2017 жылғы 25-30 маусым күндері Алматыда ұлттық атом компаниясының корпоративтік университеті – «Жоғары технологиялар университеті» ЖШС-ның «Қазақстанның ядролық университеті» филиалы ұйымдастырған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Жас мамандар мектебі өтті.
«Үнемді өндіріс» – компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың барынша тиімді, сенімді және шығыны аз жолы ретіндегі менеджмент пен сапаны басқарудың инновациялық тәсілдемесі шараның басты тақырыбына айналды.
Мектепке компанияға қарасты 15 кәсіпорыннан үмітті жас мамандар қатынасты. Олардың арасында сол жердің өзінде жаңашыл жобаларын ұсынған өнертапқыштар аз болған жоқ. Компанияда биыл басталған «Өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету жөніндегі үздік ұсыныстар» байқауының жұмысы туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Юрий Демехов әңгімелеп берді.
Раицонализаторлар мен өнертапқыштар қозғалысына серпін беру мақсатында, сондай-ақ өнертапқыштардың құқықтық біліктілігін арттыру үшін 10 өнертабыстың, 50 жария еңбектің авторы, «КСРО өнертапқышы» атағы бар, химия ғылымының кандидаты Ирина Никитинаның баяндамасы тыңдалды. Сарапшы өнертапқыштық ұсыныстарды, патенттік заңнама және қызметтік өнертабыс мәселелерін, өнертабысты патенттеудің инновациялық процестерге әсерін қамтитын зияткерлік меншік саласындағы түсініктер мен ережелерге тоқталды.
«Уран ағыны» өндірістік-имитациялық ойыны Мектеп бағдарламасының темірқазығы болды. Уақыт пен ресурстар шектелген жағдайда нақты бір сападағы уран концентратының белгіленген мөлшерін өндіру тапсырылды. Ойын қатысушылары бұрғылаудан бастап, дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістік кезеңдердің бәрінен өтті. Сондай-ақ, «сапа үйірмелері» де өткізіліп, оларда тыңдаушылар «ЖТИ» ЖШС-ның жетекші мамандарымен құрамында ураны бар шикізатты өндіру және өңдеуге қатысты өзекті мәселерді бірге талқылады.
29 маусымдағы Жас мамандар мектебінің жабылу рәсімінде қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. «Тиімді команда» байқауының қорытындысы бойыншажеңімпаз атанған «Green Energy» командасы (капитаны Надира Мұқажанова) кубокты иеледі.
Сонымен бірге,
- «Үнемді өндірістің кәсіпқой шебері» аталымында Азамат Әбілдаев («Хорасан-U» ЖШС),
- «Жақсартулар жөніндегі ұсыныстар генераторы» аталымында Сергей Ковалев («ҮМЗ» АҚ),
- «Жеңіске деген жігері үшін» аталымында Мәди Жиенбеков («Волковгеология» АҚ),
- «Ең креативті» аталымында Сапар Бектеміров («Бәйкен-U» ЖШС),
- «Ең жауапты» аталымында Тимофей Бойко («Қаратау» ЖШС) мен Айнұр Жаманқұлова («Әппақ» ЖШС),
- «Өнімді орындаушы» аталымында Бексұлтан Нұрмұратов («ОТХК» ЖШС), Александр Шушунов («Әппақ» ЖШС) және Өміржан Қалмұрзаев («Инкай» БК» ЖШС),
- «Үздік капитан» аталымында Надира Мұқажанова («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) арнайы дипломдармен марапатталды.
Жас мамандар мектебінің қатысушылары корпоративтік шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның мәні мен маңызын айрықша атап көрсетті. Жас мамандар ішкі ресурстардың өнімділігін көбейту, шығындарды оңтайландыру, сондай-ақ шығарылатын өнім сапасын жақсарту есебінен компанияның тиімділігі артуы тиіс деген тұжырым жасады.