| (AIX)    USD 40   %   0.88 KZT 18175   %   0.97

Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне бір күндік жалақысын аударды

2 сәуiр 2020
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне бір күндік жалақысын аударды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») мемлекеттік органдар мен бизнестің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі бастамасын қолдады. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Компания қызметкерлері Қазақстанда пандемияның таралуына қарсы күрес жүргізіп жатқан Нұр-Сұлтан мен Алматының медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге шешім қабылдап, бір күндік жалақысын аударды. Жиналған қаражат дәрігерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға, қажетті жабдықтар мен жеке қорғану құралдарын сатып алуға бағытталатын болады.

Бұдан бөлек, Қазатомөнеркәсіп өз әріптесі – Orano компаниясымен бірге қабылдаған шешімге сәйкес «Катко» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны коронавирусқа қарсы күрес жағдайында халықтың мұқтаж топтарын қолдау мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорына 50 миллион теңге аударды. Сондай-ақ, «Катко» Түркістан және Шымкент қалаларындағы ауруханаларға арнап (әрбір қалаға 3-тен) 100 миллион теңгеге 6 ИВЛ аппаратын сатып алды. Ол медициналық жабдықтар 2 ай ішінде АҚШ-тан жеткізілетін болады.

Әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстан да бар, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Қазатомөнеркәсіпте қызметкерлер мен олардың отбасыларын қорғау үшін бірқатар алдын алу шаралары атқарылды.

Қазатомөнеркәсіпте және барлық еншілес және тәуелді ұйымдарда (ЕТҰ) эпидемиологиялық қауіп кезіндегі үздіксіз қызметті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Жағдайға тұрақты мониторинг жүргізетін жедел штабтар құрылды. Барлық қызметкерлер коронавирустық инфекция белгілері пайда болған жағдайда қалай әрекет ету алгоритмімен танысты.

Орталық аппараттың барлық қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылып, ел аумағында және шет елге сапарлау мен тікелей қарым-қатынас жасауға шектеу қойылды.

Орталық аппарат пен ЕТҰ қызметкерлері қажетті қорғаныс құралдарымен (бетперде, респиратор, қолғаптар) қамтамасыз етілген. Өндірістік объектілерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мұқият дәрігерлік тексерулер өткізеді.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы Қазатомөнеркәсіп үшін даусыз басымдыққа ие, сондықтан бұл жағдай Компания мен ЕТҰ басшылығының бақылауында.

Қазатомөнеркәсіп мүдделі тараптарды COVID-19 байланысты кез келген өзгерістер және/немесе Компания қызметі үшін тиісті салдарлармен хабардар етіп отыратын болады.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуыңызға болады:

 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR и PR департаментінің директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

 

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

 

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру