| (AIX)    KZT 18485   %   0.98 USD 38.07   %   0

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер және 2018 жыл есебін шығару туралы ұсыныстар

30 сәуiр 2019
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер және 2018 жыл есебін шығару туралы ұсыныстар

 «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания»), заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Қонаев к-сі, 10 үй, атқарушы органның нақты мекенжайы (орналасқан жері): Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Е-10 к-сі, 17/12 үй,  осы арқылы Компания акционерлерін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң) 35-бабының 1-тармағына, 37-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына және 41-бабына сәйкес Компанияның директорлар  кеңесінің бастамасымен шақырылған (отырыстың 2019 жылғы 30  сәуірдегі № 5/19  хаттамасы) Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі - «Жиналыс») өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Жиналыс 2019 жылғы 30 мамырда (GMT+6) жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 00 минутта, мына мекенжайда өтеді: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Е-10 к-сі, 17/12 үй, 3 қабат.

Акционерлерді тіркеу (GMT+6) жергілікті уақыт бойынша Жиналыс өткізілетін жерде   2019 жылғы 30 мамырда 09 сағат 00 минуттан  бастап 10 сағат 30 минутқа дейін жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға құқықтары бар акционерлердің тізілімі жергілікті уақыт бойынша 2019 жылғы 3 мамырда 00 сағат 00 минутта (GMT+6) қалыптастырылады.

Кворум жоқ жағдайда Акционерлердің қайталанған жалпы жиналысы жергілікті уақыт бойынша 2019 жылғы 31 мамырда 11 сағат 00 минутта (GMT+6) бастапқы Жиналыс өтпей қалған жерде, сол күн тәртібімен өткізіледі.

Акционерлерді тіркеу басталатын уақыт - жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 00 минут (GMT+6). Акционерлерді тіркеу аяқталатын уақыт - жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минут (GMT+6).

Өткізілетін Жиналыс туралы хабарлама да «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Компанияның Жарғысына сәйкес Компанияның сайтында және баспасөзде қолжетімді болады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі

  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының Төрағасын және Хатшысын сайлау туралы.

  2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нышанын анықтау туралы.

  3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы есеп комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

  4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

  5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018 жылғы жылдық қаржылық (жеке және шоғырландырылған) есептілігін бекіту туралы.

  6. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін, жай акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабалдауды бекіту және 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 1 (бір) жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.

  7. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштерітуралы ақпарат және оларды 2018 жылы қараудың нәтижелері.

  8. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2018 жылы төленген сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

  9. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.

  10. Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 43-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібіне өз бетінше немесе бірлесіп Компанияның дауыс беруші акцияларының бес және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер немесе Директорлар кеңесі ұсынған толықтырулар осындай толықтырулар туралы Компания акционерлеріне Жиналыс өтетін күннен 15 күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей хабарланған болуы шартымен енгізіле алады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдар акционердің сұрауы бойынша танысу үшін Компанияның нақты орналасқан жері бойынша Жиналыс өтетін күннен 10 күнтізбелік күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей дайын болуы тиіс.

 Жиналыс туралы анағұрлым толығырақ ақпарат алу үшін +7 7172 45 81 63 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Осымен акционерлерге Жиналысты өткізудің келесі тәртібімен танысуды ұсынамыз.

  • Жиналысқа қатысатын акционерлер немесе олардың өкілдері (бірлесіп «акционерлер») Жиналыс басталғанға дейін тіркеуден өтулері тиіс болады. Акционерлер жеке бастарын куәландыратын құжатты көрсетулері тиіс. Акционерлердің өкілдері олардың Жиналысқа қатысу және дауыс беру өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүдделерін сенімхатсыз білдіруді растайтын құжатұсынулары қажет.
  • Citibank N.A. арқылы «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ-на Citibank N.A. арқылы Депозитарий ретінде осындайбенефициарлық иелік етушілерге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен талап етілетін сәйкестендіру және өзге ақпаратты ұсынған жағдайда, Компанияның акцияларын білдіретін Жаһандық депозитарлық қолхаттардың (ЖДҚ) ұстаушылары Жиналыста дауыс беру және бенефициарлық иелік етушілер атынан Citibank N.A. арқылы Депозитарий ретінде өткізілетін депозиттелген акцияларға қатысты дауыс беру құқығына ие.
  • Тіркеуден өтпеген акционер кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
  • Жиналыс кворум бар болған жағдайда, мәлімделген уақытта ашылады.
  • Жиналыста Жиналыстың Төрағасы мен Хатшысын сайлау өткізіледі және дауыс беру нышаны – ашық немесе жабық (бюллетеньдер бойынша) анықталатын болады.
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру, Директорлар кеңесініңмүшелерін сайлау кезіндегі кумулятивті дауыс беруді және Жиналысты өткізудің процедуралық сұрақтары бойынша Жиналыста дауыс беру құқығына ие әрбір тұлғаға бір-бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
  • Төрағаның күн тәртібін талқылауға қатысу құқығы бар тұлғалардың сөз сөйлеуіне кедергі келтіруге құқығы жоқ, мұндай сөз сөйлеулер Жиналыстың регламентін бұзуға әкелетін немесе бұл сұрақ бойынша жарыссөздер тоқтатылған жағдайларды қоспағанда.
  • Жиналыс тек күн тәртібінің барлық сұрақтары қаралғаннан кейін және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жарияланатын болады.
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес, Жиналыстың хаттамасы Жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құрастырылады.

