| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Баспасөз баяны Жазғы мектеп-2015 ашылғаны туралы

23 маусым 2015
Баспасөз баяны Жазғы мектеп-2015 ашылғаны туралы

2015 жылғы маусымның 22-сінде Ыстықкөл жағалауында (Қырғыз Республикасы) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мамандарының ХІ Жазғы мектебі жұмыс бастады.

Жыл сайын өтетін іс-шараға биыл ұлттық атом компаниясының еншілес және бағынышты ұйымдарының 50-ден астам өкілі қатысуда. Жазғы мектепте Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының жас мамандары мен ғалымдары жаңаша оқыту мен басқару дағдыларын меңгереді, білім жетілдіріп, біліктілігін арттырады және корпоративтік тұтастық рухын дамытады.

Сондай-ақ, аталмыш іс-шара аясында компания қызметкерлерінің инновациялық және зерттеу жобаларына жарияланған байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады, жеке коммуникативтік дағдыларды қалыптастыратын тренингтер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Жазғы мектеп-2015 қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаз командаға кубок және естелік сыйлықтар тапсырылады.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік университеті саналатын «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС.

 

«Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша мамандандырылған орталық. 2004 жылғы қыркүйекте тіркелген. Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының атом саласы ерекшелігі бойынша әзірленген білікті мамандарға деген сұранысын қанағаттандыруға, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттырудың үздіксіз үдерісін қамтамасыз етуге қызмет етеді.

 www.knu.kz

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру