15 қыркүйекте Вена (Австрия) қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас конференциясының 69-шы сессиясы ашылды. Жыл сайын бұл іс-шара атом өнеркәсібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін МАГАТЭ-ге мүше 170 астам мемлекет өкілдерінің басын қосады.
Конференция аясында Қазақстанның ұлттық павильоны ұсынылған көрме өтуде. Стендтің ресми ашылу салтанатына МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гросси еліміздің бейбіт мақсаттағы атом энергетикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті:
«Бүгінде біз Қазақстан атом өнеркәсібі мамандарының жоғары кәсібилігінің арқасында мүмкін болған тамаша жетістіктерді көріп отырмыз. Сіздің мемлекет бай ресурстардың ғана емес, сонымен қатар, озық шешімдерді енгізудің арқасында жаһандық ядролық отын циклінде маңызды рөл атқарады. МАГАТЭ оны жоғары бағалайды және бейбіт атом энергетикасын дамытудың кез келген кезеңінде Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын».

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еліміздің стратегиялық көзқарасын атап өтті:
«Біз үшін көрмеге қатысу – ядролық технологиялардың қолдану аясы энергетикамен ғана шектелмейтінін көрсету мүмкіндігі. Ғылым, медицина, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналуда. Сондықтан біз атом энергетикасының болашағы қауіпсіз, инновация мен ынтымақтастыққа ашық болуы керек деп сенеміз».
Қазатомөнеркәсіп конференция аясында «Жерасты ұңғымалы шаймалау және уран өнеркәсібінің болашағы» тақырыбында қосалқы іс-шара ұйымдастырды. МАГАТЭ компания тарапынан қолданылатын ЖҰШ әдісін уран өндірудің ең экологиялық таза және тиімді әдісі деп таныды.

«Қазатомөнеркәсіп жаһандық ядролық энергетиканың келешегін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біздің тәжірибеміз бен ресурстарымыз таза энергияға көшуге және халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. МАГАТЭ конференциясына қатысу және серіктестермен диалог атом саласының тұрақты болашағын тек бірлескен күш-жігер арқылы қамтамасыз ете алатынымызды растайды», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары – экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Марат Төлебаев.
МАГАТЭ Бас конференциясының 69-шы сессиясы 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның бағдарламасына пленарлық отырыстар, тақырыптық сессиялар және екіжақты кездесулер кіреді. Шара қорытындысы бойынша жаһандық атом саласының дамуын айқындайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп - 2024 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 21% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен бақылау құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп - Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері - Атом генераторларының операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Азия, Еуропа және Солтүстік Америка. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom AG (THK) арқылы сатады.
Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.