| (AIX)    USD 41.96   %   4.9 KZT 21100   %   0

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

21 маусым 2023
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2023 жылғы 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+6), Қазақстан Республикасы, Z05Т1Х3, Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12 ғимарат, 3- қабат мекенжайында өткен Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АКЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялады.

АКЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 құрады. 2023 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлердің иелігіндегі номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны  219 719 594 дана. АКЖЖ-да Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,25% құрайтын,  жиынтығында   218 068 607 қарапайым акцияны иеленетін акционерлері және олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді.

АКЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша акционерлердің дауыс беріп, шешімдер қабылданды.

Шешімдер

Қарсы емес

%

Қарсы

%

Қалыс қалды

%

1.1 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Төрағасы сайлау туралы.

216 673 714

99,38%

729 018

0,33%

622 153

0,29%

1.2 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хатшысын сайлау туралы

119

93,70%

3

2,36%

5

3,94%

2. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нысанын айқындау туралы.

216 673 714

99,38%

729 018

0,33%

622 153

0,29%

3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

216 673 714

99,38%

725 518

0,33%

625 653

0,29%

4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

212 084 564-

97,28%

1 722 078

0,79%

4 218 243

1,93%

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

Компанияның Директорлар кеңесінің қазіргі  құрамының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты АКЖЖ шешімімен Компанияның 8 адамнан тұратын. тәуелсіз директор үшін бір бос орынды ескере отырып, жаңа Директорлар кеңесі 3 жыл өкілеттік мерзімімен, мынадай құрамда сайланды: 

1) Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – тәуелсіз  директор;

2) Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – тәуелсіз  директор;

3) Сидиков Нодир (Nodir Sidikov) – тәуелсіз  директор;

4) Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «Самұрық Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;

5) Жанәділ Ернар Бейсенұлы – «Самұрық Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;

6) Отыншиев Елжас Мұратұлы – «Самұрық Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;

7) Мұқанов Ержан Жанәбілұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы;

Директорлар кеңесінің жаңа құрамына Директорлар кеңесінің өз функцияларын орындауы үшін қажетті кәсіби білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне қойылатын барлық өлшемшарттарға сәйкес келетін екі жаңа тәуелсіз директор - А. А.Арғынғазин мен Н. Сидиков қосылды.

Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып А. А. Арғынғазин сайланды. Арғынғазин А. А. мырза Қазақстандағы халықаралық банк құрылымдарында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар және Қазақстандағы ABN Amro-да metals and mining бөлімінің басшысы болған.

Нодир Сидиков - Ұлыбритания азаматы және Ұлыбританиядағы халықаралық заң компаниясында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, энергетика жөніндегі халықаралық келіссөз жүргізушілер қауымдастығының (aien) мүшесі, сондай-ақ Британдық-қазақстандық заң қауымдастығының атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.

Бұрын хабарланғандай, Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Н. Логфэллоу, аға тәуелсіз директор Р.Банхам, сондай-ақ тәуелсіз директор М. Кэшер 2023 жылдың мамыр-маусым айларында өз қалаулары бойынша өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты, бұл 2020 жылы сайланған Директорлар кеңесінің өкілеттіктерінің аяқталу мерзіміне сәйкес келді.

«Самұрық-Қазына» АҚ атынан Нил Лонгфэллоу мырзаға, Рассел Бэнхамға, сондай-ақ Марк Кэшерге компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов. – Олардың кәсіби этика мен ар-намысқа деген адалдығы, ашықтығы мен шыншылдығы, сондай-ақ ерекше нәтижелерге қол жеткізуде көрсеткен қолдауы баға жетпес. Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқарудағы іргетасы, әртүрлі стандартты емес жағдайларды шешудің әдістері мен тәсілдері біздің тәуелсіз директорларымыздың жоғары ықпалының арқасында қаланған. Бүгін Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту уақыты келді, бұл да Компанияның табиғи дамуының белгісі іспеттес. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атынан және өз атымнан оларға барлық жақсылық пен болашақта табыс тілеймін.

Сондай-ақ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ командасына қосылған Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін жылы қарсы алғым келеді. Олардың тәжірибесі барлық акционерлер үшін компанияның ұзақ мерзімді құндылығын құру бойынша тұрақты жұмыста пайдалы болады».

Аргингазин мырза Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайланғанына ризашылығын білдірді. «Мен команданың мүшесі болу мүмкіндікті жоғары бағалаймын. Қазатомөнеркәсіп уран нарығының жетекші компаниясы мәртебесін бекітті, мен компанияның табысты қызметін жалғастырып қана қоймай, оның табысты, орнықты және жетекші компания ретінде одан әрі дамуына жәрдемдесу үшін Директорлар кеңесімен және Қазатомөнеркәсіп басшылығымен жемісті ынтымақтастыққа сенемін».

Сондай-ақ, АКЖЖ шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының ірі акционерінің өкілі Н.Н. Нұрбаева ханым Компанияның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды және «Самұрық-Қазына» АҚ ұсынысы бойынша Е. М. Отыншиев мырза енгізілді.

Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлауға байланысты 2023 жылғы маусымда Компанияның Директорлар кеңесінің алдағы отырысында Компанияның директорлар кеңесі комитеттерінің жаңа құрамдарын айқындау жоспарланған.

Компанияның Директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің толық өмірбаяндарын   www.kazatomprom.kz адресінде бар.

Қосымша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Әсем Мұхамедиярова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: amukhamedyarova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұратулары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар  мәлімдемелер қолданылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА  ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру