«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп, ҚАӨ немесе Компания) 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған 2019 жылғы 2-тоқсандағы және жартыжылғы қызметінің мынадай операциялық нәтижелерін жариялайды.
Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ Компанияның 2019 жылғы 2-тоқсан мен жартыжылдық операциялық қызметінің негізгі нәтижелеріне және 2019 жылға арналған болжалдарына қатысты алдын ала ақпаратты білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелерінде қамтылған ақпарат түбегейлі емес және өзгертілуі мүмкін.
Нарыққа шолу
АҚШ Сауда министрлігі АҚШ-тың Сауданы кеңейту туралы Заңының 232-бөлімі бойынша қысқа аралық белгісіздік екінші тоқсанда уран нарығына қысым көрсетуді жалғастырды. 14 сәуірде АҚШ Сауда министрлігі АҚШ Президенті Трампқа 1962 жылғы АҚШ-тың Сауданы кеңейту туралы Заңының 232-бөліміне сәйкес уран импортының АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруін тексеріп, тергеу нәтижелерін құпия түрде ұсынды. 12 шілдеде АҚШ Президенті уран нарығында сауда шектеулерін қолданбау туралы шешімін жария етті. Бұдан басқа, ядролық отынның бастапқы ішкі жеткізілімдерінен тыс толық талдауды жүзеге асыру мақсатында АҚШ-тың ядролық отын жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, өндірушілер үшін де, энергия компаниялары үшін де белгісіздік деңгейін төмендетіп, ықтимал сауда шектеулерімен байланысты индустрияның негізгі мазасыздықтары сейілді.
Екінші тоқсанда ұсыныс нарығындағы негізгі өзгерістер Африкадағы уран өндірісі саласындағы жаңалықтармен байланысты болды. Намибиялық бәсекелестік жөніндегі комиссия Rio Tinto Rössing Uranium Limited активі мен "Rossing" уран кенішіндегі бақылау пакетінің Қытай Ұлттық Уран Корпорациясының (CNUC) пайдасына сатылуын шартты түрде бекітті.
Жапонияның ядролық реттеу жөніндегі агенттігі (Nuclear Regulation Authority) оларға АЭС-дағы резервтік басқару орталықтарының құрылысын аяқтау мерзімін ұзарту туралы сұрау салуда бас тартқан кезде Жапониядағы энергия компанияларының сұраныс нарығында кезекті сын-қатердің алдында тұрды. Ұсынылған талаптарды уақтылы орындамайтын энергия компаниялары қызмет істеп тұрған тоғыз реакторды қоса алғанда, өздерінің АЭС жұмысын тоқтата тұруына тура келеді.
Мамыр айында Тайваньда атом энергетикасына қолдау білдірген көпшілік референдумнан кейін Тайвань үкіметі 2025 жылға дейін атом энергетикасынан бас тарту туралы бұрын қабылданған заңдардың күшін жойды. Өз кезегінде Франция атом электр станцияларының электр энергиясын өндірудегі үлесін 2025 жылға дейін шамамен 72% -дан 50% -ға дейін төмендету жоспарын ресми түрде кейінге қалдырды. 2050 жылға қарай көміртегі шығарындыларын нөлдік деңгейге жеткізуге бағытталған Францияның климат және энергетикалық бастамалары пакеті ядролық энергияны жоспарлы түрде төмендетуді кемінде он жылға, яғни 2035 жылға дейін шегіндірді.
АҚШ-та Энергетика министрінің орынбасары АҚШ реакторларының қызмет істеу мерзімін 80 жылға дейін ұзарту бағытында АҚШ Энергетика министрлігі көмек көрсететінін жария етті. Қызмет ету мерзімін ұзарту Халықаралық энергетикалық агенттіктің көміртегі шығарындыларын төмендету және энергетикалық қауіпсіздікті жоғарлату үшін қолданыстағы реакторлардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту маңызды екендігін мақұлдайтын пікірді қолдайтынын көрсетеді.
Споттық нарық
Бірінші тоқсанның аяғында споттық баға күрт төмендегеннен кейін, сәуірде фунт U3O8 үшін 25,00 АҚШ доллары мен 26,00 АҚШ доллары аралығында тұрақтап, ал маусым айында бір фунт бағасы 24,00 АҚШ долларына дейін төмендеді. Екінші тоқсандағы негізінен АҚШ-тың мүмкін болатын сауда-саттық жағдайына байланысты нарықтық жағдайдың белгісіздігі, сонымен қатар сатып алушылардың белсенділігінін шектеулі болуы аясында сатушылардың бәсекелестігінің өсуі бағаның әлсіреуі алып келді.
