«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Компания» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Е 10 к-сі, 17/12 үй, осы арқылы өз акционерлерін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір сұрақтары туралы» мәселе бойынша сырттай нысанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АКЖЖ» немесе «Жиналыс») өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы төлеу және шығындарды өтеу мөлшері мен шарттарын қайта қарауды көздейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға бастамашылық етуші ірі акционер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның талабы бойынша (2020 жылғы 19 мамырдағы шығ. № 128қбпү) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (2020 жылғы 3 маусымдағы № 8/20 хаттама).
Бюллетендерьді беру басталатын күн - 2020 жылғы 20 шілде.
Бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн 2020 жылғы 27 шілде, 18 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күн 2020 жылғы 28 шілде, 18 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Компания акционелерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқықтары бар акционерлердің тізімін құру күні мен уақыты 2020 жылғы 1 шілдеде 00 сағат 00 минутта (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Акционерлер Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетін күннен 10 күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 10 көшесі, 17/12 үй, 18-қабат, 11-кабинет мекенжайында орналасқан ғимаратында, жұмыс күндері сағат 9-00-дан бастап 18-30-ға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) таныса алады. Компания акционерінің сауал салуы болған жағдайда, Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар осы акционерге сауал салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін жасау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұрау салулары Компанияның нақты мекенжайы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылданады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы «13» мамырдағы № 415-ІІ Заңының 35-41, 43-47, 49-52 баптарына сәйкес жүргізіледі.
Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қоғамның Жарғысына сәйкес баспасөзде және Қоғамның интернет-ресурсында жарияланады.
Дауыс беруді өткізу тәртібі:
Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын/заңды тұлға атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәліктің/төлқұжаттың номері, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру номері (ЖСК)) көрсете отырып, қол қоюы тиіс. Акционер сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысының (заңды тұлға – акционер өкілінің) қолы қойылуға тиіс.Жеке тұлға – акционердің немесе заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің немесе заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень, жарамсыз деп есептеледі.
Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының тек біреуі ғана белгіленуі тиіс.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді 2020 жылғы 27 шілдеде, 18 сағат 30 минутқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алуы немесе ол Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 10 көшесі, 17/12 үй мекенжайы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне қолма-қол берілуі тиіс.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционердің өкілі қол қойған жағдайда, сенімхаттың немесе акционер өкілінің уәкілеттіктерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі дауыс беретін бюллетеньге қоса беріледі.
Дауыстарды есептеген кезде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде анықталған дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.
Егер барлық бюллетеньдер берілген күнге немесе бюллетеньдерді беру мерзімі аяқталған күнге оған қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционердердің тізіміне енгізілген, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелсе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционерлердің тізімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ құрады.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционерлердің тізімі құрылғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, онда бұл жағдайда акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге көшеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Заңымен және (немесе) Компанияның Жарғысымен қарастырылған тәртіпте Қоғамды басқаруға қатысуға құқығы бар.
Қолданылатын қазақстандық заңнамаға сай талап етілетін бенефициарлық иеленушілерге қатысты сәйкестендіру ақпаратын және басқа ақпаратты Депозитарий (Citibank N.A.) арқылы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на берген жағдайда, Жаһандық Депозитарлық Қолхаттарды ұстаушылардың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында бенефициарлық иеленушілер атынан депозиттелген акцияларға қатысты дауыс беруге құқығы бар.
Анағұрлым толық ақпарат алу үшін байланысу:
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:
Майра Тынымбергенова, корпоративтік хатшы
Тел: +7 7172 45 81 63
Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR және PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары сұрақтары бойынша
Торғын Мұқаева, IR және PR департаменті директорының орынбасары
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп Компанияның қатысу үлестеріне пропорционал түрде 2019 жылғы жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 24 пайызына жуығы мөлшерінде әлемдегі аса ірі табиғи уран қазумен уран өндіруші болып табылады. Топтың саладағы аса ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орындарда қазуды жүргізеді. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, ұңғымаларды жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы бола отырып, және топтың негізгі клиенттері - атомдық генерирлеуші қуаттылықтардың операторлары, ал Топтың өнімдері үшін негізгі экспорттық нарықтар Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка мен Еуропа болып табылады. Топ уранды және уран өнімдерін ұзақмерзімді және қысқамерзімді келісімшарттар бойынша, споттық нарықта Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласындағы өз корпоративтік орталығынан тікелей, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, Trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.
Анағұрлым толық ақпарат алу үшін біздің https://www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа мәлімдемелердің барлығы келешекке қатысты мәлімдемелер болып табылады. Келешекке қатысты мәлімдемелер Компанияның оның қаржылық ахуалына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешек нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге, басқалардың ішінде, «мақсат», «есептейміз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «алдын ала болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «ие болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағыналы терминдер немесе олардың болымсыз формалары кіруі мүмкін.
Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компаниядан тәуелсіз, Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктерінің келешекке қатысты осындай мәлімдемелермен білдірілген немесе тұспалданған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден елеулі түрде айрықшалануына әкелуі мүмкін басқа маңызды факторлар кіреді. Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және келешектегі бизнес-стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және ол келешекте жұмыс істейтін шарттарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ КЕЛЕШЕК ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА СЕНІМДІЛІКПЕН АЛДЫН АЛА БОЛЖАНА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ТЫСҚАРЫДА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАН ЕШКІМ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта берілген ақпарат, басқалардың ішінде, келешекке қатысты мәлімдемені қоса, осы құжат күніне ғана қолданылады және келешек нәтижелер үшін қандай да бір кепілдіктер ұсынуға арналмаған. Компания осындай ақпараттың, қаржылық деректерді немесе болжамдық мәлімдемелерді қоса, жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден анық бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер нәтижесінде, келешекке қатысты осындай мәлімделерге негіз болған оқиғалардағы, ахуалдардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа оқиғалар мен жағдайларда туындайтын, ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария шығармайтын болады.