| (AIX)    USD 39.65   %0      KZT 18000   %0     

Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы аясындағы стратегиялық бастамаларды әзірлеу туралы

13 ақпан 2015
Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы аясындағы стратегиялық бастамаларды әзірлеу туралы

Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына Трансформациялау бағдарламасы аясындағы ұлттық атом компаниясы стратегиялық бастамаларының әзірлемесін таныстырды. Халықаралық кеңесшілер әзірлеген құжатта компанияның инвестициялық және операциялық қызметтерінің тиімділігін, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру көзделген.

Нұрлан Қаппаров компанияның даму стратегиясы, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Трансформациялау бағдарламасы шеңберіндегі стратегиялық бастамаларды іске асырудың негізгі кезеңдері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

– Біз басты стратегиялық бағыттарды белгіледік. Компанияның қайда бағыт бұратынын, әлемдік уран нарығындағы және ядролық отын жеткізіп берудегі біздің рөлімізді нақтыладық. Өйткені, біздің стратегиялық бағыттарымыз трансформациялау үдерістерімен арақатынаста болуы тиіс, - деді атом компаниясының басшысы.

Қазақстан – уран өндіру және оны өткізу жөнінен әлемдік нарықтағы көшбасшылардың бірі. Қазіргі уақытта еліміз дүние жүзілік уран өндірісінің 38% қамтамасыз етіп келеді.

– Компанияның басты міндеті – өзіндік құнды арттыру. Мемлекет басшысы алдағы бес жыл көлемінде компанияның құнын кемінде екі есеге көбейтуді тапсырды. Компания бұл тапсырманы орындай алады деп сенемін. Біз келешекте уран өндіру бойынша көшбасшылықтан уран өніміне қосымша құн төлеудің барлық түрін қамтитын жылу бөлгіш құрамалар деп аталатын ядролық отынды жеткізіп беру бойынша елеулі ойыншылардың біріне айналуымыз мүмкін. Ең бастысы, біз сенімді жеткізіп беруші бола білуіміз керек. Бұл атом өнеркәсібіндегі негізгі аспектілердің бірі. Біз иелегіміз келіп отырған тауаша да осы. Трансформациялау жобасы осы мақсаттарға жетуде бізге көмектесуі тиіс, - деді  Н. Қаппаров.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бейінді емес активтерден арылуға шақырып, Қазатомөнеркәсіптің Трасформациялау бағдарламасы аясындағы стратегиялық бастамаларына қолдау білдірді. Құжат мақұлданғаннан кейін ұлттық атом компаниясы түбегейлі өзгеріс бағдарламасын іске асыруға кірісетін болады.

Пікір қалдыру