| (AIX)    USD 40.2   %   -1.69 KZT 21045   %   -1.34

«BMO Global Metals and Mining Conference» 28-шы конференциясы

25 ақпан 2019
«BMO Global Metals and Mining Conference» 28-шы конференциясы

 

 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (әрі қарай - Компания) Басқарма Төрағасы Ғалымжан Пірматов Cameco корпорациясының Президенті әрі СЕО Тим Гитцелмен бірге 2019 жылғы 24-27 ақпанда өтетін ВМО инвестициялық банкі тау-кен металлургия секторының 28-шы халықаралық конференциясындағы уран саласына арналған панельдік пікірталасқа қатысады.

Пікірталас 26 ақпан, сейсенбі күні Астана уақытымен 18:00/EST таңғы 7:00-де www.kazatomprom.kz сайтында көрсетіледі.

Тікелей көрсетілім сілтемесі шара өтетін күні www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Аудиофайл көшірмесі конференциядан кейін Компания сайтына орналастырылады.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2017 жылы жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 20%-ын құраған табиғи уран өндірген әлемдегі аса ірі уран өндіруші. Топ саладағы уран қорларының  аса ірі резервтік базасына ие. 

Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 13 уран өндіруші кәсіпорындарға біріктірілген жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен 26 кен орнында өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның құнды қағаздары Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сонымен қатар споттық нарықта өзінің штаб-пәтерінен тікелей немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы THK арқылы сатады.

 

Толығырақ ақпарат http://www.kazatomprom.kz сайтында.

 

Инвесторлармен қарым-қатынасқа байланысты сұрақтар бойынша

Cory Kos, Инвесторлармен жұмыс істеу басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69
Email: ir@kazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланысқа және БАҚ сұранымдарына қатысты сұрақтар бойынша

Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Пікір қалдыру