| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

Қазатомөнеркәсіп QAMS номинациясында жеңімпаз атанды

29 ақпан
Қазатомөнеркәсіп QAMS номинациясында жеңімпаз атанды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2024 жылы Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) тағайындаған миноритарлық акционерлермен диалогқа ұмтылысы үшін «Yntaly Kompaniya» номинациясында жеңімпаз атанды.

«QAMS қауымдастығына Қазатомөнеркәсіптің Қазақстандағы капитал нарығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны және маңыздылығын мойындағаны үшін алғыс білдіреміз. Осы номинациядағы жеңіс 2018 жылғы қарашада IPO-ға шыққан сәттен бастап Қазатомөнеркәсіп қызметінің негізгі қағидаттары ашықтық, иелену үлесіне қарамастан барлық инвесторларға тең қарым-қатынас болып табылатынын растайды. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және миноритарлық акционерлерімізбен коммуникацияның жоғары деңгейін сақтауға тырысамыз», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның коммерция жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев.

«Көптеген мемлекеттік компаниялар IPO-ға шығуда. Олардың капиталында пайда болатын жеке акционерлер үшін негізгі мәселе инвестицияланған капиталды қайтару болып табылады.

Осыған байланысты миноритарлық акционерлермен байланысты басқару компанияның капиталдандыруын басқарумен тең болады. Бұл номинациядағы жеңіс бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіп IR-қызметінің бенчмаркі екенін растайды және осы бағытта Қазақстанның басқа да жария компаниялары Қазатомөнеркәсіпке лайықты бәсекелес болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті QAMS атқарушы директоры Данияр Темірбаев.

QAMS Басқарушы кеңесінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Компания жеңімпаз деп таңдалды.

Номинацияға жергілікті және/немесе шетелдік биржаларда листингтен өткен Қазақстанда негізгі активтері бар жария компаниялар қатысады. QAMS ережелеріне сәйкес іріктеудің негізгі критерийлері:

  • Миноритарийлермен байланысты жақсарту, эмитенттің нарықтық құнын арттыру және корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша қабылданып жатқан қадамдар.
  • Миноритарлық акционерлермен коммуникацияларда және нарық үшін маңызды ақпаратты ашумен байланысты оқыс оқиғалардың болмауы.
  • Менеджменттің коммуникацияларды басқару нарықтық капиталдандыруды басқарумен тең екенін түсінуін көрсету.

QAMS марапаты Компанияның ақпаратты ашудың, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне бейілділігін және акционерлердің мүдделеріне сәйкес Қазатомөнеркәсіптің инвестициялық тартымдылығын арттыруға тұрақты ұмтылысын растайды.

 

 

Қосымша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Осы хабарландырудың көшірмесін www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.

 

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар  мәлімдемелер қолданылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА  ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру