| (AIX)    USD 30.13   %   -0.33 KZT 14260   %   0.53

S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазатомөнеркәсіпке ESG бағасын берді

30 желтоқсан 2022
S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазатомөнеркәсіпке ESG бағасын берді

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») S&P Global Ratings рейтинг агенттігі («Рейтинг агенттігі») Компанияға 51/100 деңгейіндегі экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәуекелдердің бағасын («ESG бағасы») бергенін хабарлайды. Қазатомөнеркәсіптің ESG бағасы рейтингтік агенттіктің ESG компаниясының тәуекелдер мен мүмкіндіктерге салыстырмалы бейімділігі туралы пікіріне, сондай-ақ Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығын және оның жаңа үрдістер мен ықтимал іркілістерге дайындығын бағалауға негізделген.

ESG S&P Global Ratings бағалау әдістемесі экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге ұшырау тұрғысынан өнеркәсіптің әрбір секторын жаһандық бағалауға, сондай-ақ апаттар қаупін, әлеуметтік стандарттарды және корпоративтік басқару стандарттарын аймақтық талдауға негізделген. Компанияның ESG бағалауының ағымдағы 51 баллы тау-кен өнеркәсібінің (Metals & Mining) ажырамас экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге елеулі ұшырауын, сондай-ақ Компанияның ESG-тәуекелдерді басқару жөніндегі тиімді тәжірибесін, ең алдымен оның жергілікті және халықаралық деңгейлердегі қызметінің қатаң реттелетін сипатына байланысты көрсетеді. Айта кету керек, тау-кен компаниялары арасындағы ESG бағасының ағымдағы жаһандық ең жоғары баллы 68-ді (100-ден), ал әлемдегі тау-кен өнеркәсібінің орташа көрсеткіші 50 (100-ден) құрайды.

ESG бағасы Компания қызметінің сандық көрсеткіштері, сапалық талдау және Компаниямен өзара іс-қимыл, соның ішінде Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу, Коммерция жөніндегі бас директор Асқар Батырбаев және Алуа Байжомартова бастаған Компанияның тұрақты даму командасымен болған кездесулер мен талқылаулар негізінде алынды, бұл жиынтығында Компанияның өз қызметінде және басқару әдістерінде ESG жоғары стандарттарына бейілділігін аңғартады.

«Рейтинг агенттігінің пікірінше, Қазатомөнеркәсіптің ұстанымы тау-кен өнеркәсібіндегі салыстырмалы компанияларға қарағанда жақсы, – деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу. – ESG бағалауы сонымен қатар,  Компанияның уран өндіру кезінде ең экологиялық әдістердің бірі жерасты ұңғымаларын шаймалау әдісін қолдануының арқасында Қазатомөнеркәсіптің төмен көміртекті электр энергиясын өндіретін ядролық реакторларда пайдаланылатын уранның жетекші өндірушісі ретінде құнның төмендеу тізбегіндегі жаһандық көміртексіздендіру күш-жігеріне қосқан үлесін көрсетеді. Рейтингтік агенттіктің пікірінше, Компания қауіпсіздік және еңбек ресурстары саласындағы тәуекелдерді саладағы озық тәжірибелерге сәйкес басқарады және берілген баға Қазатомөнеркәсіпті  корпоративтік басқару практикасы тұтастай алғанда жергілікті стандарттарға сәйкес келетіндігін көрсетті. ESG рейтингін алу үшін қажетті ақпаратты жинау және деректерді жүйелеу бойынша көп жұмыс атқарылды. Директорлар кеңесі осындай нәтижеге қол жеткізуге көмектескен елеулі күш-жігері үшін Асқар Батырбаев мырзаға және Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму командасына алғысын білдіреді».

S&P Global Ratings компаниясының ESG бағасы туралы толық есебі төмендегі сілтемеде: https://www.spglobal.com/ratings/en/research/pdf-articles/221228-esg-evaluation-kazatomprom-101571073

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Магзумов, IR департаментінің директоры

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толығырақ ақпарат интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz

 

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру