| (AIX)    USD 40.27   %0      KZT 18615   %0     

Қазатомөнеркәсіп күн энергетикасы саласындағы бизнес-активтерін сатады

5 наурыз 2021
Қазатомөнеркәсіп күн энергетикасы саласындағы бизнес-активтерін сатады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылғы 12 наурызда күн энергиясы саласындағы өзінің бейінді емес активтерін сату бойынша қосымша аукцион өткізетінін хабарлайды. 2021 жылғы 12 ақпандағы бірінші аукцион қатысушылар санының жеткіліксіз болуы себебінен өткізілмеді деп танылды: электрондық аукцион басталған сәтте екіден кем қатысушы тіркелді.

Жария саудаға «KazSilicon» МК» ЖШС, «Astana Solar» ЖШС және «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС-тің жарғылық капиталдарындағы Қазатомөнеркәсіптің 100% қатысу үлесі шығарылды. Компанияның бейінді емес кәсіпорындарын сату Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Аукционға қатысу үшін әлеуетті сатып алушылар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында e-auction.gosreestr.kz тіркелу рәсімінен өтуі тиіс. Активті жарияланған бағамен сатып алуға өзінің ниетін бірінші болып растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

«Astana Solar» ЖШС – фотоэлектрлік модульдерді құрастыратын заманауи зауыт. Кәсіпорын өндірістік қуаты жылына 50 МВт-тық және оны жылына 100 МВт-қа дейін ұлғайту мүмкіндігі бар еуропалық автоматтандырылған желімен жабдықталған. Өндірістік желі өндірістік аудит талаптарына жауап береді, өнімдер сертификатталған және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Фотоэлектрлік модульдерді өткізу нарығы – Қазақстан, Орталық Азия, ТМД және Еуропа елдері. Серіктестіктің «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде бірқатар артықшылықтары мен жеңілдіктері бар.

«Astana Solar» ЖШС активтері: өндірістік және қойма ғимараттары бар зауыт (ауданы 9 745,00 шаршы метр), инженерлік қамтамасыз ету ғимараты (ауданы 664,82 ш. м.), дайын өнімді уақытша сақтау қоймасы (2 700 ш. м.), дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) ғимараты (ауданы 5 087,20 ш. м.), зауыт қазандығы мен ДСК, транформаторлық қосалқы станциялар, 250 кВт-тық күн электр станциясы, ВРТБ-60 кВт, ТНУ-154 кВт, зауыт пен ДСК күзет бекеті. Жер учаскесінің жалпы ауданы – 5 га. Кәсіпорынның бастапқы бағасы – 10 144 134 мың теңге. Кәсіпорынның ең төменгі бағасы 1 690 689 мың теңгені құрайды.

«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС – жобалық қуаты жылына 60 МВт мультикристалды кремний пластиналары мен фотоэлектрлі ұяшықтар өндіретін қазақстандық зауыт. Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын еуропалық автоматтандырылған жабдықпен жарақталған. Өнімді өткізу нарығы – Қазақстан («Astana Solar» ЖШС), Орталық Азия, ТМД және Еуропа елдері.

Компанияның меншігінде ауданы 52 786 ш. м. жер учаскесі, ауданы 21 108 ш. м. өндірістік, қойма және өзге ғимараттары бар зауыт, трансформаторлық қосалқы станция және сумен жабдықтау ұңғымасы бар. Кәсіпорынның бастапқы бағасы – 16 762 065 мың теңге. Кәсіпорынның ең төменгі бағасы 2 793 678 мың теңгені құрайды.

«KazSilicon» металлургиялық комбинаты» ЖШС Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылында орналасқан. Компания өзінің табиғи тазалығы өте жоғары (99,5%), расталған қоры 1 625,8 мың тонналық талшықты ақ түсті кварцты «Сарыкөл» кен орнында жұмыс жүргізеді. Серіктестік 2025 жылға дейін жер қойнауын пайдалану келісімшартына ие. Кен орнын игеру жоспарына сәйкес жыл сайынғы өндіру 50 мың тоннаны құрайды, өндіруді 200 мың тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Кварц ұнын, маршалитті және түрлі фракциялардың қиыршық тастарын өндіру арқылы өнім желісін кеңейтуге болады. Кварцты өндіру үшін серіктестіктің жеке вахталық кенті, кварцты кенді ұсақтауға және сұрыптауға арналған жабдықтар, өнімді бұрғылауға және тасымалдауға арналған арнайы техника, материалдар мен жарылғыш заттарға арналған қоймалары бар. Кварцтың сапасын анықтау үшін «KazSilicon» МК» ЖШС (рентгенофлуоресценттік талдау, индуктивті-байланысқан плазмамен оптикалық спектрометрия) жабдықпен жабдықталған жеке өндірістік зертханасына ие. Қазақстаннан тыс сатып алушылар (ҚХР) тарапынан өнімге ұзақ мерзімді сұраныс, сондай-ақ шақпақ, ферросилиций және құрылыс материалын ішкі өндірушілер тарапынан ішкі сұраныс бар.

Сондай-ақ, серіктестік жобалық қуаты жылына 5 000 тонна металлургиялық кремний өндіру жөніндегі металлургиялық комбинатқа ие (оны жылына 60 000 тоннаға дейін кеңейту мүмкіндігі бар). Өндірістің ілеспе өнімі – тығыздығы жоғары микросилика (микрокремнезем). Металлургия комбинатының балансында жабдықтары мен техникасына ие өндірістік цехтар, қоймалар, таразымен және пандуспен жабдықталған теміржол тұйығы бар.

Кәсіпорынның бастапқы бағасы – 2 121 000 мың теңге. Кәсіпорынның ең төменгі бағасы 353 000 мың теңгені құрайды.

Өткізілетін сауда-саттық туралы ақпарат e-auction.gosreestr.kz сайтында орналастырылған:

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR ж PR департаментің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24%-ы мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндірді. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру