| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

10 қараша 2021
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылғы 09 қарашада жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 00 минутта (GMT+6) жүргізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АКТЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір түйінді мәселе бойынша сырттай дауыс беру нәтижелерін жариялады.

АКТЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 болды. 2021 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлер иеленген номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны 225 020 322 дана болды. АКТЖЖ - ға акционерлер мен олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді, олар жиынтығында 223 453 846 жай акцияны иеленді, бұл компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,30%-ына тең.

АКТЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша акционерлердің дауыс беруі өткізіліп, шешімдер қабылданды.

Шешім

Келісті

%

Қарсы

%

Қалыс қалды

%

1. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

 

223 453 846

 

100,00%

 

0

 

   0,00%

 

0

 

0,00%

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

АКТЖЖ шешімімен Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып сайланды.

2021 жылғы 03 қыркүйекте Шәріпов мырза Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің шешімімен Компанияның Басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын. Оның мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 33 жылдан астам тәжірибесі бар. 2015 жылғы сәуірден бастап 2021 жылғы 03 қыркүйекке дейін Қазатомөнеркәсіптің ядролық отын циклы бойынша атқарушы директоры және ядролық отын циклы бойынша бас директоры қызметтерін атқарды.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Майра Тынымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат алу үшін біздің сайтымызға кіріңіз http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру