| (AIX)    KZT 18000   %   -0.55 USD 39.65   %   -0.23

«Қазатомөнеркәсіптің» 10 еншілес кәсіпорын кеңсесі Алматыдан уран өндірілетін аймақтарға қоныс аударды

13 қараша 2015
«Қазатомөнеркәсіптің» 10 еншілес кәсіпорын кеңсесі   Алматыдан уран өндірілетін аймақтарға қоныс аударды

13 қараша 2015 ж.     
Қызылорда облысы  

БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ
«Қазатомөнеркәсіптің» 10 еншілес кәсіпорын кеңсесі  
Алматыдан уран өндірілетін аймақтарға қоныс аударды 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 10 еншілес және тәуелді кісіпорыны өз әкімшілік кеңселерін Алматыдан уран өндірісі жүргізілетін – Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшіру шарасын аяқтады.
Қызылорда облысына іссапармен барған атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев кеңселердің өндіріс ошақтары орналасқан аймақтарға көшірілуі Елбасының тапсырмасымен,  өндірістік процесстерді бақылауды күшейту, кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және аймақтарды дамытуды көздейтін трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда, деп атап өтті.  
Шымкентке 6 кәсіпорынның орталық аппараты қоныстанса, Қызылорда қаласына 4 кеңсе тұрақтады. Кәсіпорындар басшылығымен ұжымдардың оңтүстік аймақтарға сәтті көшірілуіне барлық жағдай жасалды. Соның арқасында кәсіпорындар жоғары білікті мамандарын сақтап қалды.     
Асқар Жұмағалиев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу барысында кеңселерді көшіруді ұйымдастыруға атсалысқаны үшін аймақ басшысына алғыс айтты. 
Кәсіпорындар бас кеңселерінің Шымкент және Қызылордаға көшірілуі, аталған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлесін қосады, нақты айтқанда – жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылып, жергілікті бюджетке кіріс артады.  Сондай-ақ, аталған шаралар еншілес кәсіпорындардың әкімшілік шығындарын қысқарту арқасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметін оңтайландырып, тиімділігін арттыруға да септігін тигізеді. 

Пікір қалдыру