| (AIX)    KZT 31995   %   -1.86 USD 78   %   4

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

21 тамыз
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Қоғам»), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң) 35-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес сырттай нысанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – «Жиналыс») өткізу туралы өз акционерлеріне хабарлайды.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні мен уақыты – 2026 жылғы 11 қыркүйек сағат 00:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2026 жылғы 22 қыркүйек.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2026 жылғы 6 қазан 18:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2026 жылғы 7 қазан 18:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).

Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қоғам Жарғысына сәйкес Компанияның сайтында қолжетімді болады.

Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның жасалуына мүдделілігі бар, өзара байланысты мәмілелер жиынтығында ірі мәміле болып табылатын мәмілені — State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited компаниясымен табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату Спот шартын жасасу туралы.

  2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жасалуына мүдделілігі бар ірі мәмілені – «Ураниум Уан Груп» АҚ компаниясымен U3O8 нысанындағы табиғи уранды жеткізуге арналған келісімшартты жасасу туралы.

  3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

Күн тәртібіндегі № 1 және 2 мәселелер бойынша Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылады (2026 жылғы 20 тамыздағы № 11/26 хаттама). Күн тәртібіндегі № 3 мәселе бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қоғамның 163 377 456 дана жай акциясына иелік ететін Қоғамның ірі акционері – «Самрук-Қазына» АҚ-ның бастамасымен шақырылады («Самрук-Қазына» АҚ Басқармасының 2026 жылғы 18 тамыздағы №45/26 шешімі).

Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның жасалуына мүдделілігі бар, өзара байланысты мәмілелер жиынтығында ірі мәміле болып табылатын мәмілені — State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited компаниясымен табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату Спот шартын жасасу туралы

"Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ мен State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited компаниясы (бұдан әрі – «SNURDC») арасында Алашанькоу (ҚХР) теміржол станциясына физикалық жеткізу арқылы SNURDC компаниясының атына U3O8 нысанындағы табиғи уран концентраттарын сату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

SNURDC уран кенін зерттеуге, игеруге және барлауға инвестициялау мүмкіндігімен State Power Investment Corporation Limited (бұдан әрі – «SPIC») үшін уран және жылу бөлгіш құрамалар жеткізуге жауапты SPIC-тің еншілес компаниясы болып табылады. 2017 жылдың желтоқсанында SNURDC табиғи уран концентраттарын импорттауға мемлекеттік лицензия алды. Өз кезегінде, ҚХР Мемлекеттік Кеңесі SPIC компаниясына  үшінші буын атом электр станцияларын салу технологиялар трансфертіне келісімшарттар жасасуға, соның ішінде тиісті инженерлік жобалауды орындауға және оларды басқаруға   уәкілеттік берді. SPIC Westinghouse жобаларында AP1000 технологиясын енгізу бойынша негізгі платформасы болып табылады.

Коммерциялық ұсынысты SNURDC компаниясы оның қолданылу мерзімі ішінде қабылдады, бұдан кейін тараптар табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату спот шартының жобасын бірлесіп келіскен. Қоғамның ішкі қағидаларына сәйкес тиісті ақпараттың құпиялылығына және коммерциялық құпияның болуына байланысты жасалатын мәміленің баға белгілеу, жеткізу көлемі мен мерзімдеріне қатысты егжей-тегжейі жария етуге жатпайды. SNURDC компаниясы да мәміле шарттары туралы ақпараттың құпиялығын сақтауды талап етуде. Мәміле параметрлері нарықтық жағдайларға және нарықтың ағымдағы үрдістеріне сәйкес келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жасалуына мүдделілігі бар ірі мәмілені – «Ураниум Уан Груп» АҚ компаниясымен U3O8 нысанындағы табиғи уранды жеткізуге арналған келісімшартты жасасу туралы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Ураниум Уан Груп» АҚ компаниясы (бұдан әрі – «Ураниум Уан») арасында Қазатомөнеркәсіптің Ураниум Уан  компаниясына U3O8 нысанындағы табиғи уран концентраттарын «Сібір химиялық комбинаты» АҚ-ға (Ресей Федерациясы) физикалық жеткізу арқылы сатуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ураниум Уан  халықаралық активтерді басқару дивизионының құрамында «Росатом» МК басқару контурына кіретін халықаралық компаниялар тобы болып табылады (оның құрамына «Техснабэкспорт» АҚ/TENEX кіреді). Компания «Росатом» МК-ның шетелдік уран өндіру активтерін басқару жөніндегі негізгі оператор болып табылады және шетелдегі минералдық-шикізат базасын стратегиялық дамытуға жауап береді. Ураниум Уан әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің қатарына кіреді және өндіру көлемі бойынша жаһандық рейтингте тұрақты түрде жетекші орындарға ие. Ураниум Уан  сондай-ақ Қоғамның бірлескен кәсіпорындарының («ОТХК» БК» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «Қаратау» ЖШС) қатысушыларының/акционерлерінің бірі болып табылады.

Коммерциялық ұсынысты Ураниум Уан  компаниясы оның қолданылу мерзімі ішінде қабылдады, содан кейін тараптар U3O8 нысанындағы табиғи уранды жеткізуге арналған келісімшарттың жобасын бірлесіп келісті. Қоғамның ішкі қағидаларына сәйкес ақпараттың құпиялылығына және коммерциялық құпияның болуына байланысты жасалатын мәміленің баға белгілеуге, жеткізу көлемдері мен мерзімдеріне қатысты егжей-тегжейлері жария етуге жатпайды. Ураниум Уан  компаниясы да мәміле талаптары туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды талап етеді. Мәміленің параметрлері нарықтық жағдайларға және нарықтың ағымдағы үрдістеріне сәйкес келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның (бұдан әрі – «Қор») мүдделерін білдіретін, Директорлар кеңесінің мүшесі Отыншиев Елжас Мұратұлының «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қажеттілігі туындады. Компанияның ірі акционері — «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасы бойынша Жиналыстың қарауына Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі Отыншиев мырзаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі шығарылады. Оның орнына Директорлар кеңесінің құрамына Компанияның Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңге Қор мүдделерін білдіретін өкіл ретінде Қайргелді Жандос Абайұлы мырзаның кандидатурасы ұсынылады. Қайргелді мырза қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры лауазымын атқарады

"Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар компанияның орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей акционерлердің танысуы үшін дайын және қолжетімді болуға тиіс.

Акционердің сұрау салуы бойынша жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады. Құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығындарын акционер көтереді. Компания акционерлерінен сауалдар компанияның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Сырттай дауыс беруді жүргізу тәртібі

  • Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер заңды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын/атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.
  • Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер – жеке тұлға (акционер – жеке тұлғаның өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып қол қоюға тиіс. Акционер сонымен қатар оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
  • Егер акционерлердің-заңды тұлғалардың атынан акционерлердің жалпы жиналысына олардың жеке-дара атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар сайланғаны немесе лауазымға тағайындалғаны туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ оларлың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
  • Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
  • Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының, немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған Бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
  • Бюллетеньде дауыс берудің ықтимал нұсқаларының біреуі ғана белгіленуі керек.
  • Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень 2026 жылғы 6 қазан сағат 18:00-ге (Астана қ. уақыты бойынша) дейін пошта арқылы жіберілуі немесе қолма-қол Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, мекенжайы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне берілуі тиіс.
  • Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционердің өкілі қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге сенімхаттың немесе акционер өкілінің өкілеттігін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс.
  • Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде айқындалған дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің ықтимал нұсқаларының біреуі ғана белгіленген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
  •  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы, егер барлық бюллетеньдер  берілген күні не бюллетеньдер беру мерзімі аяқталған күні Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және жиынтығында Қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы дауыс беруге құқығы бар акционерлер тізіміне енгізілген акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелген болса, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға құқылы.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің тізімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жасайды.
  • Егер Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар    акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін, осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі Қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығаруды жүргізген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) Қоғамның Жарғысында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға құқығы бар.
  • Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар депозитарлық банктің (Citibank N.A.) қызметтерін депозитарий ретінде пайдалана отырып, Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында өз дауыс беру құқығын іске асыра алады. Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында депозитарлық банк (Citibank N. A.) арқылы бенефициарлық иелеріне қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру және басқа ақпаратты «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға ұсынған жағдайда депозитке салынған акцияларға қатысты бенефициарлық иелердің атынан дауыс беруге құқылы.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналасы мәселелері бойынша

Майра Тнымбергенова, корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 82 84

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл  бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары  бойынша

Данияр Оралов, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Осы хабарламаның көшірмесі  www.kazatomprom.kz. сайтында қол жетімді

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2025 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы болып табылады. Топтың негізгі клиенттері – Атом генераторларының операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, спот нарығында тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Неғұрлым толық  ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz сайтына кіріңіз

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санау», «күту», «ниет ету», «мүмкін», «болжау», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады» сияқты сөздер қолданылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты өтініштер осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компания күтулеріндегі өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде жарияламайды Болашаққа немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелер.

Пікір қалдыру