыныс жағы тыныштықты байқатты, ал басты оқиға сәуір айындағы Cameco корпорациясы мен Orano компаниясының Канададағы Сигар-Лейк кенішіндегі өндірісті қайта бастау туралы мәлімдемесі болды. Әлемдік бастапқы өндірістің шамамен 14%-ын құрайтын кеніш 2020 жылдың желтоқсанында қызметкерлер тұратын қауымдастықтарда COVID-19 жұқтыру жағдайының көбеюіне байланысты уақытша тоқтатылған болатын.

Екінші тоқсан аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уран өндірісін жоспарланған көлеммен салыстырғанда жер қойнауын пайдалану келісімшарттар шеңберінде 20% - ға қысқарту ниеті туралы мәлімдеді. Бұл шешімді іске асыру 2023 жылы уранның әлемдік болжамалы өндіріс көлемінен 5 000 тоннаға дейін кем өндіруге алып келеді, ал Қазақстандағы уран өндіру 2022 жылғы жоспарланған деңгейде сақталады.

Қорытындылай келе,  екінші тоқсанның соңынан кейін болған тағы бір маңызды оқиға, асыл металдар мен нақты активтерге инвестициялар саласындағы әлемдік көшбасшы Sprott Inc. компаниясы физикалық уранға ие Uranium Participation Corporation (UPC) инвестициялық қорды сатып алуды аяқтады. UPC сатып алумен Sprott Inc компаниясының еншілес Sprott Asset Management LLP компаниясы өзінің жаңадан құрылған Sprott Physical Uranium Trust-ті Канададағы Торонто қор биржасында орналастырып, алғашқы физикалық уран қоры ретінде АҚШ-та листингті өткізу жоспарлап отыр. Бұл айтарлықтай капитал пулына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нарықтық белсенділік және бағаның қалыптасуы

Екінші тоқсанда спот нарығындағы белсенділік 2021 жылдың  бірінші тоқсанымен салыстырғанда төмендеді, ал нарық қатысушылары Sprott физикалық Uranium Trust-тің күтілетін әсерін бағалады. Спот бағасы алдымен сәуір айында айдың аяғында бір фунт үшін 31,00 доллардан 28,50 долларға дейін күрт төмендеді, бірақ мамыр мен маусымда өсіп келе жатқан сатып алу белсенділігі тоқсанның соңында бағаны бір фунт үшін 32,00 долларға дейін көтерді. Екінші тоқсанда нарық қатысушыларының барлық санаттары – энергия компаниялары, өндірушілер, трейдерлер және қаржы компаниялары сатып алушылар рөлінде болды. Үшінші тарап көздерінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың  екінші тоқсанында спот транзакциялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50% төмен болды. Транзакциялар көлемі бір фунт үшін 30,58 АҚШ доллар құрайтын орташа апталық спот бағасымен 14,3 млн фунт U3O8 (5 500 тонна U) құрады, ал 2020 жылдың  екінші тоқсандағы көрсеткіштермен салыстырсақ бір фунт үшін 32,56 АҚШ доллары орташа апталық спот бағасымен 29,3 млн фунт U3O8 (11 300 тонна U) болды.

Үшінші тарап көздерінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың  екінші тоқсанында ұзақ мерзімді нарықтағы транзакциялар шамамен 17,0 миллион фунт U3O8 (6,500 тонна U) құрады,  2020 жылдың  екінші тоқсанмен салыстырсақ, бұл көрсеткіш шамамен 4,2 миллион фунт U3O8 (1,600 тонна U) деңгейінде болды. 2021 жылдың екінші тоқсанында нарықтық белсенділік өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскеніне қарамастан, орташа ұзақ мерзімді баға (ай сайын үшінші тарап көздері жариялайды) 2,00 долларға төмендеп, U3O1 фунт үшін 33,50 АҚШ доллар болды.

Компания оқиғалары

COVID-19-ға қатысты ахуал

Шілде айында жаңа "дельта" штаммының таралуына байланысты жұқтыру жағдайларының өсуі байқалды, бұл ағымдағы жылдың тамыз айында "қызыл" аймақтардың кеңеюіне және мемлекеттік органдар тарапынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда қатаң шектеулер қайта енгізуіне алып келді. Компания тұрақты негізде COVID-19-ға байланысты жағдайды бақылап, барлық қолданыстағы хаттамалардың өзектілігі мен тиімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Қызметкерлер арасында COVID-19 жағдайы анықталған кезде Компания мен оның еншілес ұйымдары инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдын алу шараларын қабылдайды. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, тиісті медициналық көмек көрсете отырып, мұндай қызметкердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Вакцинация жағдайының мониторингі күнделікті негізде жүргізіледі, бұл ретте Компанияның вакцинациялау деңгейі республика бойынша мәннен асып түседі (2021 жылдың 30 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның бірінші компонентпен вакцинацияланған халқының үлесі 28% - ын құрады). Бүгінгі күні әрбір өндіруші еншілес кәсіпорын вакцинаның І компонентімен иммундаумен қамтудың 70% шебінен өтті. Жалпы Топ бойынша 2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша, Компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда қызметкерлердің 70% (13 718) І компонентті екпе салдырып, 50% - н астам ІІ компонентті вакцина алған.

