8 наурызда атап өтілетін Халықаралық әйелдер күні-көктем мен сұлулық мерекесі. Бұл күні әйелдерді құттықтау, қоғамға және отбасына қосқан үлестері үшін алғыс пен ризашылық білдіру әдеттегідей. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне «ОТХК» БК» ЖШС Созақ ауданы Қыземшек кентінің «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегерлеріне қайырымдылық көмек көрсетті.
Халық тарихында қасиетті деп атауға болатын мереке бар. Бұл мереке-жыл сайын 9 мамырда атап өтілетін Жеңіс күні. 9 Мамыр - Жеңіс мерекесі құрметіне 10.05.2024 жылы Созақ ауданы Қыземшек кентінің ЧАЭС, Тәжік-Ауған, Ауған соғысы ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.
1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні — бұл балалардың өмір сүру, денсаулық сақтау, білім алу және зорлық-зомбылықтан қорғау құқықтарын сақтау қажеттілігін еске салатын мереке. Бұл күні балалық шақ проблемаларына назар аударуға және ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, халықаралық мереке аясында Серіктестік Созақ ауданы Қыземшек кентінде мүмкіндігі шектеулі 14 балаға қайырымдылық көмек көрсетті.
Білім күні- тамыры терең тартылған дәстүр. Бұл күн оқушылардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын, жаңа білімді түсіну, өз әлеуетін ашу уақытын білдіреді. Серіктестік жыл сайын "1 қыркүйек – Мектепке барар жол" акциясы аясында Созақ ауданы Қыземшек кентінің толық жетімдеріне, жартылай жетімдерге, жалғызбасты аналарға, аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді.
Созақ ауданының Қыземшек және Тайконыр кенттерінің қоғамының өміріне Серіктестіктің әлеуметтік қатысуы мен қолдауын, оның қоғамдық мәселелерді шешуге және азаматтардың әл-ауқатына қатысуын атап өту қажет. Осылайша, Серіктестік әлеуметтік жағдайы төмен 29 отбасына (асыраушысынан айырылған, аз қамтылған, толық емес, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) жылу жүйесі үшін берешекті өтеу үшін, Созақ ауданы Тайконыр кентіндегі Т. Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің оқушыларына, оның ішінде 9 жартылай жетім және 2 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетті.
1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күні аға буынға құрмет пен ризашылық білдіруге себеп болып табылады. Біздің Серіктестікте бұл мереке қарттардың қажеттіліктері мен олардың қоғамға қосқан үлесі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Ардагерлерді құрметтеу, көңіл бөлу және қамқорлық Серіктестіктен зейнеткерлікке шыққандарға материалдық көмек арқылы көрсетіледі.
Жаңа жыл-бізге ертегілер мен сиқырлар әлемін ашатын ең ғажап мереке. Жаңа жыл қарсаңында ересектер мен балалар Аяз Ата мен Ақшақарды күтеді. Серіктестіктен Жаңа жылдық сыйлықтарды Қыземшек кентінің аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар мен мүгедектер (барлығы 350 адам) алды, оның ішінде: 9 мүгедек бала, 2 жетім бала және табысы төмен отбасылардан шыққан 304 бала, сондай-ақ 35 ересек адам (мүгедектер, қарттар, аз қамтылғандар).
2024 жылға арналған шығындардың жалпы сомасы 10 274 000,00 теңгені құрады.
2025 жылғы әлеуметтік жобаларды Серіктестік 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне Созақ ауданы Қыземшек кентінің аналарына, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегерлеріне қайырымдылық көмек көрсетуден бастады.
9 мамыр Жеңіс күнің мерекелеу құрметіне ЧАЭС, Тәжік-Ауған, Ауған соғысының 4 ардагеріне Жеңіс күніне қайырымдылық көмек көрсетілді.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне Созақ ауданы Қыземшек кентінде мүмкіндігі шектеулі 14 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді.
2018 жылғы 29 желтоқсанда дүниеге келген мүмкіндігі шектеулі бала, церебральды сал ауруы бойынша мүгедек Қарақат Нұрболқызы Магауияға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Түркістан облысы бойынша экология департаментінің (бұдан әрі – Департамент) шақыруы бойынша "ОТХК" БК" ЖШС Республикалық балалар үй тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті өткізген Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған "Таза болса табиғат – аман болар адамзат" суреттер байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсіміне қатысты. Байқау жеңімпаздарының екі баласына Серіктестік Ноутбуктер сыйлады.
Адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы, өзара көмегі, қайырымдылығы-қоғамды бір елге, бір халыққа біріктіретін ең игі істердің бірі.
Мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылардың толыққанды өмірін, денсаулығын нығайту, физиологиялық, эмоционалдық, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, оңалту мақсатында Серіктестік, 1,2 топтағы әрекетке қабілетсіз деп танылған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, психоневрологиялық аурулардан, психикасының бұзылуынан зардап шегетін 160 мүгедек тұрақты тұратын Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 Көксаек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне екі кір жуғыш машинаны сыйға тартты.
«1 қыркүйек – Мектепке барар жол» акциясы аясында толық жетімдерге, жартылай жетімдерге, жалғызбасты аналарға, аз қамтылған отбасы мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Серіктестіктің жоспарланған жобалары - бұл Серіктестіктің зейнеткерлері мен ардагерлеріне 1 қазан-Қарттар күніне арналған әлеуметтік қолдау.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға (асыраушысынан айырылған, аз қамтылған, толық емес, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) жылу жүйесі үшін берешекті өтеу үшін материалдық көмек.
Созақ ауданы Қыземшек кентінің аз қамтылған отбасыларынан шыққан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар, сондай-ақ Созақ ауданы әкімінің және қоғамдық ұйымдарының өтініштері бойынша Қыземшек кентінің тұрғындарына қайырымдылық және демеушілік қолдау көрсетілетін болады.
2025 жылға жоспарланған шығындар сомасы 14 600 000,00 теңге.