| (AIX)    USD 41.02   %   1.23 KZT 18620   %   -0.13

Акционерлердің жалпы жиналыс күн тәртібіне қосымша сұрақ енгізілетіні жайлы

15 мамыр 2019
Акционерлердің жалпы жиналыс күн тәртібіне қосымша сұрақ енгізілетіні жайлы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (Қоғам) осы арқылы өз акционерлеріне 2019 жылғы 30 мамыр күні сағат 11:00-ге (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Е-10 көшесі, 17/12 үй, 3-қабат мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселені енгізгені туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 43-бабының 4-тармағына және Қоғам жарғысының 68-тармағына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғамның дауыс беретін акцияларының 5% - дан (бес пайыздан) астамын дербес иеленетін акционер ретінде, күн тәртібіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру туралы» қосымша мәселені енгізеді.

Өткізілетін Жиналыс туралы хабарлама және жиналыстың толықтырулар есебімен күн тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Компанияның Жарғысына сәйкес Компанияның сайтында және баспасөзде қолжетімді болады.

Толық ақпарат алу үшін байланысу:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Майра Тынымбергенова, корпоративтік хатшы
Тел: +7 7172 45 81 63
Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69
Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша 

Торғын Мукаева
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады.

 Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің дүниежүзілік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан.   Топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар. Топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ спот нарығында тікелей бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған  Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат алу үшін біздің жаңартылған сайтымызға кіріңіз www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа мәлімдемелердің барлығы келешекке қатысты мәлімдемелер болып табылады. Келешекке қатысты мәлімдемелер Компанияның оның қаржылық ахуалына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешек нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге, басқалардың ішінде, «мақсат», «есептейміз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «алдын ала болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «ие болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағыналы терминдер немесе олардың болымсыз формалары кіруі мүмкін.

Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компаниядан тәуелсіз, Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктерінің келешекке қатысты осындай мәлімдемелермен білдірілген немесе тұспалданған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден елеулі түрде айрықшалануына әкелуі мүмкін басқа маңызды факторлар кіреді. Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және келешектегі бизнес-стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және ол келешекте жұмыс істейтін шарттарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ КЕЛЕШЕК ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА  СЕНІМДІЛІКПЕН АЛДЫН АЛА БОЛЖАНА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ТЫСҚАРЫДА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАН ЕШКІМ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта берілген ақпарат,  басқалардың ішінде, келешекке қатысты мәлімдемені қоса, осы құжат күніне ғана қолданылады және келешек нәтижелер үшін қандай да бір кепілдіктер ұсынуға арналмаған. Компания осындай ақпараттың, қаржылық деректерді немесе болжамдық мәлімдемелерді қоса, жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден анық бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер нәтижесінде, келешекке қатысты осындай мәлімделерге негіз болған оқиғалардағы, ахуалдардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа оқиғалар мен  жағдайларда туындайтын, ол ақпаратқа енгізуі мүмкін  қандай да бір өзгерістерді жария шығармайтын болады.

Пікір қалдыру