Қазатомөнеркәсіптің 2018 жыл ішіндегі дивидендтері бойынша ұсыныстар

2018 жыл ішіндегі қаржылық көрсеткіштердің негізінде Директорлар кеңесі дивиденд мөлшерін бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 2018 жыл ішіндегі пайдадан төленетін 308.46  теңге ұсынды. Сонымен, дивидендтер сомасы шамамен 80 млрд.  теңге құрайды.  Дивидендтер төлеу туралы шешім 2019 жылғы 30 мамырдағы Жиналыста акционерлердің мақұлдауына жатады. Мақұлданған жағдайда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің тізіліміне жергілікті уақыт бойынша 2019 жылғы 17 маусымда 00 сағат 00 минуттағы (GMT+6) жағдай бойынша тіркелген акционерлерге 2019 жылғы 18 маусымнан басталады.

Қазатомөнеркәсіптің 2018 жыл ішіндегі кіріктірілген жылдық есебі

Директорлер кеңесі Қазатомөнеркәсіптің 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін GRI стандарттарына және Лондон қор биржасының және «Астана» халықаралық биржасының листингтік қағидаларына сәйкес дайындалған кіріктірілген жылдық есебін бекітті. Есептің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы Лондон қор биржасының реттеуші жаңалықтар сервисінде мәтіндік форматта ұсынылған, сонымен қатар Компанияның www.kazatomprom.kz веб-сайтында «Инвесторлар» бөлімінде қолжетімді.

Есептің толық интерактивті нұсқасы 2019 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей қолжетімді болады.

Толық ақпарат алу үшін байланысу:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Майра Тынымбергенова, корпоративтік хатшы
Тел: +7 7172 45 81 63
Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы
Тел: +7 7172 45 81 69
Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша 

Торғын Мукаева
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады.

 Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің дүниежүзілік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан.   Топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар. Топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ спот нарығында тікелей бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған  Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат алу үшін біздің жаңартылған сайтымызға кіріңіз http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа мәлімдемелердің барлығы келешекке қатысты мәлімдемелер болып табылады. Келешекке қатысты мәлімдемелер Компанияның оның қаржылық ахуалына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешек нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге, басқалардың ішінде, «мақсат», «есептейміз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «алдын ала болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «ие болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағыналы терминдер немесе олардың болымсыз формалары кіруі мүмкін.

Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компаниядан тәуелсіз, Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктерінің келешекке қатысты осындай мәлімдемелермен білдірілген немесе тұспалданған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден елеулі түрде айрықшалануына әкелуі мүмкін басқа маңызды факторлар кіреді. Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және келешектегі бизнес-стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және ол келешекте жұмыс істейтін шарттарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ КЕЛЕШЕК ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА  СЕНІМДІЛІКПЕН АЛДЫН АЛА БОЛЖАНА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ТЫСҚАРЫДА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАН ЕШКІМ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта берілген ақпарат,  басқалардың ішінде, келешекке қатысты мәлімдемені қоса, осы құжат күніне ғана қолданылады және келешек нәтижелер үшін қандай да бір кепілдіктер ұсынуға арналмаған. Компания осындай ақпараттың, қаржылық деректерді немесе болжамдық мәлімдемелерді қоса, жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден анық бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер нәтижесінде, келешекке қатысты осындай мәлімделерге негіз болған оқиғалардағы, ахуалдардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа оқиғалар мен  жағдайларда туындайтын, ол ақпаратқа енгізуі мүмкін  қандай да бір өзгерістерді жария шығармайтын болады.

Пікір қалдыру