Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қызметкерлері арасында жыл сайын өтетін «Жыл қызметкері-2023» байқауының қорытындысы шығарылды. Мерекелік рәсімге атом холдингі кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Биылғы жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарынан байқауға қатысу үшін 200 қызметкер ұсынылды. «Кәсіпқой», «Тәлімгер» және «Болашақ» номинациялары бойынша «Жыл қызметкері» сыйлығына 25 финалист ие болды.
Іс-шараның ашылуында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов құттықтау сөз сөйледі:
«Әріптестеріміздің жетістіктері мен еңбекқорлығын ғана емес, сондай-ақ Компаниямыздың тамаша үйлесімділігі мен табысты дамуын атап өтетін осы бір тамаша салтанатқа қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Сіздердің адал қызметтеріңіз бен тамаша нәтижелерге деген ұмтылыстарыңыз Қазатомөнеркәсіпті уран өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысына айналдырды. Мен әрқайсыңызға табандылығыңыз, талантыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын».
«Тәлімгер» номинациясында салада 10 жылдан астам жұмыс істеген атом холдингінің 2 қызметкері финалға шықты.
«Болашақ» номинациясында, шағын еңбек өтілі (3 жылдан аспайтын) кезінде тамаша жұмыс нәтижелерін көрсеткен 30 жасқа дейінгі 2 қызметкер жеңіске жетті.
«Кәсіпқой» номинациясында 3 жылдан астам еңбек өтілі бар атом саласының 21 қызметкері марапатталды. Олардың дағдыларына, құзыреттілігіне және жұмысқа деген адалдығына айрықша назар аударылды.
«Менің жұмысым ерекше маңызға ие және мен ұлттық атом компаниясының табысына үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Құрметті әріптестерімді осы кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Біз бірге үлкен істер атқарамыз және болашақ бірлескен жұмысымыз оң нәтиже беретініне сенімдімін», - деді «Кәсіпқой» номинациясының жеңімпаздарының бірі, «Қаратау» ЖШС Құрылыс және жөндеу қызметі бастығының орынбасары Ринат Садиков.
«Жыл қызметкері-2023» байқауының «Болашақ» номинациясы бойынша жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Қазатомөнеркәсіп жүйесінде екі жылдан бері жұмыс істеп келемін, бұл мен үшін алға жасалған маңызды қадам болды. Мен өз тәлімгерлерімнің көңілін қалдырмауға тырысамын және кәсіби дамуды одан әрі жалғастырамын», - деді «Семізбай-U» ЖШС химиялық талдау зертханашысы Дана Сейілханова.
«Жыл қызметкері» дәстүрлі түрде кәсіби мерекеге – ҚР атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырыла ұйымдастырылып, үздік қызметкерлердің еңбегін тануға, еңбектің материалдық емес уәждемесін күшейтуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
Конкурстық комиссия қатысушыларды жұмыс өтілі, өндірістік көрсеткіштердің орындалуы, еңбек тәртібінің сақталуы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары, бөлімше мен кәсіпорынның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың болуы, түрлі жобалар мен конкурстарға қатысуы, бастамашылық, корпоративтік құндылықтарға сәйкестік және тағы басқа өлшемдер бойынша бағалады.
Байқаудың барлық жеңімпаздарына мүсіншелер, дипломдар және атаулы кәдесыйлар табыс етілді.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры
Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 (7172) 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% – ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.
Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді, болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.