«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Е10 көшесі, 17/12 үй, осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415–II Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-52-баптарына сәйкес Компанияның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша (2021 жылғы 1 сәуірдегі № 3/21 отырыс хаттамасы) шақырылған сырттай формада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – «Жиналыс») өткізілетіні туралы өз акционерлеріне хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылға арналған жылдық (жеке және шоғырландырылған) қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- Жаңа редакциядағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ дивидендтік саясатын бекіту туралы.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және 2020 жылдың қорытындылары бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау туралы.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы.
Бюллетеньдерді ұсыну басталатын күн – 2021 жылғы 12 мамыр.
Бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн – 2021 жылғы 19 мамыр, 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2021 жылғы 20 мамыр, 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні мен уақыты – 2021 жылғы 22 сәуір, 00 сағат 00 минут (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Е10 к-сі, 17/12 үй, 18-қабат, 11-кабинет мекенжайында орналасқан, жұмыс күндері 9-00-ден 18-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғимаратында Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күннен кемінде 10 күн бұрын дайын және қолжетімді болады. Компания акционерінің сұрауы бар болса, Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сол акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұраулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Компанияның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.
Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Компанияның Жарғысына сәйкес Компанияның интернет-ресурсында қолжетімді болады.
Компания акционерлерге Жиналысты өткізудің мынадай тәртібімен танысуды ұсынады:
- Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын/заңды тұлғаның атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.
- Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс. Акционер сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы қажет.
- Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюы тиіс.
- Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
- Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленуі тиіс.
- Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алуы немесе Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е10 көшесі, 17/12 үй мекенжайындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне 2021 жылғы 19 мамырда 18 сағат 00 минутқа дейін қолма-қол әкеліп берілуі тиіс.
- Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
- Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
- Егер барлық бюллетеньдер берілген күні не бюллетеньдерді беру мерзімі аяқталған күні оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, жиынтығында Қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелсе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің тізімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жасайды.
- Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
- Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңында және (немесе) Компанияның Жарғысында көзделген тәртіппен Компанияны басқаруға қатысуға құқығы бар.
- Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың депозитарий (Citibank N. A.) арқылы бенефициарлық иеленушілерге қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру ақпаратын және басқа да ақпаратты «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға ұсынған жағдайда, депозиттелген акцияларға қатысты бенефициарлық иеленушілер атынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында дауыс беруге құқығы бар.
Жаңа редакциядағы Дивидендтік саясатты бекіту және 2020 жылға арналған Қазатомөнеркәсіптің дивидендтері жөніндегі ұсынымдар
Жаңа редакциядағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның дивидендтік саясатын бекіту және дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлер 2021 жылғы 19 мамырдағы жиналыста мақұлдауға тиіс. 2020 жылдың қаржылық көрсеткіштері негізінде Директорлар кеңесі 2020 жылғы пайдадан төленетін 578,67 теңге сомасындағы бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) дивиденд мөлшерін ұсынды. Осылайша, дивидендтердің жалпы сомасы шамамен 150,1 миллиард теңгені құрайды. Мақұлданған жағдайда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу 2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2021 жылғы 15 шілдеден жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минут (GMT+6) басталады.
Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылғы біріктірілген жылдық есебі
Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған, Лондон қор биржасының, Astana International Exchange биржасының және Қазақстан қор биржасының листинг қағидаларының талаптарына, сондай-ақ есептілік жөніндегі жаһандық бастаманы (GRI) орнықты дамыту саласындағы есептілік стандартына және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес дайындалған жылдық біріктірілген есебін (бұдан әрі - Есеп) бекітті. Қор биржаларының листингтік қағидаларының талаптарына сәйкес Есептің мәтіндік нұсқасы биржалардың реттеуші жаңалықтар сервистерінде және Компанияның интернет-ресурсында 2021 жылғы 30 сәуірден кешіктірілмей жарияланатын болады. Есептің толық электрондық нұсқасы Компанияның интернет-ресурсында 2021 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей қолжетімді болады.
Қазатомөнеркәсіп Басқармасының құрамы
Директорлар кеңесі 2024 жылғы 24 сәуірге дейін өкілеттік мерзімімен 9 (тоғыз) адамнан тұратын Компания Басқармасының келесі құрамын бекітті:
- Пірматов Ғалымжан Олжаұлы, Басқарма төрағасы,
- қова Камила Бахытжанқызы, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор,
- Батырбаев Асқар Алинұлы, Коммерция жөніндегі бас директор,
- Бос орын, Өндіріс жөніндегі бас директор,
- Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы, ЯОЦ жөніндегі бас директор,
- Дүйсембеков Біржан Жетпісбайұлы, Стратегия және даму жөніндегі бас директор,
- Бекмұратов Бексұлтан Маханбетханұлы, HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор,
- Бос орын, Трансформация жөніндегі бас директор,
- Елемесов Марат Мәлікұлы, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.
Басқарманың бекітілген құрамына Директорлар кеңесі осы шешімді қабылдаған сәтте бос болған Өндіріс жөніндегі бас директор және Трансформация жөніндегі бас директор лауазымдары кіреді.
Жоғарыда аталған Компания Басқармасының құрамы 2021 жылғы 25 сәуірде күшіне енеді. Басқарманың жаңа мүшелерінің толық өмірбаяндары Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында жарияланады www.kazatomprom.kz.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша
Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы
Тел: +7 7172 45 81 63
Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.