| (AIX)    USD 40.6   %0      KZT 18100   %0     

18 қазан күні ШҚО-дағы Үлбі демалыс базасын сату аукционы өткізіледі

17 қазан 2016
18 қазан күні ШҚО-дағы Үлбі демалыс базасын сату аукционы өткізіледі

Ертең, 18 қазан күні «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургия зауыты» АҚ иелігіндегі «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-нің 100% қатысу үлесі сатуға шығарылады.

Минималды құн белгілемей, бағаны төмендету жолымен өткізілетін электронды аукцион Мемлекеттік мүлік реестрінің www.gosreestr.kz веб-порталында, Астана уақыты бойынша сағат 12:00 басталады.

Сауда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген активтерді сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелеріне және мемлекеттік мүлік веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды саудалар өткізу Реттемесіне сәйкес жүргізіледі.

2004 жылы құрылған «Үлбі демалыс базасы» ЖШС қарамағына Өскемен қаласынан 75 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысындағы «Төрт-қара» көлінің жағалауында орналасқан «Сибины» демалыс базасы жатады. Кәсіпорын демалыс ұйымдастыру, мәдени-сауықтыру шараларын өткізумен шұғылданады. 6,5 гектар жерді алып жатқан демалыс базасындағы ғимараттар мен құрылымдардың жалпы аумағы 3 366 шаршы метр құрайды. Оның ішіне 3, 5, 6 және 7-орынды демалыс үйлері және басқа да шаруашылық ғимараттар кіреді. 

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату бейінді емес активтерден арылу арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономикалық қосымша құнын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, компания өз қызметін тек атом энергетикасы саласына бағыттамақ ниетте.

Пікір қалдыру