| (AIX)    USD 40.2   %   -1.69 KZT 21045   %   -1.34

Қазатомөнеркәсіптің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінде талқыланды

27 маусым 2023
Қазатомөнеркәсіптің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінде талқыланды

2023 жылғы 27 маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, оның шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) қызметі туралы ақпарат тыңдалды.  Кеңеске Қордың және оның портфельдік компанияларының, жұртшылық пен сарапшылар қауымдастығының, БАҚ-тың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов компанияның даму жоспары мен стратегиялық көрсеткіштердің орындалуы, операциялық және қаржылық қызметінің жетістіктері мен нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша атом холдингінің шоғырландырылған кірісі 2021 жылмен салыстырғанда 45%-ға ұлғайып, 1 триллион теңгеден асты. Компания 2022 жылы өз акционерлеріне 200 млрд теңгеден астам дивиденд төлейді.  Қазатомөнеркәсіп ҚХР-дағы атом электр станцияларына ядролық отынды тұрақты жеткізуді жүзеге асыра бастады. Тапсырыс беруші тарапынан жылу бөлетін құрамалардың екінші партиясын қабылдау сәтті аяқталды.  

Кездесуге қатысушылар инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ компаниядағы өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйімен танысты. Табиғи ортаны сақтай отырып және өндірістік қызмет орындарында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, компания қатысатын өңірлерде қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады. Атом холдингі құрылған сәттен бастап өнеркәсіптік радиациялық, ядролық апаттар мен қақтығыстарға жол берілген жоқ.

Сондай-ақ, кеңес барысында Ержан Мұқанов Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қазатомөнеркәсіптің өзі қатысатын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосқан елеулі үлесі туралы айтып берді.

2018-2022 жылдары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде облыстардың бюджеттеріне атом холдингі қаражатынан 8,5 млрд теңге мөлшерінде қаржы аударылды. Сондай-ақ, 2018-2022 жылдары 4,5 млрд теңге сомасына көптеген әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды, олардың ішінде жедел жәрдем станциясын, балалар ойын және спорт алаңдарын салу, оқу жабдықтарын сатып алу, елді мекендерді абаттандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржылық көмек көрсету және басқа да бастамалар бар.

Соңғы жылдары салық аударымдарының сомасы өсуде. Өткен жылы атом холдингі ел бюджетіне 314,3 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдерді аударды. 

Отырыс аясында Қазатомөнеркәсіп басшысы Қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесін www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.

Пікір қалдыру