Үшінші тараптардың нарықтық мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдық U3O8 фунт үшін споттық саудасының жалпы көлемі орташа деңгейден жоғары болса да, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15%-ға төмен болды. Орташа апталық споттық баға фунт U3O8 үшін 26,47 АҚШ долларын құрап, споттық сауданың жалпы көлемі, 29 млн. фунт U3O8 жуық деңгейіне жетті, ал өткен 2018 жылдың осындай жартыжылдығында орташа сату бағасы U3O8 фунт үшін 22,14 АҚШ доллары деңгейінде 34 млн. фунт U3O8 құрады.
Ұзақ мерзімді нарық
Ұзақ мерзімді нарықта келісімшарт көлемі 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 40 миллион фунт U3O8 дейін өсті (2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі шамамен 14 миллион фунтпен салыстырғанда). Алайда, белгіленген баға шарттарымен жасалған мерзімдік келісімшарттардың жалпы жетіспеушілігі жалғасуда, нәтижесінде ұзақ мерзімді бағаның U3O8 фунт үшін 32,00 АҚШ доллары деңгейінде тоқтап қалуы байқалады.
Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айлық операциялық қызметінің нәтижелері 1
|
30 маусымда аяқталған үш ай |
Өзгеріс |
30 маусымда аяқталған алты ай |
Өзгеріс |
||
(мың тонна U3O8 егер басқаша көрсетілмеген болса) |
2018 |
2019 |
2018 |
2019 |
||
Өндіріс көлемі (100% негізде)2 |
5,387 |
5,506 |
2% |
10,905 |
10,800 |
(1)% |
Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар)3 |
2,861 |
3,163 |
11% |
5,771 |
6,226 |
8% |
Топтың сату көлемі4 |
3,294 |
3,780 |
15% |
5,579 |
5,425 |
(3)% |
ҚАӨ сату көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген)5 |
2,887 |
3,143 |
9% |
5,167 |
4,608 |
(11)% |
ҚАӨ мәмілелері бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл./фунтU3O8)6* |
24,29 |
27,69 |
14% |
23,79 |
27,43 |
15% |
Айдың соңындағы спот бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)7* |
22,13 |
24,43 |
10% |
21,78 |
25,92 |
19% |
2 - Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді және өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне әсері немесе құқығы және (ІІІ) Топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілермен өз өкілеттіктерін пайдалану қабілеті болуы арқылы бақылайтын компаниялардың) сатуын қамтиды. Маңызды әлеуетті дауыс құқығын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаны бақылауын бағалау кезінде ескеріледі.
5 KAӨ сату көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген): ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TҰK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. KAP және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 ҚAӨ өткізуінің орташа бағасы: KAӨ және TҰK шоғырландырылған сату үшін уран концентратының бір фунтына арналған орташа өлшенген баға. KAӨ және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
7 Дереккөз: UxС, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін емес, уранға айдың соңындағы споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін білдіреді, өйткені келісімшарттық баға талаптары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.
*кг-ні U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз.
2019 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдықта 100% негізіндегіі өндірудің көлемі, осы кезеңдегі 2018 жылғы көлеміндей болды. 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп иелену үлесіне барабар өндіріс көлемі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарына сәйкес 2019 жылғы өндірістің біршама жоғары деңгейіне байланысты (бұл жоспарланған және жария етілген), сондай-ақ өндірістің әр түрлі деңгейіне және әр кәсіпорындағы үлестік қатысу деңгейінің әртүрлі болуына байланысты біршама жоғары болды.
Қазатомөнеркәсіп және топтың екінші тоқсандағы сату көлемі, кейбір жеткізілімдердің бірінші тоқсаннан екінші тоқсанға кейінге қалдырылуымен байланысты, жоғары болды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында сату көлемі 2018 жылмен салыстырғанда төмен, алайда бұл 2019 жылғы болжаммен сәйкес болды. Сатылым көлемі әр тоқсанда айтарлықтай өзгеруі мүмкін, ал тоқсан сайынғы сату көлемі тапсырыс берушілердің сұранысына және жеткізілімнің физикалық белсенділігіне байланысты жыл сайын өзгеріп отырады.
Сатудың неғұрлым жоғары орташа бағасы 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2019 жылы споттық бағаның ұлғаюына және компанияның келісімшарттары қоржынының уранның ағымдағы споттық бағасымен тығыз өзара байланысына байланысты.
Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылға арналған болжалдары
(айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 370 теңгені құрады) | 2019 |
Өндіріс көлемі (мың т. уран ) (100% негізде) 1 | 22,750 – 22,800 |
Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) (мың т. уран ) 2 | 13,000 – 13,500 |
Топтың өткізу көлемі (мың т. уран ) 3 | 15,000 – 16,000 |
ҚАӨ сату көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген) (мың т. уран ) 3 | 13,500 – 14,500 |
Топтың жалпы шоғырландырылған түсімі млрд .теңге 4 | 485 – 505 |
Топтың жалпы шоғырландырылған түсіміне енгізілген U3O8 өткізуден түскен түсім млрд теңге 4 | 392 – 408 |
Ақшаның өзіндік құны (USD / фунт*) * | $11.00 – $12.00 |
Ақшаның өзіндік құны + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (USD / фунт*) * | $15.00 – $16.00 |
Күрделі шығындар (100% негізде) млрд. теңге 5 |
80 – 90 (бұрын 85 – 95) |
2 Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TҰK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. KAP және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
4 Күтілетін түсім сыртқы көздерден алынған уран бағасына негізделген. U3О8 бір фунты үшін 26 АҚШ доллары бағасын көрсете отырып, 2018 жылғы 3-тоқсанда жариялаған спот бағасының болжамы 2019 ж. бюджетін жасау кезінде пайдаланылды. Осылайша, түсімге уранның нақты бағасы осы жорамалдың қалай түрленуіне қарай әсер етуі мүмкін.
5 Жиынтық күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының инвестициялық шығындарын ғана қамтиды.
* кг-ні U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз. U3O8 is 2.5998.
2018-2020 жылдар кезеңінде өндірудің жоспарланған көлемін (Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің шоғырландырылған жоспарланған деңгейімен салыстырғанда) 20%-ке қысқарту туралы мәлімделген ниетті ескере отырып, бұрын айтылған болжалдарға сәйкес 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс деңгейі өзгермейді деп күтілуде. Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес 2019 жылы өндіру шамамен 22 750 – 22 800 тонна уранды (100% негізде) құрайды деп күтілуде; өндіріс деңгейі көлемінің қысқаруын есепке алмағанда, 2019 жылы 28 500 тонна уран (100% негізде) деген белгіден асып түсер еді.
Сату көлемі және түсім бойынша болжалдар да бұрын айтылған деректермен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
Ақшаның өзіндік құны С1 (иелену үлесіне барабар) және өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындар (attributable C1 + capital cost) өзгерсіз қалды, алайда бірінші жарты жылдықта теңге АҚШ долларына қарағанда, 2019 жылғы бюджет болжамына 370 теңге/1 АҚШ доллар қарағанда төмен болды. Нәтижесінде, ақшаның өзіндік құны С1 мен өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындар да болжанған диапазонның төмеңгі деңгейіне түсті.
2019 жылы жалпы күрделі шығындарының (100% негіздеме) төмендеуі, кейбір өндіруші активтерді кеңейтуге байланысты жобаларға шығындарды бөлу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты болды..
Компания жыл соңында табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейі өндірістің шамамен алты айлықтан жеті айлыққа дейін пропорционалды көлемін құрайды деп күтуде.
2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық көрсеткіштер конференц-қоңырауы туралы хабарлама 2019 жылдың 27 тамыз күні
Қазатомөнеркәсіп 2019 жылғы 27 тамызда жарияланғаннан кейін 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Басталуы 17:00 (AST) / 12:00 (GMT) / 07:00 (EST). Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде "сұрақтар/жауаптар" сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады).
Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырау шалуға шақырамыз. Қоңырау шалу кезінде:
- Қазақстаннан: +7 (8) 717 269 67 38
- Біріккен Корольдіктен: +44 (0) 80 0408 7373
- Америка Құрама Штаттарынан: +1 833 661 7897
Телефон конференциясына қосылу және «Сұрақтар / Жауаптар» сессиясына ағылшын тілінде тікелей қатысу үшін 813569 конференция нөмірін енгізіңіз, сұралған кезде 5207 құпиясөзін енгізіңіз.
Сондай-ақ, ескерту алу үшін, қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркеуден өте алады (тек ағылшын тілінде):
https://www.speakservecloud.com/register-for-call/1eaba28d-5b43-4b54-b0ea-0f14b1e3fbd5
Телефон конференциясына орыс тілінде қосылу үшін (тек тыңдау режимінде), 357958 конференция нөмірін енгізіңіз, сұралған кезде 6326 құпиясөзін енгізіңіз.
Сондай-ақ, хабарлама алу үшін, қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркеуден өте алады (тек орыс тілінде):
https://www.speakservecloud.com/register-for-call/aca09126-16e6-4a1d-9750-191e3e4156d3
Конференц-қоңыраудың тікелей эфирі (вебкаст) конференция шақырылған күні www.kazatomprom.kz интернет-ресурсының сілтемесі арқылы қолжетімді болады. Жазбасы телефондық конференция аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы
Тел: +7 7172 45 81 69
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.