"Орталық" ӨК" ЖШС бойынша мәміленің аяқталуы

Бұған дейін хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіп пен China General Nuclear Power Corporation (бұдан әрі – «CGNPC») арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт («Үлбі-ЖБҚ») салу туралы уағдаласты. Бұл ретте CGNPC Үлбі-ЖБҚ өнімін сатып алуға кепілдік береді, ал Қазатомөнеркәсіп өзінің 100% еншілес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі үлесінің 49%-ын CGNPC-нің үлестес компаниясының пайдасына сатуға келіседі  (бұдан әрі – «Мәміле»).

2021 жылдың сәуір айында Мәміле бойынша сатып алу-сату шартына қол қойылып, тараптар төрт ірі халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі бағалаған құнға келісті. «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49% құны шамамен 435 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

Шілде айынын соңында барлық шарттар қамтылып, уәкілетті мемлекеттік органдардың мақұлдауынан кейін қажетті рәсімдер орындалып, Мәміле жабылды. Қайта тіркеу аяқталып,  CGN Mining UK Limited (CGNPC-нің еншілес компаниясы) «Орталық» ӨК» ЖШС толық құқықты қатысушысы болды. Қазатомөнеркәсіп бақылау үлесінің 51% - ын сақтады, ал CGN Mining UK Limited "Орталық" ӨК" ЖШС-тегі 49% қатысу үлесіне ие, бұл ретте серіктестер уран сатып алуды осы кәсіпорындағы өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде жүзеге асыратын болады.

Мәміле Компанияның 3-тоқсандағы қаржылық нәтижелерінде көрсетіледі, ал Мәмілені іске асырудан түсетін түсімдер Қазатомөнеркәсіптің дивидендтік саясатына сәйкес, 2021 қаржы жылының қорытындылары бойынша дивидендтердің есебіне енгізіліледі және Компанияның Директорлар кеңесі мен акционерлері тарапынан мақұлдануы тиіс.

 «Astana Solar» ЖШС-ті сату

29 маусымда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Astana Solar» ЖШС-тегі қатысудың 100% үлесін сату бойынша минималды баға белгілінбеген электрондық аукцион өткізілді. Аукцион Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне сәйкес өткізілді. Кәсіпорынды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. 

Корпоративтік басқару

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма құрамы

2021 жылғы 20 мамырдағы Компанияның Директорлар кеңесінің отырысында А. Қасабеков мырза мен Ә. Алдоңғаров мырзаны Компания Басқармасының құрамына енгізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің Басқармасы 2024 жылғы 24 сәуірге дейінгі өкілеттік мерзімімен тоғыз мүшеден тұрады:

  • Ғалымжан Пірматов, Басқарма төрағасы;
  • Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
  • Асқар Батырбаев, Коммерция жөніндегі бас директор;
  • Асқар Қасабеков, Өндіріс жөніндегі бас директор;
  • Мәжит Шәріпов, ЯОЦ жөніндегі бас директор;
  • Біржан Дүйсембеков, Стратегия және даму жөніндегі бас директор (2022 жылдың маусым айына дейін оқу демалысында);
  • Бексұлтан Бекмұратов, HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор;
  • Әлібек Алдоңғаров, Трансформация жөніндегі бас директор;
  • Марат Елемесов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор (2023 жылдың шілде айына дейін оқу демалысында)

Басқарма құрамының толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы 2-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері1

 

30 маусымда аяқталған үш ай

 

30 маусымда аяқталған алты ай

 

(мың тонна U3O8 формадағы табиғи уран, егер басқасы көрсетілмесе)

2021

2020

Өзгеріс

2021

2020

Өзгеріс

Өндіріс көлемі (т. уран) (100% негізде) 2

5 527

5 213

6%

10 451

10 434

 -

Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды) (т. уран) 3

3 073

2 809

9%

5 864

5 790

1%

Топ бойынша сату көлемі (т. уран)4

4 915

2 466

99%

6 193

4 220

47%

ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) (т. уран) 5

3 901

2 231

75%

5 179

3 749

38%

ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8)6*

29,60

28,75

3%

29,63

27,81

7%

Ай соңындағы споттық бағаның орташа бағасы (АҚШ долл. /фунт U3O8) 7*

30,85

33,33

(7%)

30,18

29,46

2%

1 Барлығы алдын-ала жасалған мәнге ие.
2 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертердің деректері мен процестегі өндіріс көлемдері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін білдіреді және Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын "Инкай" БК-дағы өндіріс көлемін қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. Өндірістің нақты көлемі конвертердің деректері мен процестегі өндіріс көлемдері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ: (i) тиісті қызметті басқару өкілеттіктерінің болуы жолымен бақылайтын компаниялардың) сатуларын қамтиды, бұл олардың кірістілігіне айтарлықтай әсер етеді, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістерді өзгертуге ықпал етеді немесе құқығы және (iii) топ пайдасының мөлшеріне ықпал ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану қабілеті. Маңызды әлеуетті дауыс беру құқықтарын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы мен әсері ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі).
5 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): ҚАӨ мен Kazakhatom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы саудасын ғана қамтиды. ҚАӨ және THK арасындағы топішілік мәмілелер кірмейді.
6 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ және THK қорытынды сыртқы сатулары үшін бір фунт уран концентратының орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ пен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
7 Ақпарат көзі: UxC, TradeTech. Бағалар ай бойынша әр апта үшін споттық бағалар котировкаларының орташа мәні емес, айдың соңында уранға споттық бағалар UxC пен TradeTech котировкаларының орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.
* Килограмды U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 екенін ескеріңіз.

2021 жылдың  екінші тоқсанындағы өндіріс көлемі қатысу үлесіне барабар және 100% негізде 2020 жылдың ұқсас кезеңінен сәл жоғары болды, бұл 2020 жылы COVID-19 пандемия әсерінен өндіріс көлемінің төмендеуімен байланысты. Ал үстіміздегі жылдың  бірінші жартыжылдығындағы өндіріс көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен бірдей деңгейде болды.

2021 жылдың  екінші тоқсан мен  бірінші жартыжылдықта сату көлемі Топ деңгейінде де, ҚАӨ деңгейінде де айтарлықтай өсті, бұл маусымдылық пен 2020 және 2021 жылдардағы жеткізу кестелерінің айырмашылығына байланысты болды.

Уранға споттық бағаның өсуі Қазатомөнеркәсіптің орташа сату бағасына оң әсерін тигізіп, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  бірінші жартыжылдықта жоғары болды. Егер үстіміздегі жылдың соңына дейін споттық бағалар 2020 жылдың деңгейінен жоғары болып қалса, сату бағасының өсу үрдісі сақталады деп күтілуде, бұл ретте Компанияның жеткізулері негізінен 2021 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылға арналған болжамдары

(1 АҚШ долларына  430 теңге курсы бойынша

2021

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(100% негізде), тонна 1

22 500 – 22 8002

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(қатысу үлесіне барабар),тонна 3,4

12 550 – 12 8002

Топтың сату көлемі, тонна 5 (шоғырландырылған)

15 500 – 16 000

оның ішінде Компанияны сату көлемі, тонна 6

13 500 – 14 000

Топтың жалпы кірісі (қаржылық есептілікке сәйкес)7, млрд. теңге

620 – 640

     оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)7, млрд. теңге

540 – 560

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, С1), АҚШ долл. /фунт 4,*

$9,00 – $10,00

Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл./фунт 4,*

$12,00 – $13,00

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге 8

90 – 100

1 Өндіріс көлемі  U3O8 формадағы табиғи уран (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
2 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің болжамымыздан өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіріс көлемі U3O8 формадағы табиғи уран (иелену үлесіне барабар): Компанияның иелену үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушылар бойынша қалған бөлікті қамтымайды.
4 China General Nuclear (CGN) компаниясының «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын сатуға байланысты U3O8 өндіріс көлеміндегі қатысу үлесіне, C1 және AISC көрсеткіштеріне пропорционалды өзгерістерді болдырмайды. Қандай да бір өзгерістер алдағы болжамдарда көрініс табады
5 Топтың өткізу көлемі: Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді кәсіпорындарын сатуды қамтиды
6 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның және THK-ның қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
7 Болжамды түсім уранның бағасына және белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамына негізделген. Пайдаланылатын бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2021 жылғы түсім айтарлықтай дәрежеде нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығының әсеріне ұшырауы мүмкін.
8 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.
* Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды

Қазіргі уақытта компанияның 2021 жылға арналған барлық болжамдар өзгеріссіз қалады. Кіріс, сондай-ақ "ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1" және "ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындар (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC" көрсеткіштері, теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы мен уранның споттық бағасы ескертпеде көрсетілгеннен өзгеше болатын дәрежеде, жоғарыда келтірілген болжамдардан ерекшеленуі мүмкін.

Компанияның COVID-19 таралуын болдырмау және жұмысшылардың, сондай-ақ жергілікті халықтың денсаулығын қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы 2021 жылы да өндірістік қуаттардың үздіксіз жұмыс істеуін және сақталуын қамтамасыз ете алды. Алайда, 2020 жылы Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде өндірістік объектілердегі кейбір операциялық қызмет 4 айлық кезеңге тоқтатылды, бұл геологиялық барлау және тау-кен дайындық жұмыстарына әсер етіп, жаңа технологиялық блоктарды пайдалануға беру кестесінің өзгеруіне әкелді. Бұл жағдай 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілетін көлемдермен салыстырғанда дайын өнім өндіру көлемінің төмендеуіне әсер етті. Технологиялық блоктарды дайындаудағы кідірістерден басқа, COVID-19 бүкіл өндірістік жеткізілім тізбегіне әсер етті, бұл белгілі бір материалдардың, соның ішінде құбыр өнімдерінің жетіспеуіне әкелді. Осы жағдай  бірінші жартыжылдықта өндіріс нәтижелеріне де әсерін тигізді. Осы қиындықтарға қарамастан, Топ уран өндіру жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарды сақтайды және оны орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, алайда  екінші жартыжылдықта жеткізу тізбегінде және тау-кен-дайындық жұмыстарының кестесінде қиындықтар сақталған жағдайда, жылдың соңындағы өндірістің түпкілікті көлемі нысаналы деңгейге сәйкес келмеу жағдайы мүмкін.

Компания тек қана оның бақылауындағы операциялық көрсеткіштер және ішкі өзгерістер болжамдарын (жылдық мәнде) жаңартатынына назар аударыңыз. Айырбас бағамдары және уранның бағасы сияқты сыртқы көрсеткіштердің негізгі болжамдары мажоритарлық акционермен ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ) келісімі бойынша және бөгде көздердің деректері негізінде компанияның бюджетін қалыптастыру кезінде белгіленеді; мұндай болжамдар ерекше жағдайларда ғана жаңартылады.

Компания табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейін қатысу үлесіне барабар жылдық өндірістің шамамен алты-жеті айлық көлемі деңгейінде ұстап тұруға ұмтылысын жалғастыруда, алайда, пандемия кезіңдегі өндіріс жоғалтулар себебінен 2021 және 2022 жылдардағы қорлар ағымдағы деңгейден төмен болуы мүмкін. Сонымен бірге, Компания өз қорларын оңтайландыру мүмкіндіктерін іздеу үшін тұрақты түрде нарық мониторингін жүзеге асырады, сондай ретте  екінші тоқсанның соңында Компания спот нарығында материалды сатып алу транзакцияларын жасаған болатын.

Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама – 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық көрсеткіштері (2021 жылғы 26 тамыз)

Қазатомөнеркәсіп 2021 жылғы  бірінші жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық нәтижелер жарияланған соң, оларды талқылау үшін 2021 жылғы 26 тамызда конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Басталуы Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 17:00-де / BST 12:00-де / EST 07:00-де. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде "Сұрақ-жауап" сессиясы өтеді. Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырауға қосылуға шақырамыз (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады).

Ағылшын тіліндегі таныстырылымның тікелей көрсетіліміне (вебкаст) қосылу (сонымен қатар вебкаст қатысушылардың конференц-қоңырау кезінде өз сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар), конференц-қоңыраудың телефон нөмірлерінің егжей-тегжейлерін білу, сондай-ақ «Сұрақ-жауап» сессиясына қатысу бойынша нұсқаулар алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/60374fce-8f3b-4615-be0f-105a2e5fe35e

Орыс тіліндегі таныстырылымның тікелей көрсетіліміне (вебкаст) қосылу (сұрақ қоюға мүмкіндігі ұсынылмайды, тек тыңдау үшін қолжетімді) және конференц-қоңыраудың телефон нөмірлерінің егжей-тегжейлерін білу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/2c98a3b7-47f7-42ae-8b88-86b45f655b87

Конференц-қоңыраудың жазып алынған нұсқасы (вебкаст) ол өткізілген соң көп ұзамай www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру