| (AIX)    KZT 28000   %   -1.5 USD 61.8   %   -0.85

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2026 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

3 қараша
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2026 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2026 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үшінші тоқсан мен тоғыз айдағы қызметтің мынадай операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығы, 2025 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айдағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпарат болып табылады. Қызметтің осы операциялық нәтижелерінде қамтылған ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

2026 жылғы 18 қыркүйекте қол қойылған Ресей мен Иранға қарсы санкциялар туралы Линдси О. Грэм заңы (H.R. 5334) ауқымды экономикалық және сауда шектеулерін, соның ішінде Ресей уранының импортына қатысты ережелерді қарастырады. Алайда, бұл шаралар өз күшіне енгенге дейін, АҚШ Президенті 2026 жылғы 16 қазандағы №14436 Жарлығымен Заңның 115(а)-бабы негізінде АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сай ерекше жағдайлар (рұқсаттар – «waiver») берді. Осылайша, Заңның Ресейге қатысты санкциялық ережелерінің көпшілігінің, соның ішінде уран мен «Росатом» туралы 111-бабының, сондай-ақ 112 және 113-баптарында көзделген импорттық баждардың қолданылуы тоқтатылды.

АҚШ пен Сауд Арабиясы Корольдігі ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы 30 жылдық мерзімге келісімге (бұдан әрі – «123 Келісімі»), сондай-ақ Сауд Арабиясына американдық ядролық технологияларды экспорттауға мүмкіндік беретін кепілдіктер туралы ілеспе екіжақты құжатқа қол қойды. 123 Келісімі Сауд Арабиясында уранды конверсиялау және байыту саласында екі жылдық бірлескен зерттеу жүргізуге бағытталған. Бұл ретте байыту жөніндегі кез келген қызмет екі тараптың да міндетті жазбаша келісімін талап етеді. Тамыз айының соңында АҚШ Президенті құжатты Конгреске ресми түрде жолдады, бұл оны қараудың міндетті 90 күндік кезеңін бастап берді.

АҚШ пен Оңтүстік Корея міндетті күші жоқ негіздемелік келісімді мақұлдады, оған сәйкес Оңтүстік Корея АҚШ-тағы жаңа атом қуаттарын дамытуға 120 миллиард долларға дейін инвестиция салады. Келісім АҚШ аумағында сегіз энергоблок салуды қарастырады: Westinghouse әзірлеген алты AP1000 блогы және оңтүстіккореялық екі APR1400 блогы. Аталған энергоблоктардың құрылысына 100 миллиард доллар көзделген, ал қалған 20 миллиард доллар күтпеген шығындар резервін құрайды. Сонымен қатар, келісім корейлік инвесторларға Westinghouse Electric Company компаниясының ықтимал алғашқы жария орналастырылуы (IPO) қарсаңында оның акцияларының 5%-дан 10%-ға дейінгі үлесін сатып алу мүмкіндігін ашады.

Westinghouse Electric Company компаниясы ықтимал IPO өткізу үшін АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) S-1 нысаны бойынша алдын ала тіркеу өтінімін берді. Орналастырудың болжамды көлемі мен баға диапазоны әлі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта Westinghouse Electric Company акционерлері Brookfield және Cameco компаниялары болып табылады, олар тиісінше акциялардың 51% және 49% үлесіне иелік етеді.

Нигер австралиялық Atomic Eagle компаниясымен Madaouela уран жобасы бойынша жаңа тау-кен келісіміне (Mining Convention) қол қойды. Қайта құрылымдалған Madaouela Mining Company SA (MAMICO) бірлескен кәсіпорнында елдің үлесі 40%-ға дейін өсті, ал Atomic Eagle компаниясы жобада жедел бақылау мен 60% үлеске ие болды.

Италия Сенаты 39 жылдық мораторийден кейін азаматтық ядролық энергетиканы дамытуды қайта бастауды көздейтін заң жобасын түпкілікті мақұлдады. Заң Италия Үкіметін 12 ай ішінде азаматтық ядролық сектордағы нормативтік-құқықтық базаны және қауіпсіздік талаптарын әзірлеуге міндеттейді. Құжатпен шағын модульдік реакторлар (ШМР) мен жетілдірілген модульдік реакторларды (AMR) енгізу регламенттелген. Италияның ұлттық энергетикалық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай қуаттылығы 8-ден 16 ГВт-қа дейінгі ядролық нысандарды пайдалануға беру жоспарлануда, бұл есептеулер бойынша ішкі электр энергиясын тұтынудың 11%-дан 22%-ға дейінгі бөлігін қамтамасыз етеді.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен «Атомстройэкспорт» АҚ («Росатом» тобы) Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы – «Балқаш» АЭС-ін салу бойынша негізгі келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт жобалауды, жабдықтарды жеткізуді және нысанды тікелей салу жұмыстарын қамтиды

Есепті кезеңдегі сұраныс тарапынан болған негізгі оқиғалар:

  • Қытайдың Хайнань провинциясында Changjiang АЭС-інің №3 энергоблогы коммерциялық пайдалануға берілді, бұл – екінші кезектің екі Hualong One (HPR1000) реакторының алғашқысы. Жобаны іске асыруды China Huaneng (51%) және CNNC (49%) бірлескен кәсіпорны жүзеге асыруда.
  • Франциялық EDF компаниясы Ұлыбританиядағы Heysham 1 және Hartlepool АЭС-терінің күтілетін пайдалану мерзімін екі жылға – 2030 жылдың наурызына дейін ұзартты (бұған дейін – 2028 жылдың наурызы).
  • Испания Ядролық қауіпсіздік кеңесінің (CSN) оң қорытындысы негізінде Almaraz АЭС-ін пайдалану лицензиясын 2030 жылдың маусымына дейін ұзартты. Бұл шешім атом энергетикасынан кезең-кезеңімен бас тартудың бұған дейін бекітілген кестесіне өзгерістер енгізеді, оған сәйкес №1 энергоблокты 2027 жылдың қарашасында, ал №2 энергоблокты 2028 жылдың қазанында тоқтату жоспарланған болатын.
  • АҚШ Энергетика министрлігі Ядролық реттеу комиссиясының (Nuclear Regulatory Commission, NRC) мақұлдауын алу шартымен 2028 жылдың соңы – 2029 жылдың басында іске қосылады деп күтілетін Duane Arnold АЭС-ін қайта іске қосуға NextEra Energy компаниясына 1,9 млрд долларға дейін несие бөлді.

Ұсыныс тарапынан болған негізгі оқиғалар:

  • NexGen Energy компаниясы Саскачеван провинциясының (Канада) солтүстігінде Rook I уран кенішінің құрылысын бастады. Алдын ала бағалаулар бойынша, құрылыс жұмыстары төрт жылға созылады, ал кеніштің бүкіл пайдалану мерзіміндегі орташа жылдық өндіріс көлемі шамамен 8 346 тонна уранды (21,7 млн фунт) құрайды. Бұл ретте рұқсат етілген (номиналды) қуаттылық жылына 11 538 тонна уранға (30 млн фунт) дейін жетуі мүмкін.
  • Paladin Energy компаниясы Намибиядағы Langer Heinrich кенішін жобалық қуаттылығына шығаруды аяқтады, бұл кеніште компанияның 75% үлесі бар. 2026 жылдың 30 маусымында аяқталған 12 айлық кезеңдегі (2026 қаржы жылы) өндіріс көлемі шамамен 1 854 тонна уранды (4,82 млн фунт) құрады.
  • Ботсвана билігі Orano Mining компаниясына 2029 жылдың наурызына дейін жарамды уран барлауға арналған үш жаңа лицензия берді, бұл елдегі Orano тобы лицензияларының жалпы санын 18-ге жеткізді.
  • АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы (U.S. International Development Finance Corporation, DFC) Нигердегі Dasa уран жобасын игеруге 414,2 млн долларға дейінгі мөлшерде шартты борыштық қаржыландыруды мақұлдады. Жоба операторы – SOMIDA компаниясы, оның 80% үлесі канадалық Global Atomic компаниясына, ал 20%-ы Нигер үкіметіне тиесілі.
  • 2026 жылдың 30 маусымында аяқталған 12 айлық кезеңде (2026 қаржы жылы) Boss Energy компаниясы Оңтүстік Аустралиядағы Honeymoon жобасындағы жылдық өндірісті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61%-ға арттырды. Өндіріс көлемі шамамен 542 тонна уранға (1,41 млн фунт) жетті. Компания сонымен қатар Honeymoon кен орнын игерудің жаңартылған жоспарын ұсынды, оған сәйкес тоғыз жыл ішіндегі жалпы өндіріс көлемі шамамен 5 308 тонна уранды (13,8 млн фунт) құрайды.

Нарықтық белсенділік және баға белгілеу

*баға белгілеудің орташа мәні UxC және TradeTech

Шілдеде спот нарығындағы белсенділік жазғы кезеңге тән қалыпты деңгейде қалды, бұл ретте айдың аяғына қарай апталық спот бағасы бір фунт U3O8 үшін $85,00-дан $86,30-ға дейін өсті. Тамызда өсім жалғасып, айдың соңғы аптасында баға $89,40/фунтқа жетті. Бұған спот нарығындағы ұсыныстың шектеулі болуы, энергия компаниялары тарапынан бірқатар баға ұсыныстарына сұраныстардың (RFP) бір уақытта шығуы және Дүниежүзілік ядролық симпозиум (World Nuclear Symposium) қарсаңындағы белсенділіктің маусымдық өсуі ықпал етті. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметінше, қыркүйектегі спот белсенділігі көпжылдық кезеңдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды. Соған қарамастан, айдың ортасында уран бағасы тоқсандық ең жоғары шегіне жетіп, $90,10/фунтты құрады.

Тәуелсіз дереккөздердің бағалауы бойынша, 2026 жылдың тоғыз айындағы спот мәмілелерінің көлемі шамамен 15 270 тонна уранға (39,7 млн фунт) дейін ұлғайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (шамамен 12 080 тонна уран немесе 31,4 млн фунт) 26%-ға жоғары. Бұл ретте орташа апталық спот бағасы жылдық мәнде 22%-ға – бір фунт U3O8 үшін $70,91-ден $86,55-ке дейін өсті.

Тамызда тәуелсіз дереккөздер ай сайын жариялайтын ұзақ мерзімді баға тарихи ең жоғары шегіне жетіп, $96,50/фунтты құрады, бұл өсіп келе жатқан өтелмеген сұраныс пен шектеулі ұсыныстың көрінісі болды. 2026 жылдың тоғыз айында ұзақ мерзімді нарықтағы мәмілелер көлемі шамамен 16 230 тонна уранды (42,2 млн фунт) құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (шамамен 16 920 тонна уран немесе 44,0 млн фунт) деңгейлес.

Компаниядағы оқиғалар

Қызылту учаскесінде барлау құқығын алу

21 қыркүйекте Қазатомөнеркәсіп Қызылорда облысында орналасқан Қызылту учаскесінде уран барлауға 6 жыл мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын алғанын хабарлады. Бұл учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы Қазатомөнеркәсіпке тиесілі. Алдын ала бағалаулар бойынша, учаскедегі уран ресурстары шамамен 10 мың тоннаны (шамамен 26,0 млн фунт) құрауы мүмкін. Жақын арада ресурстарды нақтылау және учаскенің әлеуетін бағалау үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Компанияның жаңа аумақтарды барлау мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын алуы Қазатомөнеркәсіптің ресурс базасын ұлғайту және тиімді пайдалану стратегиясына сәйкес іске асырылып жатқан геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Кредиттік рейтингтер

25 тамызда Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіптің несиелік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». Рейтингтік агенттіктің мемлекетпен байланысты ұйымдарға (GRE) арналған әдістемесіне сәйкес, Fitch Компанияны акцияларының 75%-ына иелік ететін түпкілікті мажоритарлық акционер – Қазақстан Республикасымен («BBB»/«Тұрақты») байланыстарының шектеулі екенін ескере отырып, дербес негізде бағалайды.

8 қыркүйекте Moody’s рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіптің ұзақ мерзімді рейтингін «Baa1» деңгейінде растады және Компанияның базалық несиелік бағалауын (Baseline Credit Assessment, BCA) «baa3»-тен «baa2»-ге дейін көтерді. Болжам – «Тұрақты». Базалық несиелік бағалаудың көтерілуі Қазатомөнеркәсіптің тұрақты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін, жоғары рентабельділігін, сондай-ақ әлемдік уран нарығындағы баға конъюнктурасына қарамастан сақталып отырған өтімділіктің айтарлықтай қорын, консервативті қаржылық саясатқа бейілділігін, мықты несиелік метрикаларын және таза ақшалай позициясын көрсетед.

Өндірістік объектілерге бару

6-7 қазанда инвесторлар мен сарапшыларға арналған Компания кеніштеріне жыл сайынғы техникалық тур өтті, оған халықаралық инвестициялық қоғамдастық өкілдері қатысты. Іс-шара бағдарламасы Түркістан облысындағы «Аппақ» ЖШС және «Орталық» ӨК» ЖШС кен орындарын аралауды қамтыды, онда қатысушылар уранды жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өндіру мен қайта өңдеудің толық циклімен танысты, сондай-ақ Компанияның өндірістік процестерінің жетекші экологиялық және әлеуметтік стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізді.

Өндірістік объектілерге бару инвестициялық қоғамдастық өкілдеріне кәсіпорындардың басшылығымен және өндірістік қызметкерлерімен тікелей тілдесуге және Қазатомөнеркәсіптің қызметімен жеке танысуға мүмкіндік берді. Іс-шара Компанияның ESG принциптерін қатаң сақтайтын және тәуекел деңгейі төмен юрисдикцияда қызметін жүргізетін табиғи уранның сенімді жеткізушісі ретіндегі мәртебесін растады.

Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылғы 3-тоқсан және 9 айдағы операциялық қызметінің нәтижелері1

 

 

30 қыркүйекте аяқталған үш ай

 

 

30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай

 

 

 

2026

2025

Өзгеріс

2026

2025

Өзгеріс

U3O8  өндіріс көлемі (100% негізде)2

уран тоннасы

7 216

6 467

12%

20 508

18 709

10%

Миллионы фунтов U3O8

18,76

16,81

53,32

48,64

U3O8 өндіріс көлемі                              (меншік үлесіне пропорционалды)3

уран тоннасы

3 915

3 381

16%

10 969

9 812

12%

млн фунтов U3O8

10,18

8,79

28,52

25,51

Топ бойынша U3O8 4

сату көлемі

уран тоннасы

6 444

5 151

25%

14 030

12 776

10%

млн фунтов U3O8

16,75

13,39

36,48

33,22

ҚАӨ U3O8 сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілгені)5

уран тоннасы

4 220

4 124

2%

10 303

11 111

(7%)

млн фунтов U3O8

10,97

10,72

26,79

28,89

Топ бойынша іске асырудың орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)6

АҚШ долл / фунт U3O8

81,50

68,78

18%

73,51

62,97

17%

ҚАӨ мәмілелері бойынша іске асырудың орташа бағасы (АҚШ долл./ фунт U3O8)7

АҚШ долл / фунт U3O8

79,45

67,75

17%

70,19

61,37

14%

Айдың соңындағы спот бағасының орташа бағасы  (АҚШ долл./фунт U3O8)8

АҚШ долл / фунт U3O8

88,56

76,28

16%

87,41

71,68

22%

1 Барлық мәндер алдын ала берілген деректер болып табылады.
2 Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі (100% негізде): Компания үлесі бар кәсіпорындардың жалпы өндіріс көлемін білдіреді және бұл өндіріс көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындарындағы серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екендігін ескермейді.
3 U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды): өндіріс көлемдері ҚАӨ сатып алған көлемдерге тең емес. Компания үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін қатысу үлесіне пропорционалды түрде білдіреді және бірлескен кәсіпорындардағы серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі қалған бөлікті қамтымайды, бұған жылдық өндіріс көлемі мен үлестерді бөлу Іске асыру туралы келісімге сәйкес анықталатын «Инкай» БК ЖШС-гі өндіріс көлемі қосылмайды..
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның консолидацияланатын еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ келесілер арқылы бақылайтын компаниялар: (i) олардың кірістілігіне айтарлықтай әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігінің болуы, (ii) мұндай субъектілерге қатысуынан түсетін кірістерді өзгертуге ықпалы немесе құқығы және (iii) Топ пайдасының көлеміне әсер ету үшін мұндай субъектілерге қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. Негізгі құқықтардың, соның ішінде маңызды әлеуетті дауыс беру құқықтарының болуы мен ықпалы ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаны бақылауын бағалау кезінде ескеріледі) сатуын қамтиды. Топтың U3O8 сату көлемдері уранның басқа нысандарын сатуды қамтымайды (отын таблеткаларын және байытылған уран өнімін (БҮӨ) сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей). Бұл ретте, Топтың U3O8 өндіріс көлемінің белгілі бір бөлігі БҮӨ, отын таблеткаларын, сондай-ақ «Үлбі-ЖЖА»-да жылу бөлгіш құрастырмаларды (ЖЖА) өндіруге жұмсалуы мүмкін.
5 ҚАӨ U3O8 сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек ҚАӨ мен TH Kazakatom AG (THK) соңғы сыртқы сатуларын ғана қамтиды. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер есепке алынбаған.
6 Топ бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ доллары/фунт U3O8): жоғарыдағы (4) сілтемеде анықталғандай, Қазатомөнеркәсіп пен оның консолидацияланатын еншілес және тәуелді ұйымдарының сатуын қамтиды.
7 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ доллары/фунт U3O8): ҚАӨ мен THK соңғы сыртқы сатулары үшін уран концентратының бір фунтына шаққандағы орташа өлшемді баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар есепке алынбаған.
8 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар ай ішіндегі әр аптадағы спот бағалары котировкаларының орташа мәнін емес, UxC және TradeTech уранға спот бағалары котировкаларының ай аяғындағы орташа мәнін білдіреді, өйткені келісімшарттық баға шарттары әдетте тиісті айдың аяғындағы бағаға байланысты болады.
* Кейбір БК бойынша серіктес өз үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайларда, Компанияның мұндай қосымша көлемді (Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды көлемнен тыс) сатып алуға құқығы бар
** «Буденовское» БК бойынша: 2026 жылғы 100% өндіріс көлемі оффтейк-келісімшарт аясында нарықтық шарттарда толық резервтелген.
*** Назар аударыңыз, кг уранды фунт U3O8-ге қайта есептеу коэффициенті 2,5998 құрайды.

Өндіріс көлемі 100% негізде де, қатысу үлесіне пропорционалды түрде де, Компанияның болжамды күтулеріне және 2026 жылғы жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясындағы міндеттемелерге сәйкес 2026 жылға арналған өндіру жоспарының ұлғаюына байланысты, өткен жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда үстіміздегі жылдың тоғыз айында жоғары болды..

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Топ деңгейіндегі сату көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті, бұл негізінен белгілі бір БК-ларда өндіріс көлемінің жоспарлы өсуімен және осы БК-лардың екінші қатысушыларынан жеткізуге сұраныстардың түсу мерзімдерімен байланысты. ҚАӨ деңгейіндегі сату көлемінің салыстырмалы түрде төмен болуы тек жеткізу графиктеріне және клиенттерден жеткізуге сұраныстардың түсу мерзімдеріне байланысты. Сату көлемі тоқсаннан тоқсанға айтарлықтай өзгеріп отыруы мүмкін, ал уран бизнесінің ерекшелігіне байланысты жыл бойы клиенттердің жеткізуге сұраныстарының түсу мерзімдерінің икемділігіне орай тоқсандық нәтижелер жылдан жылға өзгеруі ықтимал.

2026 жылдың тоғыз айында Топ пен ҚАӨ-нің орташа сату бағалары 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 17%-ға және 14%-ға өсіп, жылдық мәнде 22%-ға артқан спот бағасымен жоғары корреляцияны көрсетті. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің орташа сату бағасы бойынша көрсеткіштеріміздің өсуі нарықтық қарқыннан озып кеткенін атап өткен жөн: мәселен, Топ және ҚАӨ бойынша орташа сату бағалары тиісінше 18%-ға және 17%-ға өсіп, спот котировкаларының 16%-дық өсімінен асып түсті. Компанияның қазіргі сату портфелі уранның спот бағаларына байланған ұзақ мерзімді келісімшарттарды қамтиды, алайда кейбір жеткізілімдер басқа нарықтық конъюнктура жағдайында келісілген баға белгілеудің тіркелген компоненттерін, соның ішінде бағаның жоғарғы шегін қамтиды.

Уран нарығында тоқсандық нәтижелер мен қызметтің тоқсандық динамикасы жылдық күтілімдерді бағалау үшін көрсеткіш бола алмайды. Жылдық болжамдарды түсіну үшін Компанияның 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелерін талдау құжатының 10.1 «Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдау» бөлімінде жарияланған баға сезімталдығы кестесін қараңыз

Қазатомөнеркәсіптің 2026 жылға арналған болжамды көрсеткіштері

 

 

2026 ж. арналған болжам

 

 

490 KZT / USD

U3O8 өндіру кәсіпорындарының өндіріс көлемі

(100% негізде)1

уран тоннасы

27 500 – 29 000

млн фунтов U3O8

71,49 – 75,39

U3O8 өндіру кәсіпорындарының өндіріс көлемі

(қатысу үлесіне пропорционалды) 2

уран тоннасы

14 500 – 15 500

млн фунтов U3O8

37,70 – 40,30

Топтың сатқан көлемі3
(шоғырланған)

тонны урана

19 500 – 20 500

млн фунтов U3O8

50,70 – 53,30

    оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна (Топтың сату көлеміне енгізілген) 4

тонны урана

13 100 – 14 100

млн фунтов U3O8

34,06 – 36,66

Топтың жалпы кірісі (қаржылық есептілікке сәйкес)5

млрд теңге

2 100 – 2 200

   в т.ч. Выручка от реализации U3O8 (по Группе) 5

млрд теңге

1 900 – 2 000

C1 Ақшалай құны (қатысу үлесі бойынша)*

долл. США / фунт

25,50 – 27,00

AISC  Ақшалай құны + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша)*

долл. США / фунт

39,00 – 40,50

Күрделі шығындар ( 100% негіздң)6

млрд теңге

435 – 450

1 U3O8 өндірісінің көлемі (100% негізде): Компанияның үлесі бар кәсіпорындардың жалпы өндіріс көлемін білдіреді және бұл өндіріс көлемдерінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындарындағы серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екендігін ескермейді.
2 Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі (иелік ету үлесіне пропорционалды): Компания үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін иелік ету үлесіне пропорционалды түрде білдіреді және бірлескен кәсіпорындардағы серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі қалған бөлікті қамтымайды. «Инкай» БК» ЖШС үшін жылдық өндіріс көлемі (иелік ету үлесіне пропорционалды) кәсіпорын қатысушылары арасында жасалған Өткізу туралы келісімге сәйкес анықталады. «Буденовское» БК» ЖШС бойынша 2026 жылға арналған 100% өндіріс көлемі оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық шарттарда толықтай резервтелген.
3 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның консолидацияланатын еншілес кәсіпорындарының U3O8 сату көлемін қамтиды. Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа нысандарын өткізуді қамтымайды (оның ішінде отын таблеткалары мен байытылған уран өнімін өткізуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей).
4 Компанияны өткізу көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компания мен THK-ның қорытынды сыртқы сату көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер есепке алынбаған.
5 Күтілетін түсім белгілі бір уақыт сәтінде сыртқы көздерден алынған уран бағаларына негізделген. Пайдаланылатын бағалар Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2026 жылғы түсімге нақты уран бағалары мен айырбас бағамының сыртқы көздердің болжамынан ауытқуы айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
6 Капиталдық шығындар (100% негізде): тек өндіруші кәсіпорындардың капиталдық шығындарын, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен кеңейту жобаларына арналған қомақты капиталдық шығындарды қамтиды. Жою қорлары мен жою шығындарын қамтымайды. 2026 жылға «Буденовское» БК» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС (Жалпақ) және «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС (Инкай-3) бойынша кеніштердің инфрақұрылымын дамытуға арналған шығындар жиынтық түрде шамамен 119 млрд теңге мөлшерінде енгізілген.
* Уран кг-ын U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 құрайтынына назар аударыңыз.
** Кейбір БК бойынша серіктес өзінің өндірістегі үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайларда, Компанияның мұндай қосымша көлемді (Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды өндіріс көлемінен тыс) сатып алуға құқығы бар).

Компанияның 2026 жылға арналған барлық болжамды көрсеткіштері өзгеріссіз қалады. Бұл ретте, түсім бойынша, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + өндіруші кәсіпорындардың капиталдық шығындары (қатысу үлесі бойынша), AISC» көрсеткіштері бойынша күтілімдер теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы мен уранның споттық бағалары Компанияның болжамдарынан қаншалықты алшақтайтынына байланысты Компанияның жоғарыда келтірілген күтілімдерінен өзгеше болуы мүмкін.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс деректері бойынша хабарласа аласыз:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары  бойынша

Данияр Оралов, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі  www.kazatomprom.kz. сайтында қол жетімді

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2025 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы болып табылады. Топтың негізгі клиенттері – Атом генераторларының операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, спот нарығында тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Неғұрлым толық  ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz сайтына кіріңіз

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санау», «күту», «ниет ету», «мүмкін», «болжау», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады» сияқты сөздер қолданылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты өтініштер осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компания күтулеріндегі өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде жарияламайды Болашаққа немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелер.

Пікір қалдыру