
ANCOR халықаралық компаниясының «The Talentist» деп аталатын тәуелсіз зерттеулерінің нәтижесі бойынша, Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші үштіктің қатарына кірді. Ал тау-кен металлургия кешенінде көшбасшы деп танылды.
Зерттеулер еліміздің ірі компанияларын қамтыды және олардың жұмыс іздеушілер арасындағы тартымдылығы, корпоративтік мәдениеті, кәсіби өсу мүмкіндіктері мен еңбек жағдайларының тұрақтылығы тұрғысынан бағаланды. Қазатомөнеркәсіп жалпы рейтингте тек мұнай-газ саласының көшбасшылары саналатын ТШО мен КПО ғана жол берді.
Бұл жетістік – жайлы әрі тұрақты жұмыс орындарын құру жолында атқарылған жылдар бойғы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазатомөнеркәсіп мамандарды тартып қана қоймай, әрбір қызметкердің өсуіне, өз әлеуетін көрсетуіне және компаниямыздың бір бөлігі екенін мақтанышпен сезінуіне жағдай жасауға ұмтылады.
Қазатомөнеркәсіп персоналды басқару және корпоративтік тұрақтылық саласындағы озық тәжірибелерді енгізе отырып, өзінің кадрлық әлеуетін дамытуды белсенді түрде жалғастырады.