
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Energy Asia (BVI) Limited компаниясының 40,05% акциялар пакетін және Energy Asia Holdings (BVI) Limited компаниясынан «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 16,02% қатысу үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтағанын мәлімдейді.
Мәміле нәтижесінде Қазатомөнеркәсіптің «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС-тегі иелену құрылымы сәйкесінше 52,5%, 50% және 50% құрады.
Компанияның жоғарыда аталған кәсіпорындардағы өзінің тиімді қатысу үлесін ұлғайту ниеті Құнды қағаздар эмиссиясының аңдатпасында көрініс тапқан болатын.