| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

17 қазан 2019
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы («Қоғам» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е-10 көшесі, 17/12 үй, нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е-10 көшесі, 17/12 үй, осы арқылы өз акционерлеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай нысанда мынадай күн тәртібімен өткізілетіндігі туралы хабарлайды:

  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға бастамашылық етуші «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (2019 жылғы «16» қазандағы № 10/19 хаттама).

Бюллетеньдерді беру басталатын күн 2019 жылғы «25» қараша.

Бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн 2019 жылғы «3» желтоқсан, 18 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Сырттай дауыс беру нәтижелері есептелетін күн 2019 жылғы «4» желтоқсан, 18 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі құрылатын күн және уақыт – 2019 жылғы «18» қазан, 00 сағат 00 минут (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетін күннен 10 күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е-10 көшесі, 17/12 үй, 18-қабат, 11-кабинет мекенжайында орналасқан ғимаратында, жұмыс күндері сағат 9-00-дан бастап 18-30-ға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) дайын әрі қолжетімді болады. Қоғам акционерінің сауал салуы болған жағдайда, Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер  бойынша материалдар осындай акционерге сауал салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін жасау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұрау салулары Қоғамның нақты мекенжайы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылданады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы «13» мамырдағы № 415-ІІ Заңының 35-41, 43-47, 49-52 баптарына сәйкес жүргізіледі.

Өткізілетін Жиналыс туралы хабарлама мен сырттай дауыс беру үшін бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қоғамның Жарғысына сәйкес Қоғамның сайтында және баспасөзде қолжетімді болады.

Дауыс беру тәртібі:

Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын/заңды тұлға атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға – акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәліктің/төлқұжаттың нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСК))  көрсете отырып, қол қоюы тиіс. Акционер сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.

Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысының (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қойюы тиіс.

Жеке тұлға – акционердің немесе заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің немесе  заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.

Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының тек біреуі ғана белгіленуі тиіс.

Дауыс беруге арналған бюллетеньді 2019 жылғы «3» желтоқсан, 18 сағат 30 минутқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алуы немесе ол Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е-10 көшесі, 17/12 үй мекенжайы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне қолма-қол берілуі тиіс.

Дауыс беруге арналған бюллетеньге акционердің өкілі қол қойған жағдайда, сенімхаттың немесе акционер өкілінің уәкілеттіктерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі дауыс беретін бюллетеньге қоса беріледі.

Дауыстарды есептеген кезде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде анықталған дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.

Егер барлық бюллетеньдер берілген күнге немесе бюллетеньдерді беру мерзімі аяқталған күнге оған қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционердердің тізіміне енгізілген, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелсе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционерлердің тізімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ құрады.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционерлердің тізімі құрылғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, онда бұл жағдайда акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге көшеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын  құжаттар ұсынылуы тиіс.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы «13» мамырдағы № 415-ІІ Заңымен қарастырылған тәртіпте Қоғамды басқаруға қатысуға құқығы бар.

Қолданылатын қазақстандық заңнамаға сай талап етілетін бенефициарлық иеленушілерге қатысты сәйкестендіру ақпаратын және басқа ақпаратты Депозитарий (Citibank N.A.) арқылы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на берген жағдайда, Жаһандық Депозитарлық Қолхаттарды ұстаушылардың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында бенефициарлық иеленушілер атынан депозиттелген акцияларға қатысты дауыс беруге құқығы бар.

Толық ақпарат алу үшін байланысу:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Майра Тнырбергенова, корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады.

 Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің дүниежүзілік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан.   Топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар. Топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ спот нарығында тікелей бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған  Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат алу үшін біздің жаңартылған сайтымызға кіріңіз http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа мәлімдемелердің барлығы келешекке қатысты мәлімдемелер болып табылады. Келешекке қатысты мәлімдемелер Компанияның оның қаржылық ахуалына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешек нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге, басқалардың ішінде, «мақсат», «есептейміз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «алдын ала болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «ие болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағыналы терминдер немесе олардың болымсыз формалары кіруі мүмкін.

Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компаниядан тәуелсіз, Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктерінің келешекке қатысты осындай мәлімдемелермен білдірілген немесе тұспалданған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден елеулі түрде айрықшалануына әкелуі мүмкін басқа маңызды факторлар кіреді. Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және келешектегі бизнес-стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және ол келешекте жұмыс істейтін шарттарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ КЕЛЕШЕК ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА  СЕНІМДІЛІКПЕН АЛДЫН АЛА БОЛЖАНА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ТЫСҚАРЫДА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАН ЕШКІМ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта берілген ақпарат,  басқалардың ішінде, келешекке қатысты мәлімдемені қоса, осы құжат күніне ғана қолданылады және келешек нәтижелер үшін қандай да бір кепілдіктер ұсынуға арналмаған. Компания осындай ақпараттың, қаржылық деректерді немесе болжамдық мәлімдемелерді қоса, жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден анық бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер нәтижесінде, келешекке қатысты осындай мәлімделерге негіз болған оқиғалардағы, ахуалдардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа оқиғалар мен  жағдайларда туындайтын, ол ақпаратқа енгізуі мүмкін  қандай да бір өзгерістерді жария шығармайтын болады.

Пікір қалдыру