| (AIX)    KZT 18195   %   -0.71 USD 39.87   %   1.14

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 500 млн АҚШ доллары сомасындағы еурооблигациялар шығарылымын өтегені туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

22 мамыр 2015
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 500 млн АҚШ доллары сомасындағы еурооблигациялар шығарылымын өтегені туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2015 жылғы 20 мамырда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2010 жылғы мамырда 6,25% сыйақы мөлшерлемесімен 5 жыл мерзімге орналастырған 500 000 000 АҚШ доллары сомасындағы еурооблигациялар шығарылымын өтеп, купондық сыйақыларды төлеуді жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы ұлттық атом компаниясының еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын өтеуі мен купондық сыйақыларды төлеуі еурооблигациялар эмиссиялары шығарылымы проспектісінің шарттарына сәйкес толық көлемінде жүргізілді.


  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 25 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті
+7 /7172/ 55-13-05
pr@kazatomprom.kz

Пікір қалдыру