| (AIX)    USD 28.58   %0      KZT 13350   %0     

Қазатомөнеркәсіп АЭХА-нің Вена тобының негізін қалаушы мүшелердің бірі болып қосылды

23 қыркүйек 2021
Қазатомөнеркәсіп АЭХА-нің Вена тобының негізін қалаушы мүшелердің бірі болып қосылды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Басқарма төрағасы

Мәжит Шәріпов Қазақстандық делегация құрамында 2021 жылғы 20-24 қыркүйек аралығында Венада өтіп жатқан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) жыл сайынғы Бас конференциясының 65-ші сессиясына қатысты. Халықаралық атом қоғамдастығы үшін маңызды оқиға болып табылатын осы конференция шеңберінде атом энергиясының климат пен экологияға пайдасымен қатар, еңбекті қорғау бағыттындағы жетістіктер, ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік мәселелері талқыланып, сондай – ақ қазіргі және жаңа ядролық технологияларды бейбіт пайдалану сияқты атом саласындағы негізгі мәселелер мен сауалдарды қамтитын презентациялар мен пікірталастар өткізілді. Конференция шеңберінде Шәріпов мырза сала ұйымдары мен компанияларының басқа да басшыларымен қатар, АЭХА-нің Бас директоры Гросси мырзаның төрағалығымен өткен Вена тобының (бұдан әрі - "Топ") бірінші отырысына қатысты.

"Топтың мақсаты - ядролық сектордағы инновацияларды ынталандыру негізінде ядролық технологияларды тиімді және тұрақты пайдаланудың арқасында ағымдағы жаһандық проблемаларды шешу үшін платформаны ұйымдастыру, - деді Шәріпов мырза. - Аталған іс-шара шеңберіндегі талқылаулар атом саласындағы маңызды әзірлемелер мен инновацияларға, сондай-ақ ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалануды кеңейту үшін жеке сектор мен инвесторлардың АЭХА-мен ынтымақтасу жолдарын қарастыратын зерделеуге бағытталған. Осындай маңызды және перспективалы жоба щеңберінде бас директор Гросси мырзаның басшылығымен Топқа негізін қалаушы мүшелердің бірі ретінде қосылу Қазатомөнеркәсіп үшін үлкен мәртебе".

"Бүгінгі кездесудің маңыздылығы алдағы жылдар мен онжылдықтарда көптеген айтулы нәтижелерге жетуге мүмкіншіліктерді ашумен айқындалады- деді Бас директор Гросси мырза. – Жаңа ұрпақ үшін жақсы болашақты қамтамасыз ету үшін, қазіргі қауіп-қатерлер мәселелерін шешу барлық сала мушелерінің бірлескен жұмысын талап етеді. Вена тобы келісілген жұмысты кеңейтуге негіз болады. Атом индустриясындағы әртүрлі ұстанымдарымыз бен міндеттерімізді ескере отырып, біз бірге көп нәрсе жасай аламыз. Атом саласындағы осындай көрнекті көшбасшылар тобының кездесуін өткізу мен үшін үлкен мәртебе".

Атом энергетикасының экологиялық таза және қазіргі заманғы энергия көздеріне көшуді ынталандыруға, сонымен қатар климаттық өзгерістерді алдын алуға өз үлесін қосу мүмкіндігі бар. Төмен көміртекті энергияның сенімді және тұрақты көзі ретінде атом энергетикасы төтенше табиғи құбылыстарын тудыратын температураның тез көтерілуін шектеу үшін шұғыл шаралар қабылдауда маңызды рөл атқарады.

Топ негізін қалаушы мүшелер АЭХА-нің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі ядролық технологиялар мен атом энергиясының үлесін ұлғайту жөніндегі миссиясына қолдау көрсететін болады. Вена тобының құрамына атом энергетикасының барлық салаларын және онымен байланысты ядролық отын циклы саласындағы компаниялар косылды, олардың ішінде: Қазатомөнеркәсіп, Қытай Ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC), Électricité de France, Eletronuclear, Mitsubishi Heavy Industries, Nucleoeléctrica Argentina, NuScale Power, Rolls Royce SMR, Росатом, SNC-Lavalin Power Group, Teollisuuden Voima Oyj, Urenco және Westinghouse Electric. Вена тобы талқыланатын тақырыптарға байланысты қосымша сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын кездесулерін өткізеді.

Топ жариялаған бірлескен мәлімдеменің толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша АЭХА-нің веб-сайтынан табуға болады:

https://www.iaea.org/sites/default/files/21/09/group-of-vienna-joint-statement.pdf

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру