| (AIX)    KZT 18000   %   -0.55 USD 39.65   %   -0.23

Қазатомөнеркәсіп Murager білім беру гранттары бағдарламасын іске қосады

30 мамыр 2023
Қазатомөнеркәсіп Murager білім беру гранттары бағдарламасын іске қосады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Murager білім беру гранттарының әлеуметтік бағдарламасын іске асырудың басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама компания қатысатын аймақтардағы талапкерлерді, колледж түлектерін және бастауыш курс студенттерін қолдауға бағытталған.

«Ауыл жастары үшін қолжетімді жоғары білім үнемі біздің назарымызда. Атом холдингі өңірлердің дамуына және жергілікті халықтың сапалы білім алуына, сондай-ақ техникалық мамандықтарды танымал етуге өз үлесін қосуды жоспарлап отыр. Елдің болашағы – білімді жастар! Мектеп түлектері мен оқу орындарының 1-3 курс студенттерін Қазатомөнеркәсіптің білім беру гранттарын алу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға шақырамыз», - деді Қазатомөнеркәсіптің HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры Әлібек Алдоңғаров.

Үстіміздегі жылы компания уран өндірісі және өндіру, геологиялық барлау, ядролық-отын циклі, ғылыми қызмет, энергетика, экология және қоршаған ортаны қорғау (HSE) сияқты бағыттар бойынша Қазақстанның техникалық университеттері мен колледждерінде 1 жыл оқу құнын жабатын 50 білім беру грантын бөледі. Оқуы үздік болған жағдайда қатысушылар Murager бағдарламасы бойынша келесі оқу жылында да оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Бірінші жылы фокус Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарына бағытталады, алдағы уақытта қатысушылардың географиясын кеңейту жоспарлануда.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 11 тамызға дейін жүзеге асырылады. Өтінім беруге және конкурсқа қатысу шарттарымен бағдарламаның https://murager.kazatomprom.kz сайтында және Instagram әлеуметтік желісіндегі @muragerprogram парақшасында танысуға болады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұратулары бойынша

Сабина Кумурбекова,   PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек,  PR департаментінің Бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Murager бағдарламасына қатысты мәселелер бойынша

Динара Әбдіхамитова, HR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 81 25

Айгүл Ямалтдинова, Murager бағдарламасының коммуникациялар жөніндегі үйлестіруші

Тел: +7 776 272 27 09

E-mail: hr@kazatomprom.kz

 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесін  www.kazatomprom.kz -нан алуға болады.

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.

Пікір қалдыру